Басты бет » «Ақтөбе»-90 (page 2)

«Ақтөбе»-90

Таза туынды, келісті дүние

Загрузка… Кезінде «Ақтөбе» газетінде қызмет жасаған жазушы Қажығали Мұқанбетқалиұлының «Тар кезең» романы туралы айтылған пікірлер баршылық. Солардың бірі — билік басында жүрсе де әдеби-мәдени өмірге өте сергек қарайтын, білімді де білікті азаматтарымыздың бірі Мұхтар Құл-Мұхаммед шығарма авторына жолдаған хат. Сол хатты «Қазақ әдебиеті» газетінен көшіріп басып отырмыз. Құрметті Қажеке! «Тар кезеңді» аса зор ықыласпен оқып шықтым. Ел тәуелсіздік алғаннан бері ...

Жалғасы »

Облыстық газет тілшісі болу — мәртебе

Мен облыстық газетті бұрынғы облыстық партия комитетімен теңестіремін. Бас редактор және бірінші хатшы. Екеуі де өз саласының биігіне шыққан тұлға. Сонау алпысыншы жылдары облыстық газетке тілші болып орналасу өңірден ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген бес-алты түлектің бірлі-жарымына ғана бұйыратын қызмет еді. Мен Торғай облысы жабылғасын 1988 жылғы маусымда «Коммунизм жолымен» «жүріп» өтіп, енді ғана «Ақтөбе» атанған газет редакциясының босағасын имене аттадым.Газеттің ...

Жалғасы »

ЕРТЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДАР

Загрузка… Ердің жасы елуге де жетпей өмірден өткен әріптестеріміз туралы сөз   Тобық ЖАРМАҒАМБЕТОВ (1934-1973)   Байғанин аудандық газетінде белді журналистердің бірі болған ол кейін «Коммунизм жолында» еңбек етеді. Сол кезде алғашқы әдеби туындылары Алматыдан кітап болып шыға бастайды. Алпысыншы жылдардың орта тұсынан ауа облыстық газеттің сол кезде тұтасып тұрған алдыңғы буын өкілдеріне еркелеп, олардың тағылымды әңгімелерін ынта қойып тыңдап, ...

Жалғасы »

“АҚТӨБЕ” газетінде қызметте болғандар

Загрузка… А АБДУЛЛИН Кенжеғали АБДУЛЛИН Садри АЙКЕНОВ Нұрлан АЙМАҒАМБЕТОВ Әбдіқани АЙМАҒАНБЕТОВ Арыстан АЙТМАҒАНБЕТОВА Әмина АКЧУРИНА Алла АҚМЫРЗАЕВА Ақбілек АҚТІЛЕУОВ Асқар АЛТЫНБАЕВ Мәди АМАНҒАЛИЕВА Сәнімгүл АМАНДЫҚОВ Әбдікамал АРЫСТАНОВ Орынбай АСҚАРОВ Идош АХМЕДИЯРОВ Құдайберген АХМЕТҚАЛИЕВА Шолпан АЯЗБАЕВА Мағрипа Ә ӘБІЛДАЕВ Әбілқасым ӘБДУАЛИЕВ ӘБДІБЕКОВ Серік ӘБДІРОВ Молдабай ӘБУТАЛИПОВА Маша ӘЗІРМАМБЕТОВ Қазыбек ӘЙТІМОВ Мүти ӘЛЖАНОВ Қонай ӘЛІБЕКОВА Қаншайым ӘЛІБЕКОВ Сәндібек ӘМИНОВА Рауан ӘНДІРОВ Жұлдызбай ...

Жалғасы »

Тарихты парақтағанда…

Загрузка… Газетіміздің бес жылдығы   «Кедей» газеті бес жасын толтырып, алтыншы жасқа аяқ басқалы отыр. Газетіміздің осы нөмірі сол бесжылдықтық өмірдің қуанышына арналып шығып отыр. «Кедей» — Ақтөбе округінің еңбекші қазақ шаруаларының өз тілінде көріп отырған тұңғыш газеті. Мұнан бұрын Ақтөбеде қазақ тілінде газет шыққан емес. Уездіктен Ақтөбе губернелікке аударылған соң екі тілде газет шығару үшін басқарма ашылады. Осы күнгі ...

Жалғасы »

Бедел мен бағыт

«Ақтөбе» газетінің тоқсан жылдық мерейтойына арналған іс-шара Қобда ауданында жалғасты. Аудан әкімі Асқар Жүсібәлиев облыс орталығынан ат терлетіп келген «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Ашықбаев, ардагер-журналист, басылымның бұрынғы бас редакторы Идош Асқар және газет тілшісі Арайлым Нұрбаеваларды жылы шыраймен қарсы алып, журналистер қауымына өзінің ыстық лебізін білдірді. — «Ақтөбенің» мерекесі — бәрімізге ортақ. Өйткені өзге бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ...

Жалғасы »

Біз жүрген жолдар

Биыл облыстық «Ақтөбе», бұрынғы «Коммунизм жолы» газетінің жарыққа шыға бастағанына — тоқсан жыл. Қай уақытта да халықтың көзі, құлағы саналатын, аймағымыздың өсіп-өркендеуінің жылнамасы, мәдениеті мен әдебиетінің айнасы — бұл басылымның 70-80-жылдардағы кезеңіне араластық. Сол шақтардың әр сәті, әр сағаты қымбат қазынамыздай болып, жадымызда сақталып қалды. Өткенді ой елегіне сала отырып, өзіміз үшін де, оқырмандар үшін де ұмытылмастай із қалдырған жылдардың ...

Жалғасы »

«Ақтөбеге» — 90 жыл!

Алдағы сенбі, яғни 7 маусым күні «Ақтөбе» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толады. Газетте ұзақ жыл жемісті еңбек еткен, тоқсаныншы жылдардағы аласапыранда бас редактор болып, ауыр жүкті арқалаған ардагер журналист Идош Асқар ағамыз өз мақаласында тоқсан жылдық жолды төрт кезеңге бөліпті. Осы тұрғыдан алғанда,  басылымның іргетасын қалап, шаңырағын тіктеген  алғашқы буын мен газеттің «қабырғасын» қатайтқан екінші буынның басым көпшілігі, социалистік ...

Жалғасы »

Ойлы оқырманмен жүздесу

«Ақтөбе» газетінің тоқсан жылдық мерекесі қарсаңындағы шаралар аудандарда да көрініс беруде. Осы басылыммен бірге жасасып келе жатқан қалың оқырман өздерін газеттен бөлек санамайтындығын білдіреді. Мұның біз Әйтеке би ауданында болған сапарымызда айқын аңғардық. Аудан әкімі Аманғали Бердалин облыс орталығынан келген облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев, ардагер-журналист, осы басылымның бірнеше аудандағы меншікті тілшісі, газеттің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған Жанғабыл ...

Жалғасы »

Дәстүрлі турнир өтті

   Сенбі күні қаламыздағы №8 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің алаңында Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы мен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның ұйымдастыруымен белгілі журналист, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторы болған Әмір Оралбайды еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдары арасында футболдан турнир өтті.   Шараны Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының жауапты хатшысы Нұрмұханбет Дияров ашып, сөз сөйледі. Ол журналист Әмір Оралбайдың ...

Жалғасы »