Басты бет » «Ақтөбе»-90 (page 3)

«Ақтөбе»-90

Алыс жылдардың жақын тағылымдары

  Мерзімдік уақытпен өлшегенде, тоқсан жылға ұласқан ғұмыр, шамамен үш ұрпақ алмасатын өмір. Шыға бастағанына сол тоқсан жыл толғалы тұрған облыстық «Ақтөбе» газеті үш ұрпақтың да, саяси әлеуметтік және экономикалық үш кезеңнің де тағдыры мен талайын бейнелейді. Газеттің алғашқыда «Кедей» атауымен шыға бастаған жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан, шамамен, Ұлы Отан соғысының соңына дейінгі жайын уақытына қарай, уақыты тудырған талаптары мен ...

Жалғасы »

Осы газетте мен де қызмет істедім…

Бәрі тап кешегі күндей. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірдім. Ол кезде оқуды жаңа бітірген журналистерді Қазақстан Орталық партия комитетінің идеология бөлімі бөліп, республикалық, облыстық газеттерге жібереді. Мен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне бардым. «Лениншіл жас» газетінің редакторы Абай Бейсенбаев бұйрық  жазып, газеттің Ақтөбе, Орал, Гурьев облыстарындағы тілшісі етіп Ақтөбеге жіберді. Тілші болып бір жыл үш ай ...

Жалғасы »

«Жадымда түлеген жаңғырық» (эссе)

4. Жекешелендіру немесе купон туралы әңгіме   1993 жылдың алғашқы айлары еске түседі. Жер-жерде — ауызекі әңгімеде, кейін ақпарат құралдарында «жекешелендіру» деген сөз жиі айтыла бастады. Қазақстан бай ел — оның жерасты қазба байлықтары кез келген батыс Еуропа елдерінен асып түседі, тек оны игере білу керек. Бұл — бір. Екіншісі — сол жерасты шикізат қорымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, қызмет ...

Жалғасы »

«Кедейдің» электронды нұсқасы жасалды!

Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ақтөбе» газетінің 90 жылдығына арналған шара өтті. Ұжым газеттің тойына орай өте құнды дүниелерге толы көрме жасақтаған. Онда «Ақтөбенің» 1926-шы жылдарда «Кедей» боп шыққан кездегі қолжазбалар жинағынан бастап бермен қарайғы түрлі кезеңдердегі газеттер саны, мақалалар қиындылары, осы газетте қызмет жасаған, қазір жасап келе жатқан қаламгерлердің жинақтары қойылған. Шараға газетті 30 жылдай басқарған бұрынғы бас ...

Жалғасы »

Желден де жылдам — жүйріктер

Ақтөбедегі «Мұнайшы» стадионында облыстық «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі —жүгіруден облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жолғы спорттық жарыста жүзден аса желаяқ бақ пен бабын ортаға салды. Биылғы жылғы спорт мерекесінің бұрынғылардан басты ерекшелігі — ол облыстағы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Ақтөбе» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналды.   Желаяқтары көп жарыс   Облыста ...

Жалғасы »

Жадымда түлеген жаңғырық

(Естелік-эссе)  Партиялар шеруі   «… 1994 ж. 17 қазан. Шұбарқұдыққа бару керек еді (жалпы, мен Темір ауданына жиі баратынмын. Өйткені бұл аудан — менің туған елім, тума-туыс, алыс-жақын, таныс-тамыр бар деген сияқты — мұны мен қазір жазып отырмын), мына жауынның басылар түрі жоқ…». Шұбарқұдық басы дүрілдеп тұр екен. Қай жер — мекеме, кәсіпорын, ұйымға барсаң да, саған сақтықпен қарайды, саған ...

Жалғасы »

Жадымда түлеген жаңғырық

(естелік-эссе)   2. «Саяси шолушы» дегеніміз не өзі?   Бұрын бұл газет («Ақтөбе») не жазбады дейсің — бәрін де: өнеркәсіпті де, көлік, құрылыс, қаржы мәселесі, әдебиет пен өнер, ара-тұра тіпті дінді де жазды, тек саясат емес. Саясат — бұл коммунистік партияның, иә, тек қана бір партияның құзырында болды да, журналистер оған көп қалам тарта қоймады. Ал сол партияның өзі, мысалы, ...

Жалғасы »

Жадымда түлеген жаңғырық

(Естелік-эссе) Осы бір дүниені жазсам ба, әлде жоқ па дегендей біраз уақыт ой толғанысында жүріп алдым. Оған себеп, әрине жасымыз да біразға келіп қалды ғой: қуат азайды, жад ескірді. Солай бола тұра мені бір ой мазалады да жүрді: оу, бұл — өзің отыз жылдай (дәлірегі 28 жыл) еңбек еткен, ыстығы мен суығына бірдей күйген, өзіңнің отбасыңдай болып кеткен «Ақтөбе» деген ...

Жалғасы »

Жылдар жаңғырығы

    Ұшталған сөз   Университетті жаңа бітіріп келіп, журналистиканың жұмбақ әлеміне кіріп кеткен, өткен ғасырдың 70-жылдарының аяқ шеніндегі балаң газетшілік дәуір. ҚазГУ-дің жолдамасымен облыстық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Ақтөбе») газетіне жұмысқа келген 1977 жылы мен тап болған ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Сырым Бақтыгерейұлы еді. Бұл  — оның комсомолдық «Лениншіл жастың» меншікті тілшілігінен партиялық «Коммунизм жолының»  бөлім меңгерушілігіне  жаңа ауысқан кезі-тін. Қырыққа ...

Жалғасы »

«Кедейдің» беташар кезеңі

«Ақтөбе» газетінің тоқсан жылдық тарихын тараулағанда, оның «Кедей» деген атпен алғаш шыға бастаған кезеңі туралы әңгіме әлі де толық мәнінде айтылып болмағанын ұмытпағанымыз жөн. 1924 жылғы 7 маусымда араб қарпімен екі бет қана болып шыққан Ақтөбе губерниясының «Кедей» газеті, сол тұстағы басқа да беташар басылымдар сияқты, бұрын көп зерттелмеді. Соған сәйкес,  ғылыми әдебиетте  «Кедейдің» ақпарат кеңістігіндегі орны мен рөлі, жарияланымдары ...

Жалғасы »