Басты бет » Спорт (page 4)

Спорт

Шалқарда ел чемпионаты өтті

Биыл Шалқар қаласындағы Владимир Цеханович атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына — 50 жыл. Мерейтой құрметіне Шалқар қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Жарыстың өз деңгейінде өткізілуіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, республикалық күрес федерациясы қолдау көрсетті. Ел назарын аударған байрақты додаға олимпиада чемпионы ...

Жалғасы »

Сырт алаңдағы тең ойынның өкініші

Премьер-Лига «Атырау»-«Ақтөбе» — 2:2 27-турда «Ақтөбе» жеңіске жетуі әбден мүмкін еді. Әттең, күмәнді пенальти жолын кесті. Кездесуден соңғы баспасөз мәслихатында «Атыраудың» бас бапкері Сергей Павловтың: «Біз жеңіске жетуге лайық ойын өрнегін көрсете алмадық», — деуі де шындықтан алшақ емес. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап-ақ екі команда да сақтанып ойнау тәсіліне бой ұрған жоқ. Алма-кезек шабуылдар басталды да кетті. Гол да шапшаң ...

Жалғасы »

Мұнайшылар спартакиадасы: 400 қызметкер сынға түсті

Өткен сенбі күні мұнайшылар мерекесі, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай әріптестігіне 20 жыл толуына орай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Волейбол, футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, т.б. спорт түрлерінен өткізілген жарысқа қатысушылар да, көрермендер де көп жиналды.   Дәстүрге айналған дода Бірден айтайық, мұнайшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында осындай спорттық сайыс жыл сайын өткізіледі. Дәстүрге айналған додаға биыл да қатысушылар аз ...

Жалғасы »

Ақтөбеде республикалық «Ақбидай» ойындары басталды

Кеше Ақтөбеде республикалық «Ақбидай — 2017» VI ауыл спорты ойындары басталды. Жарыс облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Еліміздің 14 облысынан келген екі мыңға жуық спортшы спорттың 14 түрінен сынға түсіп жатыр. Шараның ашылуы облыстық олимпиада резервін даярлау орталығында өтті. Спорт алаңы арнайы безендіріліп, шара басталғанша  led экраннан облыстың әр саладағы жетістіктері көрсетілді. Жергілікті өнерлі жастар ән айтып, би биледі. Еліміздің әр ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» тағы да ұтып, бір сатыға жоғарылады

Премьер-Лига «Ақтөбе»-«Шахтер» — 2:0  26-тур барысында «Ақтөбе» клубы өзінің 50 жылдығын қоса атап өтті. Бұрыннан да жанкүйерлер көп жиналатын стадион бұл жолы тіпті лық толы болды. Бірінші таймда екі команда да сақ ойнады. Шиеленіскен тартыстардан гөрі алыстан бағытталған соққылар көбірек болды, стандарттық жағдайлар жиі орын алды. Мысалы, жерлестеріміз қатарынан үш рет бұрыштама доп соқты. Әрине, қонақтар да қарап қалған жоқ. ...

Жалғасы »

Күміс қанатты Мейрамбек

Шалқардың күрес мектебінің даңқы бұрыннан мәлім. Бүгінде құрылғанына елу жылдық мерекесін атап өткелі отырған Владимир Цеханович атындағы спортшылар ұясының бір түлегі Мейрамбек Айнағұлов биылғы Конституция күні қарсаңында мектебіне үлкен сыйлық жасады. Ол Париж қаласында грек-рим күресінен өткен Әлем біріншілігінде кеудесіне күміс медаль тақты. Бұл шын мәнінде облыстың да ерекше мақтанышы болуы тиіс. Мейрамбек бұл жарысқа мол дайындықпен барды. Сондықтан да ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» екі сатыға жоғарылады

Премьер-Лига «Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 0:2 8 маусым күнгі ойында, 19-турда «Оқжетпесті» 3:0 есебімен ұтқалы бері жерлестеріміз жеңіске жете алмай келе жатқан болатын. Бұл жолы да сол есеп қайталануы мүмкін еді, әттең, он бір метрлік айып добын соққан Игорь Зенькович қақпашыдан айласын асыра алмады. Кез келген кездесуді әдетте алаң иелері қарқынды шабуылдармен бастайтыны мәлім. Бірақ бұл жолы олай болмады. «Ақтөбенің» соңғы орында ...

Жалғасы »

Мейрамбек те, Рүстем де қуантты

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан күрес түрлері бойынша әлем біріншілігінде жерлесіміз Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдеге қол жеткізді, ал Рүстем Ыбраев биылғы жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанып отыр. Мейрамбек те, Рүстем де — соңғы жылдары жанкүйерлерін жақсы жаңалықтармен қуантып жүрген спортшылар. Мейрамбек Айнағұлов (59 кг) грек-рим күресі бойынша ұлттық құрама сапында бұған дейін Азия біріншіліктерінде өнер көрсетіп, жүлдегер атанған еді. Сейсенбі ...

Жалғасы »

Ауыл спортшылары «Ақ бидайда» сынға түсті

Алға ауданында «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары өтті. Барлық аудандардан мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 17 түрінен сынға түсті. Шараның ашылуы Алғаның Орталық стадионында өтті. Облыстық ауыл спорты ойындарының ашылуы Алғада ерекше ұйымдастырылды. Орталық стадион арнайы безендіріліп, кеш басталғанша led экраннан облыс спортшыларының жетістіктері көрсетілді. Алаңға халық көп жиналды. Ауданның өнерлі жастары би билеп, спорттық ойындар көрсетті. Отандық спорттың дамуына ...

Жалғасы »

Ақтөбеде тұңғыш рет триатлоннан чемпионат өтті

Ақтөбе қаласында тұңғыш рет жүзу, жүгіру, велосипед жарыстарынан командалық триатлоннан қала чемпионаты өтті. Чемпионат  Ақтөбе су қоймасының «Саяхат» жағажайында басталды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жарысқа қатысушыларды спортшылар мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстың бірінші кезеңі жүзуден басталды. Суда жүзушілер 200 метр қашықтыққа жарысты. Олардың қатарында қала әкімі Ілияс Испанов та болды.  Күн жел, су толқынды болса да спортшылар бұл сайыстан ...

Жалғасы »