Басты бет » Спорт (page 30)

Спорт

8 кездесу 8 құраманы іріктеп шығарды

Сонымен 1/8 финалдың сегіз ойыны өтті. Бір ерекшелігі, бұл кезеңге Еуропа чемпионатының финалдық ойындарына бірінші рет қатысқан бес команданың төртеуі шыққан болатын. Сол төртеудің екеуі (Уэльс, Исландия) жартылай финалға өтті. Ал 2008, 2012 жылдардағы чемпион Испания жарыс жолынан шығып қалды. Оған Англия қосылды. Қысқасы, тартыс шырқау шегіне жақындады. №37. Тең текетірестің ақыры 1/8 финал. Швейцария-Польша — 1:1 (пенальти бойынша 4:5). ...

Жалғасы »

Қос газеттің дәстүрлі турнирі өтеді

Тоғызқұмалақ  29-30 маусым күндері тоғызқұмалақтан «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі облыстық турнир өтеді. Жарыс жасөспірімдер арасында ұйымдастырылады. Биыл турнир 18-ші рет өткізілгелі тұр. Бұл жолы жарыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылады. — Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда  ел жағдайы қиын болса да, өз ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық өнерді, спорт түрлерін насихаттауға деген құлшыныс өте жоғары болды. Сол ...

Жалғасы »

Турнир кестесіне өзгеріс енген жоқ

Премьер-Лига 18-турда алғашқы бестіктегі төрт команда жеңіске жетті. Көш соңындағы «Тараз» өз алаңында «Тобылды» ұтты. Павлодарда «Жетісу» тізе бүкті. «Атырау» өз алаңында «Шахтермен» тең ойнауға мәжбүр болды. Жалпы турнир кестесіне еш өзгеріс енген жоқ. Бұл турда «Оқжетпес» «Ақтөбеден» бірінші айналымдағы жеңілісінің есесін қайтарды. Рас, олар бір доп айырмашылығымен ұтылса, жерлестеріміз үш доп айырмашылығымен жеңілді. Жалпы есеп 2:4 деуге болатын шығар. ...

Жалғасы »

Үлкен сынның алдында

1/8 финалға барар жолдағы соңғы ойындар аяқталды. Болжамның барлығы бірдей оңға шыға бермейтіні тағы бір мәлім болды. Мысалы, өз топтарында шашасы шаңға тимеуі тиіс екендігі айтылған Австрия мен Швеция 1 ұпайдан ғана құшақтап қала берді. Ал мұндай мәртебелі додаға биыл бірінші рет қатысып отырған бес команданың төртеуі (Уэльс, Исландия, Словакия, Солтүстік Ирландия) 1/8 финалға шықты да кетті, тіпті солардың қатарындағы  ...

Жалғасы »

Күтпеген нәтижелер

Уэльс пен Хорватия 1/8 финалға бірінші орынмен шықты. Польша мен Германия әзірге қақпа құлпын ашқызбай келеді. Украина қарсыластар қақпасына үш ойында бірде-бір гол соға алмады. Ресейдің қақпасына 6 гол енді.   №27. Топтан озған Уэльс  «В» тобы. 3-тур. Ресей-Уэльс — 0:3 Гол авторлары: Арон Рэмзи, 11-минут (0:1); Нил Тейлор, 20-минут (0:2); Гарет Бэйл, 67-минут (0:3). 20 маусым. Тулуза. «Стадьом-де-Тулуз» стадионы. ...

Жалғасы »

Алғашқы жолдамалар

Екі турдың қорытындысы бойынша 1/8 финалға үш ұлттық құрама ғана жолдама алған болатын: Франция, Италия, Испания. Бұларға 3-турдың алғашқы кездесулерінен соң Швейцария қосылды. 1/8 финалға өз тобында бірінші және екінші орын алған құрамалар шығады да, бұларға үшінші орын алғандардың ішінен жеке көрсеткіштері жоғары 4 құрама қосылатынын еске сала кетеміз.   №19. Қадірлі гол   «Е» тобы. 2-тур. Италия-Швеция — 1:0 ...

Жалғасы »

«Ақтөбенің» қарсыласы — «МТК Будапешт»

УЕФА Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасына қатысатын командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбенің» қарсыласы — Венгрияның «МТК Будапешт» командасы. Бұл команда — Венгрияның 23 мәрте чемпионы, 12 рет ел Кубогы иегері болған, үш рет елдің Суперкубогын жеңіп алған. Бірінші кездесу 30 маусымда Ақтөбе қаласында, ал қарымта кездесу 7 шілдеде Будапештте өтеді. ...

Жалғасы »

Дидар мен Дао

Премьер-Лига 17-турда топ басында келе жатқан «Астана» мен «Ертіс» тең ойнады. «Тобыл» 90+3 минутта соғылған пенальти арқылы жеңіске жетті. «Оқжетпес» бірінші таймда «Ордабасы» командасынан 0:2 есебімен ұтылып жатып, екінші таймда екі қарымта гол соқты. Бұл турда жерлестеріміздің «Қайраттан» ұтылатыны алдын ала болжанған еді. Тіпті ірі есеп нәтижесі тіркелетіндігіне де шүбә келтіру қиын болды. Әйтсе де осы 2:6 есебі бұдан бұрынғы ...

Жалғасы »

«Көңілді мәредегі» көңіл күй

Сайыс  23 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні. Аталмыш мерекеге орай Ақтөбе қаласындағы мұнай және газ колледжінің спорт алаңында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаменті мен облыстық денсаулық басқармасының мамандары қатысты. Екі топ арасында өткен сайыс эстафета түрінде болды. Әсіресе, арқан тартыс, ...

Жалғасы »

Соңғы минуттардың салмағы

Еуропа чемпионаты барысында соңғы минуттардың беделі аспандап тұр. Чемпионат басталғалы жеңісті Францияға әуелі 89-минут, екінші турда 90-минут, Испанияға 87-минут, Англияға 90+2 минут сыйлады. Сондай-ақ бір голды Ресей 90+2 минутта, Германия 90+2 минутта, Италия 90+3 минутта, Франция 90+6 минутта, Уэльс 90+2 минутта, Солтүстік Ирландия 90+6 минутта соқты.   №13. Бір құраманы бір футболшы опындырды   «В» тобы. 2-тур. Ресей-Словакия — 1:2 ...

Жалғасы »