Басты бет » «Ақтөбе»-90 (page 4)

«Ақтөбе»-90

Біз өткен жол

Бастауын сонау 1924 жылдары шыққан «Кедей» газетінен алатын облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен қалың оқырман қауымы биыл өздерінің сүйікті басылымының 90 жылдығын тойлағалы отыр. Тоқсан жыл! Бұл, шын мәнісінде, бір ғасырға таяу ұзақ ғұмыр, газет өміріндегі қиындығы да көп, қызығы да мол жылдар. Айтуға да, оқып еске алуға да боларлық шапағаты мол тарих. Газет басшылығы өз оқырмандарымен, ардагер журналистермен ақылдаса ...

Жалғасы »

Біздің «Ақ олимпиада»

«Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін өткен шаңғы жарысына 80-нен астам адам қатысты. Биылғы жарыс «Ақтөбе» газетінің 90 жылдығына арнап өткізілді.   Олимпиада жылы Дәстүрлі шаңғы жарысы «Ақтөбе» газетінің 90 жылдығына және Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына тұспа-тұс келіп отыр. Мұны «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-нің директоры Мейірхан Ақдәулетұлы және облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев баса мән бере айтты. Жарыстың ...

Жалғасы »

Әріптестер айтқан еді…

«Ақтөбе» газетінің 90 жылдығы қарсаңында құтты шаңырақта бірге қызмет атқарған азаматтардан жеткен әзіл әңгімелерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Жалғанның көшіне ілескендер рухы риза болсын, арамызда жүргендері өткен шақты еске алсын деген ниетпен…   …Жаяу жүріп, арқалайық та…   Әбдіқани Аймағамбетов ағамызбен жақсы сыйласып-араластық. Жарықтық көпшіл, патша көңілді адам еді. Екеуміз жаздың бір күнінде Шалқар ауданының «Сарыбұлақ» кеңшарына бара қалдық. ...

Жалғасы »

Ол бір күрделі кезең еді…

«Ақтөбе-90» Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарын бүгінде бұлғақ заман, аласапыран уақыт, қылмыспен ақша табу кезеңі деп атап жүрміз. Қазір қарап отырсақ, шынында да солай болғаны рас екен. Бірақ әркім үшін де күнделікті шешілуге тиіс проблемалар жеткілікті болғандықтан, біз оны сол кезде сезінген жоқпыз. Менің 1992 жылы облыстық «Ақтөбе» газетіне редактор болып тағайындалуым, міне, осы уақытқа сәйкес келді. Қайта құру, жеделдете даму, ...

Жалғасы »

27 ЖЫЛ РЕДАКТОР БОЛҒАН

 … — Айналайын, мақала мен туралы болмауы керек. Мақала газет туралы болуы керек. Себебі бұл менің емес, «Ақтөбе» газетінің тойы. Тағы да қайталап айтамын, мен туралы ештеңе жазба, — деп қатаң талап қойды маған сұхбаттасым. Әрине, келістім. Алайда, «газет — менің тағдырым» деп тұжырым жасаған адамды, қазіргі «Ақтөбе» — сол кездегі «Коммунизм  жолы» басылымын тапжылмай жиырма жеті жыл бойы басқарған ...

Жалғасы »

Сағыныш Төремұратова: «Кедейдің» электронды нұсқасы керек…

Биыл тоқсан жасқа толатын «Ақтөбе» газетінің тарихы сонау «Кедейден» бастау алады. Қазір облыстық мемлекеттік мұрағаттың ғылыми-анықтамалық кітапханасынан сол «Кедей» газетінің 1928-1929 жылдарда  шыққан сандарының жиынтығын көруге болады. Араб әліпбиімен терілген басылым қазір ерекше сақтауға алынған. Өйткені мұрағаттың ғылыми-анықтамалық кітапханасына түсетін  газет-журналдар мен құнды қағаздар облыс тарихынан сыр шертетін ең көне құжат ретінде саналады. Мұрағат қызметкерлері газеттің алдағы торқалы тойына өз ...

Жалғасы »

Ұмытылмас жылдар белестері

Біздер, аға буын журналистер, облыстық «Ақтөбе» газетін «қара шаңырақ», «алтын ұямыз» деп бар шын ниетімізбен мақтан етеміз. Өйтпегенде ше, біздің саналы өміріміздің барлығы дерлік  осында өтті ғой. Қазір бәрі өткен шақ, бағасыздау көрінгенімен газет сөзінің бұқараға арқа сүйер болғаны шындық. 90 жылдың ішінде заманның күйдіретін  ыстығы да, тоңдыратын суығы да жетіп жатты. Ал сол қатал кезеңдерде бұқара газетке, журналистке жүгінді. ...

Жалғасы »

Ақсақалдармен ақылдасты

Қазақ баспасөзінің қара шаңырақтарының бірі — Ақтөбе облыстық газетінің шыға бастағанына үстіміздегі жылдың маусым айының басында 90 жыл толады. Осы жылдарда есімін сан өзгертіп, еліміздің тәуелсіздігінің табалдырығында «Ақтөбе» атын иемденген газет — аймағымыздың шежіресі болды десек те, айнасы болды десек те, қателеспейміз. Сондықтан аталған басылымның алдағы мерейтойы — тек газет редакциясы емес, барша оқырман қауымның қуанышы. Облысымыздың мерейін өсіретін бұл ...

Жалғасы »

Біз — меншікті тілшілерміз

Көңілде қонақтаған үкілі үмітпен жылқы жылы — 2014 жылдың есігін айқара аштық. Тәубешілігі мол, Алладан рақым тілейтін халқымыздың елдегі өзге ұлттармен, ұлыстармен береке-бірлікті сақтай отырып, жаңа асуларды алатынына күмәніміз жоқ. Бұл жылдың облыс үшін және бір ерекшелігі: Ақтөбе өңірінің шежіресі — мемлекеттік тілдегі бас газетімізге 90 жыл толатынында. Басылым алғашқы саны шығарылған кезеңнен бері ел-жұртпен бірге есейді, аймақ тарихын түгендеді. ...

Жалғасы »

«Ақтөбенің» торқалы тойы

«Ақтөбе» — 90 Биыл маусымның 7-де облыстық «Ақтөбе» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толады. Бұл — үлкен тарих, облыс өмірінің тоқсан жылдық жылнамасы! Өкінішке қарай, «Ақтөбе» газеті туралы толымды зерттеу жоқ, сондықтан біздің сүйенетініміз —  әр жылдарда шыққан мерекелік нөмірлер ғана. Біздің қолымыздағы ең алғашқы мерекелік нөмір бүгінде тоқсанға қарай аяқ басқан ардагер журналист, газет тізгінін отыз  жылға жуық ұстаған ...

Жалғасы »