Басты бет » Жеңіс

Жеңіс

Кешегі ерліктің табы — бүгінгі елдіктің бағы!

Биыл адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстағы Ұлы Жеңіске 73 жыл толды. Бұл Жеңіс — халқымыздың қажымас қайратының арқасында келіп, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің таңына арқау болған шынайы қуаныш. Сондықтан да біз үшін қашанда киелі ұғым. Десе де, ол күндерден қаншалықты алыстасақ та, сол соғыста танылған ерлік пен аққан тердің, төгілген қанның өтеуі болмақ емес. Ал енді осы жолда жанын пида еткен әрбір ...

Жалғасы »

Ешқашан ұмытпаймыз!

Төрт жыл, 1400 күн мен 1400 түнге созылған екінші дүниежүзілік соғыста 27 миллионнан астам адам ажал құшты. Бұл дегеніңіз, әр күн сайын 14 мың, әр сағат сайын 700, ал әр минут сайын 10 адамның өмірі қиылды деген сөз. Миллиондаған адамның қыршын өмірімен, тыл еңбеккерлерінің зейнетімен келген төрт жылдық үміттің жеңіске жеткен күні Ақтөбеде биыл да салтанатпен аталып өтті. Екінші дүниежүзілік ...

Жалғасы »

Ерлікке тағзым еткен күн

Ақтөбе облысының әкімдігі Ресей Федерациясы Тверь облысы Ржев қаласының әкімшілігіне 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасының қазақстандық жауынгерлеріне арналған жаңартылған мемориалды кешенді табыс етті. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Ржев қаласындағы 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалды кешенге барып, ерлікпен қаза болған сарбаздарды еске алып, тағзым етті. Салтанатты шараға Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетов ...

Жалғасы »

Қарияларға құрмет көрсетті

Жеңіс мерекесі қарсаңында, Отан қорғаушылар күнінде, Ақтөбеде ардагерлерді құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова 93 жастағы Григорий Прихно мен Абдолла Нұсқабайды Жеңіс мерекесімен құттықтап, олардың шаңырақтарына барды. Ардагерлер қонақтарды омыраулары орден-медальдарға толы, сәнді киініп, ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында қарсы алды. Ербол Нұрғалиев пен Күлпаршын Айдарханова ардагерлерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізіп, сыйлықтар ...

Жалғасы »

Құрмет көрсетілді

1945 жылдың 9 мамырында бұған дейін Ленинград, Двинск, Псков, Новгород, Рига қалаларын жаудан азат етуге қатысқан 13-әскери-жол отряды Литваның солтүстігіндегі Шяуляй қаласында еді. Ақтөбелік Сағидолла Разбаевосы отряд құрамында бөлімше командирі болатын. Жеңіс хабарын олар ертеңгілік естіді. Майдандастардың қуанышында шек болмады: бірін-бірі құшақтап, айғайлаған дауыстар, күлкі, би, көз жасы… Дегенмен оларды үйлеріне бірден қайтарған жоқ. Литва жерінде тағы да жарты жылдай ...

Жалғасы »

Батыр есімімен аталатын 46 көше абаттандырылды

«Нұр Отан» партиясы қолға алған жаңа бастамалардың бірі — «Қаһарман даңғылы» абаттандыру акциясы. Бұл акция облысымызда да ұйымдастырылып, партиялықтар мен жасотандықтар қала мен аудандардағы қаһармандар атымен аталған 46 көшені абаттандырды. Қала бойынша 200-ге жуық нұротандық пен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері сенбілікке шықты. Олар 7 көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді. Жол жиегін сыпырып, қыстан қалған қоқыстарды шығарды. — Қалада батырлардың  есімімен ...

Жалғасы »

«Бізді сенім жетеледі»

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы соғыс ардагері Григорий Прихно ақсақалды үйіне барып құттықтады. ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин мен Кадр қызметі басқармасының қызметкерлері ардагерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, департамент бастығы Махамбет Әбисатовтың атынан алғыс  хат пен сый-сияпат берді. Григорий Прихно әскерге 1943 жылы 17 жасында алынған. Жүздеген мың кеңес әскері секілді фашистерді соққыға жығамын деген жастық албырттықпен ...

Жалғасы »

Шырақ жақты, отшашуды тамашалады

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Мәңгілік алау» ескерткіші алаңында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Шырақ жағу» акциясы өтті. Акцияға қала тұрғындары, студенттер мен белсенді жастар қатысты. Шарада Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Ұлы Жеңіске арналған патриоттық әндерді орындап, жиналған жұртшылыққа ерекше көңіл күй сыйлады. Атап айтсақ, акция аясында Ж.Нұрқасымова, Г.Сағынғанова, А.Төлесінов, Е.Құмаров, А.Адаханова, т.б. әншілер соғыс кезіндегі, сондай-ақ соғыстан кейін жазылған «Кестелі орамал», ...

Жалғасы »

101-атқыштар бригадасы, «Марс» операциясы және «Ржев қанды қасабы»

101-ұлттық атқыштар бригадасы 1941 жылы Ақтөбеде құрылған. Оның құрамына бастапқыда ерікті қазақ жастары, соның ішінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жігіттері тартылған, кейін дивизия құрамы толықтырылып отырған. Деректер бойынша, мұндағы жауынгерлердің 80,3 пайызы — қазақ, 10 пайызы — орыс, 3,4 пайызы — украин, 1,8 пайызы өзбек және 4,1 пайызы өзге ұлт өкілдері болған. Бригада командирі ретінде полковник Севосьян Яковленко, ал ...

Жалғасы »

Оның есімін мақтан тұтамыз

Біздің атамыз Ыбыраш Шәңгірбаев «Сарыбұлақ» кеңшарында ұзақ жылдар кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарып, сол өңірде сөзі өтімді, ісі үлгілі жан болғанын ауыл адамдарының әңгімесінен көп тыңдап өстік. Оның өмірбаянына үңіліп қараған сайын талай қиын да қысталаң кезеңдерді басынан өткергенін, бірақ ылғи да алға ұмтылумен өткенін сезінемін. Атам 1918 жылы дүниеге келіпті. Әкесі Шәңгірбай, анасы Бутанай оның он жас шамасында қайтыс ...

Жалғасы »