Басты бет » «Ақтөбе»-90

«Ақтөбе»-90

Тоғызқұмалақшылар тартысы

 «Ақтөбе» — 90 Облыстық «Ақтөбе» газетінің 90 жылдық мерекесі аясында тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық турнирге аудандардан 130-дай ойыншы қатысты. Жарыс жас ерекшелігіне қарай төрт топта өтті. Жеті турдан өткізілген жарыс жүйесі бойынша бірінші орынды спорт шебері, ҚР құрама командасының мүшесі Нұрбек Қабиев жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды спорт шеберлері Медет Құсайынов, Арсен Есетов бөлісті. Қыз-келіншектер арасынан Құралай Төлеуова, Үзіл Атшыбаева ...

Жалғасы »

«Ақтөбенің» тоқсан жылдығы тойланды

«Ақтөбе» газетінің тоқсан жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрда өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, сондай-ақ,  облыстық басқармалардың басшылары мен мәслихат депутаттары, ауданнан шақырылған арнайы қонақтар мен ардагер журналистер қатысты. Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің орындауында  Түркештің күйі «Көңілашармен»  басталған жиында  «Ақтөбе» газетінің бас редакторы ...

Жалғасы »

Құрметті журналистер қауымы! Қадірлі газет ұжымы!

Загрузка… Сіздерді облысымыздың аға басылымы — «Ақтөбе» газетінің 90 жылдық торқалы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің бүгінгі мерекесі — тек өңір жұртшылығына ғана емес, жалпы қазақ журналистикасы үшін айтулы оқиға. Жиырмасыншы жылдардың басында дүниеге келген «Ақтөбе» газеті — Ақтөбе өңірінің жылнамасын ғасырға жуық уақыт жазып келе жатқан басылым. Тарихтың талай соқпағынан өткен газет әркез елмен бiрге болып, халықтың ...

Жалғасы »

Құрметті «Ақтөбе» газетінің редакциясы!

Загрузка… Сіздерді және газет оқырмандарын  90 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Ғасырға жуық өңір жұртшылығын күнделікті жаңалықтармен сусындатып қана қоймай, талғампаз оқырманды өнер мен мәдениет һәм ғылым мен әдебиеттің келелі мәселелеріне ден қоюға үндеп келе жатқан еңбектеріңіз қашанда мақтанышпен көрсетуге лайық. Газеттің қалыптасуына еңбек сіңірген ардагер журналистер мен қадірменді қаламгерлердің абыройлы міндетін адал атқарып келе жатқан шығармашылық топтың мерейлі күндері ...

Жалғасы »

«КЕДЕЙДЕН» «АҚТӨБЕГЕ» ДЕЙІН

Загрузка… 1924-1934 жылдар  Кеңес мемлекеті бой түзеп, бұғанасы қатайғаннан кейін үгіт-насихат жұмысын кең көлемде жүргізуге ден қойды. Осылайша,1924 жылы ұлттық республикалардың көптеген аймақтарында бірнеше жаңа газет жарық көре бастады. Солардың бірі — алғашқы нөмірі 1924 жылдың 7 маусымында Ақтөбеде жарық көрген «Кедей» газеті. «Кедейдің» 7 маусымда жарық көрген алғашқы нөмірі Ақтөбенің сол кездегі Сталин және Фрунзе көшелерінің бұрышындағы 16-үйде орналасқан ...

Жалғасы »

Он жылы кем ғасырдың жылнамасы

Загрузка… «Кедей» 1921 жылы Ақтөбе жеке губерния болғаны мәлім. 1924 жылы губернияда қазақ тіліндегі газет шығару мәселесі күн тәртібіне қойылыпты. Өйткені ел ұлтаны — қазақ еді,  кеңестік идеологияны сіңіру үшін оның өз тілінде «сөйлеу» керек болатын. Губерниялық партия және атқару комитеттерінің 1924 жылғы 17 наурызындағы бірлескен мәжілісінде қазақ тіліндегі газет ашып, басылымның атын «Кедей» деп атау ұйғарылыпты. Бұл — бай-бағыланды ...

Жалғасы »

Тұңғыш

Загрузка… «Кедей» басылымның тұңғыш саны Ақтөбе қаласының сол кездегі Сталин және Фрунзе көшелерінің бұрышындағы 16-үйде жарық көрген. Облыстық мұрағат қызметкері Сағыныш Төремұратованың айтуынша, ескі құжаттарда осындай дерек бар. Сақталған құжаттардың арасынан осы ғимарат туралы қандай да бір дерек табылар деген ниетпен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына хабарласқан болатынбыз. — Сталин атындағы көше — қазіргі Алтынсарин көшесі, ал бұрынғы Фрунзе — қазіргі ...

Жалғасы »

Біз өткен жолдар

Загрузка… «Ақтөбеге» — 90 жыл. Ол елмен, халықпен бірге тарихтың талай бұралаңы мен бұлтарыстарын бастан кешіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өтіп, жаңа ғасырға, бүгінгі заманға, егеменді елге жетті. 90 жыл ішінде заман талабына, уақыт ырқына, өмір мүддесіне орай бірнеше атаумен шыққан газет ерікті елдікті алып, жеке дара мемлекет болғаннан бері өзінің туған жерінің атын алды. «Ақтөбеде» облысымыздың бір ғасырға жуық ...

Жалғасы »

Сенімді сырлас, рухани серік

Загрузка… Баспасөз адамның көңіл күйін оятып, сезім сырларына қозғау салмай ма? Соның ішінде жергілікті басылым өмір сүріп жатқан ортаң жайында, қоғамдық өмір кеңістігі туралы мағлұмат беріп, жан-жағыңа ойлана қарауға ықпал етпей ме? Міне, 90 жылдық тарихы бар «Ақтөбе» газеті облыс, қала тұрғындары үшін ақпарат көзі ғана емес, барша-қоғамдық өмір, ауыл-аймақ, әдеби, мәдени өмір кеңістігі, мақсат-міндеттер жайында, тарихи тұлғалар, өткелдер туралы ...

Жалғасы »

Оларды «ақтөбе» табыстырды

Загрузка… «… Ақын-көңіл қашан, сірә, қартайған?! Сүйгенінің меңін көріп марқайған. Ақтөбе, Орал, Атырау мен Ақтаудың Горкомдары, сақтаныңдар Ертайдан!» Бұл әзіл өлеңді сонау сексенінші жылдары ақын Есенқұл Жақыпбеков ақын Ертай Ашықбаевтың «Қос мең» өлеңіне жауап ретінде жазған екен. Шайыр Хафиз арудың бір меңіне екі қаланы «құрбан етіп» жіберсе («…Қос меңіңе Бұқара мен Самарқанды берер ем» деп келетін әйгілі өлеңінде), Ертай Ашықбаев ...

Жалғасы »