Басты бет » Спорт (page 5)

Спорт

Орынборлық жас боксшы — Болат Телеуов атындағы турнирдің үздігі

 1986-ның желтоқсанында алып шаһардағы намыс дүмпуіне Ақтөбенің сол кезде «орыс боп кеткен» аудандарының бірі саналған Алғаның қазақтары да үн қосты. Ондай ерліккеаудан орталығындағы спорт мектебінде бапкер боп істейтін Болат Телеуов, Берік Тайбөкенов, Болат Арынғазиевтер тәуекел етіпті. Өкінішке қарай, бүгінде Болат Телеуов пен Берік Тайбөкенов ортамызда жоқ. Тірі болса, биылғы 13 ақпанда Болат Телеуов 60 жасқа толар еді. Оның есімі Желтоқсандағы ...

Жалғасы »

Ақтөбелік Еламан Қойшыбаев — қазақша күрестен әлем чемпионы

Ол 2012 жылы Бразилия елінде жастар арасында өткен чемпионатта әлем чемпионы атанған. Еламанның қазақша күреспен айналысқанына 13 жылдан асыпты. Оның спортқа деген ынтасы жас кезінен басталған. 11 жасында ағасы Еріктің айтуымен күреске қатыса бастайды. Өзі туып-өскен Қандыағаш қаласыдағы спорт мектебінде тәлім алып, талай жарыста бақ сынаған. Еламан 2012 жылы ақпан айында Қызылорда облысының Шиелі ауданында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанып, ...

Жалғасы »

Мәнерлеп сырғанаушылар өсіп келеді

Мәнерлеп сырғанау — негізгі Олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Әрі әдемі, әрі күрделі саналатын бұл спортқа ақтөбелік жасөспірімдердің қызығушылығы артып келеді. Бүгінде Ақтөбе қаласындағы «Олимп» хоккей модулінде 225 жас мұз үстіндегі әсем өнердің қыр-сырын үйреніп жүр.  225 ЖАС ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСАДЫ «Олимп» хоккей модулінің ашылғанына жарты жылдан асты. Бүгінде жабық ғимараттағы мұз айдынында 225 жасөспірім мəнерлеп сырғанаумен айналысады. Өрендерге бұл спорттың қыр-сырын ...

Жалғасы »

Жиырма бесінші жеңіс

Қазақстан чемпионаты Евгений Гончарев 25-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионды кеше кешкісін  Ақтөбе әуежайынан әріптестері мен жанкүйерлері күтіп алды. 12-14 ақпан аралығында Павлодар облысының Ақсу қаласында гір көтеру және армрестлинг спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Әр өңірдің «сен тұр, мен атайын» деген үздікдері бас қосқан додада Ақтөбенің намысын Евгений мен Сергей Гончаревтар қорғады. Бұған дейін 12 дүркін Әлем чемпионы, 24 ...

Жалғасы »

Ақтөбе командасы үздік атанды

Тоғызқұмалақ Алматыда өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Кубогына Ақтөбе облысының командасы ие болды. Ақпан айының басында ұйымдастырылған сайысқа Астана, Алматы қалаларын қосқанда еліміздің 12 облысынан 104 спортшы қатысты.  Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаевтың айтуынша, биылғы жарысқа ылғи үздік командалар жиналған. Қатысушылар құрамында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар. — Жыл сайын өткізілетін бұл шарада  биыл да үздіктер ...

Жалғасы »

Мейрамбектің жүлдесі

Иран Республикасында грек-рим күресінен өткен «Тахти Кубогы» халықаралық турнирінде жерлесіміз Мейрамбек Айнағұлов қола медальға ие болды. Биыл UWW күрес федерациясы грек-рим күресінің ережелеріне едәуір өзгерістер енгізген болатын. Бұл жаңашылдықтар негізінен салмақ дәрежелері және қатысушылардың салмақтарын өлшеу ретіне қатысты. Сонымен қатар, халықаралық жарыстарды өткізу топтамалары мен ұйымдастыру форматтары да өзгертілді. Енді ресми халықаралық күнтізбелік жоспарда 4 қана рейтингтік турнир бар. Сол ...

Жалғасы »

Нұрқанат ел намысын қорғады

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласында өткен Әлем біріншілігінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Нұрқанат Қияқбаев қола медаль иеленді. Белбеу күресінен өткен дүбірлі додада әлемнің 21 мемлекетінен 200-ге жуық жас палуан бақ сынаған болатын. Сайыс 18-20 жас аралығындағы жастар арасында өтті. 68 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрқанат бұған дейін Алматы облысы Қапшағай қаласында өткен ҚР чемпионатында ересектер арасындағы ...

Жалғасы »

Күзет қызметі және спорт

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Полиция қызметкерлері өздерінің спорттық шеберлігін және дене шынықтыру бойынша дайындығы жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, 1-полиция батальонының құрама  командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынға осы батальонның Ойыл аудандық бөлімшесінің командасы қол жеткізді. Бас жүлдеге ие болған полиция кіші сержанты Мәлік Нұрмұханбет ішкі істер органы қатарында  қызмет атқарғанына көп уақыт болмағанына ...

Жалғасы »

Юлия Галышева — қола жүлдегер!

Пхенчхан Олимпиадасының алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша 11 медаль жиынтығы сарапқа салынып, 33 жүлдегер анықталды. Солардың қатарында Қазақстан спортшысы Юлия Галышева бар. Фристайлдың могул түрінен сайысқа түскен Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Юлия Галышева жарыс жолына 9 ақпанда шықты. Алғашқы іріктеу жарысында ол 75,10 ұпай жинап, бірден-ақ финалға жолдама алды. Финалдық жарыстар — финалдың алғашқы кезеңі және ақтық сын ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды» атты акция өтті. Аталған шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының және облыстық жастар  ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. — Бүгін 4 жылда бір келетін қысқы Олимпиада ...

Жалғасы »