Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Білім сапасы — бірінші орында

Ербол БЕКМҰХАМБЕТОВ, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры: — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы өз Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау және жастарды тәрбиелеу мәселелеріне айрықша назар аудара отырып, қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларын баяндады. Бұл құжатқа сай, жоғары білім саласында, білім беру мекемелерінде оқыту сапасына қойылатын талаптар артады және университеттің беделі түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткішімен бағаланатын болды. Марат Оспанов ...

Жалғасы »

Тұрмыстың тұрақты тірегі

Роза САТАНОВА, ауыл тұрғыны: — Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын биылғы халыққа Жолдауын мұнайлы Кеңқияқ өңірінің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Себебі, бұл тарихи құжаттан халқымыздың ертеңіне  деген қамқорлықты жазбай танисың. Алыс өңірлердің, ауыл тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігін, тұрмысын одан әрі жақсарта түсудің жолдары көрсетілген. Қазір зейнеткерлік демалыста болғанмен, менің өзім де ұзақ жылдар ауылдың ...

Жалғасы »

Жаңғырту жұмыстарын жүргізбекпіз

Анатолий СИМОНОВ, «Стройдеталь» ЖШС директоры: — Елбасының халыққа Жолдауын бар зейінімізбен тыңдадық. Бұл — халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы мәселелер жан-жақты қамтылған Жолдау, стратегиялық іс-қимылдар бағдарламасы. Президент Үкіметке, бизнеске, аймақтарға, сондай-ақ биліктің барлық тармақтарына үлкен міндеттер жүктеді. Айтып өткенімдей, Жолдау халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Жолдауда көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, мектепке дейінгі білім беру мен жалпы білім беру деңгейін көтеру, медициналық қызмет ...

Жалғасы »

Зор мән берілген мәселе

Асқар МҰХИТОВ, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы: — «Қазақстандықтардыңәл-ауқатыныңөсуі: табыс пен тұрмыссапасынарттыру» атты Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты екенін атап айтты. Елбасы Жолдауындағы өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін беретін бастамалар барша қазақстандықтарды, соның ...

Жалғасы »

Байланыста — Мұғалжар ауданының әкімі

Тікелей желі 18 қазанда сағат 15.00-де «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері редакцияларында Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов оқырмандардың сауалдарына жауап береді. Тікелей желі телефоны 8 (7132) 56-33-80. Сондай-ақ сұрақтар алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары бойынша немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Жалғасы »

Жылу беру маусымының басталуы — ерекше бақылауда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралаған кезінде «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қызметін тексерді. Мұнда облыс басшысы орталық қазандық пен қосымша 96 Гкал жылу өндіру үшін оны кеңейту бойынша құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Қазандық кеңейтілген соң оның жалпы қуаттылығы 156 Гкал-ге дейін артады, бұл «Нұр Ақтөбенің» қазіргі тұтыну деңгейінен асады. Құны 1,6 млрд ...

Жалғасы »

Жолдау-2018: мүмкіндік мол, міндет зор

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облыстық филиалында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау отырысы өтті. Дөңгелек үстелге облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім, ақсақалдардың «Бірлік» және толеранттылық мәселелерімен шұғылданатын аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ өңірлік «Жаңғыру жолы» қозғалысының мүшелерімен студент-жастар қатысты. Отырыс барысында алдымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ...

Жалғасы »

Батырлар рухына тағзым етті 

Зерде Биыл Ақтөбе облысының іздестіру қозғалысына 30 жыл толды. Осыған орай Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішінің алдында митинг өтті. Митинг батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жиналғандарға жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі атынан қозғалыс өкілдеріне алғысын жеткізді. Бүгінгі күні қазақ елінің терең тарихын зерттеуде өңірімізде көптеген қозғалыстар қызмет ...

Жалғасы »

Тұрмысты жақсарту тұғыры

Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауы ұстаздар қауымы үшін ерекше жағымды жаңалықтарға толы болды. Басты мақсаты — Қазақстан халқының жаһандық бәсекеге қабілетті ел болуын көздеген Жолдаудың әр бағыты ел жүрегінен орын тапқаны сөзсіз. Депутат ретінде барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту көзделгені сүйсіндірсе, білім саласының қызметкері ретінде қуантқаны —  Елбасының білім мен ғылымға деген кезекті қамқорлығы. «Педагог мәртебесі туралы» заңның әзірленуі ...

Жалғасы »

Дамудың дара жолының бастауы

Жаһандық даму көшінде әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісінің жеделдеуі, кезең күттірмейтін жаңа проблемаларды алға тартып отыр. Тұрақсыз толқу ескексіз қайықтай жағаға лақтырып тастамас үшін оған төтеп беретін қауқарымыз болуы керек. Ол — дамудың жаңа талаптарына бейімделген қазақтандықтардың пәрменді әл-ауқаты. Президентіміздің халыққа арнаған Жолдауының әр сөзін қалт жібермей зерделей отырып, санамда сіңіріп, көкірегіме ұйытып бақтым. Әсіресе, «Халық табысының өсуі» атты ...

Жалғасы »