Басты бет » Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Нұржанат «Алтын микрофонды» жеңіп алды

Ақтөбеде халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы қоғамдық қоры мен «Жас ұрпақ» орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алтын микрофон» атты І республикалық таланттар байқауы өтті. Байқауға Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан және біздің Ақтөбе өңірінен келген 30-ға жуық өнерпаз қатысты. Өнерпаздардың дені ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай туған жер, Қазақстан, Отан туралы патриоттық әндер орындады. «Алтын микрофонның» ...

Жалғасы »

Бодандық пен бостандық

2016 жыл ерекше жыл болды: ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. 1991-дің 16 желтоқсанында қазақ жұрты үшін азаттық таңы атты. Төрт тараптан да жау анталаған, ер-азамат қан майданда қыршын кетіп, кең жайлау жетім-жесірдің ащы зарына толған әрідегі ғасырлар мен қазақты бар игі жақсысынан, тілінен, дінінен айырған кешегі кеңестік заман артта қалып, жаңа дәуір басталды. Бодандық қамытынан құтылған тұста экономикамыз әлсіз, ...

Жалғасы »

Әлем әртісінің концерті өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазақстан халық әртісі, профессор, скрипкашы Айман Мұсаходжаева өнер көрсетті. Концертке облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Әйгілі скрипкашының өнерін тамашалауға филармонияға халық көп жиналды. Жиында Айман Мұсаходжаева жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. ­- Мемлкеттік камералық оркестр 25 жыл бұрын құрылды. Елбасымыз 1991 жылы аспаптар сатып алуға жағдай жасап, қолдау көрсетті. Осылайша оркестр жұмысы ...

Жалғасы »

Мөңке би ауылы бас жүлдеге ие болды

Конкурс Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аумағында «Үздік абаттандырылған аудан орталығы (аудандық маңыздағы қала)» және «Үздік абаттандырылған ауыл» атты облыстық конкурс ұйымдастырған еді. Комиссия мүшелері осы мәселе бойынша тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, жүлдегерлерді анықтады. «Үздік абаттандырылған аудан орталығы (аудандық маңыздағы қала)» номинациясында екінші орын Қобда, үшінші орын Алға және Ойыл аудандарының орталықтарына берілді. Ал «Үздік ...

Жалғасы »

«Тәуелсіздік жемісі — біздің оқу ордамыз»

 М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және осы оқу орнының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жемісі — біздің оқу ордамыз» атты мерекелік кеш өтті. Әнұран шырқалған соң, аталған институт бастығы, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Сәлімгерей Каракүшов оқу орны тарихына шолу жасап, оқу ордасының негізін қалауға атсалысқан, кезінде бірінші басшысы болған Кеңес Бейсебаевқа, профессорлық-оқытушылар құрамына және әрдайым қолдау ...

Жалғасы »

Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Облыстық кәсіподақтар орталығы мәжіліс залында өткен салтанатты жиында ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Кеңес Абдуллин, Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинаты кәсіподағы төрайымы Раушан Бекмұханова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 25 жыл» мерейтойлық медальдарын омырауларына тақты. Марапатты облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Түрікпенбай Айжарықов тапсырды. Осындай салтанатты жиын салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалында да ...

Жалғасы »

Қор тарапынан тарту

Мейірім  Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі құрметіне «Нұрдәулет мешіті» қайырымдылық қоры аймақтағы бірқатар әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық көрсетті. «Нұрдәулет» сауда үйінің кең алаңында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Алғадағы облыстық балалар үйі, «Үміт» сәбилер үйі, облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, сондай-ақ, Жайсаң балалар интернаты мен облыстық мүгедектер қоғамы, Қурайлы мектеп-интернаты, Ақтөбедегі облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектебінің өкілдері қатысты. ...

Жалғасы »

Толымды тартулар

Тәуелсіздік күніне лайықты тарту жасауды парыз санаған қобдалықтар бір жағынан биылғы жылды жоғары көрсеткіштермен қорытындылауға да ұмтылуда. Өткен сәрсенбі күні ауданға келген облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев пен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономика және болжау департаментінің директоры Дастан Өмірбаев бірқатар игі істердің куәсі болды. — Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ауданымыздың ширек ғасыр ішіндегі экономикалық-әлеуметтік дамуын сараптағанбыз. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтік ...

Жалғасы »

Ақтөбелік энергетиктерге құрмет көрсетілді

Елімізде желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні аталып өтіледі. Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары ақтөбелік энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақтөбе қаласындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өткен салтанатты шарада Жаңабай Бексары аймақтағы энергетикалық өнеркәсіптің үздіктері мен сала мамандарын ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келген төл мерекемен құттықтады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген салтанатқа «Актобеэнергоснаб», «Энергосистема», ...

Жалғасы »

15 қызметкерге медальдар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында көптеген мемлекеттік мекемелерде Елбасының Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тапсыру салтанаты өтті. Өткен бейсенбі күні облыстық әкімдікте де дәл осындай себеппен облыс әкімінің орынбасарлары марапаттау рәсімдерін жасады.    Салтанатты шаралардың бірінде облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің тыныш болып, жұртымыздың аман болуын тіледі. Одан соң газ, құрылыс ...

Жалғасы »