Басты бет » Спорт (page 3)

Спорт

Қазақстан бұл жарысты өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр

Қысқы Универсиада-2017 Алматыдан арнаулы тілшіміз Жантас Мақсұтов хабарлайды: Универсиадаға Швейцария елінен арнайы келген FISU-дің құрметті мүшесі Фриц Хольцердің пікірін білген едік. — Бұл менің Алматы қаласына алғаш рет келуім. Бірақ бұл шаһармен сырттай танысқаныма 40 жылдай уақыт болды. Табиғаты біздің Швейцарияға ұқсайды. Таудың баурайында, тамаша жерде орналасқан қала. Мен біраз жылдан бері студенттік спорт саласында жұмыс істеп келемін. Швейцария елінің ...

Жалғасы »

Нұрлан Бірманов: Ақтөбеде шаңғы тебуге құмар жастар өсіп келеді

Алматыдан арнаулы тілшіміз Жантас Мақсұтов хабарлайды  Универсиада ойындарының жоғары деңгейде өтуіне ақтөбеліктер де өз үлестерін қосуда. Студент жастарымыз бұл күндері Алматыда ерікті ретінде қатысушылар мен қонақтарға қызмет көрсетіп жүрсе, білікті мамандарымыз жарыстардың ережеге сай өтуіне септігін тигізуде. Солардың бірі — шаңғы спортынан Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Нұрлан Бірманов. Ақтөбелік маман биатлон және шаңғы спорт кешеніндегі жарыстарда төреші болып қызмет етіп ...

Жалғасы »

Денис Тен Универсиаданың оныншы алтын медалін сыйлады

Универсиада-2017 Қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстан құрамасының қоржынына оныншы алтын медальды салды деп хабарлайды Vesti.kz Денис Тен еркін бағдарламада 172.06 ұпайға ие болды. Нəтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша 266.97 ұпаймен жеңімпаз атанды. Универсиаданың күміс медалін жапон мəнерлеп сырғанаушысы Кейдзи Танака жеңіп алды. Ол қос бағдарлама бойынша 252.09 ұпай жинады. Қола медаль швед Александр Майоровқа (246.56 ұпай) бұйырды. Жарыс жеңімпаздарын ...

Жалғасы »

Дмитрий Рейхерд Универсиаданың сегізінші алтынын алды

Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың сегізінші алтын медалін алып берді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда Рейхерд ресейлік Сергей Шимбуевты озып шықты. Бұл сында бағын сынаған екінші отандасымыз Павел Колмаков қола жүлдегер атанды. Рейхердтің алтыны Қазақстан құрамасы үшін сегізінші, спортшының өзі жеңіп алған екінші алтыны болды.  kaz.vesti.kz  

Жалғасы »

Жүлделер жиыны: 15 медаль

Алматыдан арнаулы тілшіміз Жантас Мақсұтов хабарлайды:   «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткен ойындар біздің құраманың қанжығасын майлады. Медальдар саны бойынша Қазақстан Универсиада ойындарындағы өз рекордын жаңартты. Қазіргі таңда біздің қоржынымызда 15 медаль бар. Мұның алдында өткен бүкіләлемдік студенттер жарыстарында қазақстандық спортшылар көрсеткен ең жоғары нәтиже 11 медаль болған еді. Айтпақшы, кеше коньки мен керлингте отандастарымыз жүлделі орындарға іліге алмады. 500 метрге ...

Жалғасы »

Алтын жауған күн

ХХVІІІ қысқы Универсиаданың төртінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды. Себебі төрт бірдей отандасымыз алтыннан алқа тақты. Алдымен биатлон сайысында Галина Вишневская ел үмітін ақтаса, артынша фристайл сайысында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард, тау шаңғышысы Иван Люфт қарсыластарынан мықтылықтарын байқатты. Сондай-ақ биатлоншы Роман Еремин мен шаңғышы Анна Стрян ел қоржынын қола жүлделермен толықтырды. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2-ші ...

Жалғасы »

Иван Люфт Универсиаданың алтыншы алтын медалін алды

Универсиада-2017 Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық  тау шаңғышысы Иван Люфт алтын медаль ұтып алды, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстандық спортшы бәсекенің финалдық кезеңіне қосымша жолдама (“лаки лузер) арқылы шығып, 3:53.60 уақытпен алтын жүлдені алды.Бұл сында екінші орынды Владимир Фролов (Ресей – 3:54.30), үшінші орынды Егор Березин (Ресей – 3:54.57) алды. Тау шыңғысынан финалға шыққан екінші қазақстандық спортшы Олжас Климин (3:54.93) ...

Жалғасы »

Бесінші алтынға қол жеткіздік!

Универсиада-2017   Бүгінге дейін екі алтынымыз бар еді. Спортшыларымыз бүгінгі жарыс күні тағы үш алтын алып бесеуге жеткізді.Үшінші алтын жүлдені биатлоншы қызымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды. Могулшы Юлия Галышева финалда  73.80 ұпай жинап, төртінші алтынды қоржынымызға салды. Фристайлшы Дмитрий Рейхерд ...

Жалғасы »

Ел құрамасы әзірге екінші орында тұр

Қысқы Универсиада-2017 Универсиада басталғаннан-ақ жанкүйерлер қай спортшымыздың жүлде алатынына бәс тігіп, даурыққаны рас. Спорттық доданың қызығы да сол емес пе?! Ә дегеннен ел қоржынына алғашқы медальды Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченко салды. Ол 5 шақырымға созылған классикалық стильдегі шаңғы жарысында ресейлік спортшыларға есе жіберіп, қоланы місе тұтты. Айта кетерлігі, Аннадан бөлек еліміздің атынан бұл жарысқа тағы 5 шаңғышы қатысқан болатын. Атап ...

Жалғасы »

Мария Сизова жарыс жолына шықты

Алматыдан арнаулы тілшіміз Жантас Мақсұтов хабарлайды  Универсиаданың екінші күні ақтөбеліктер үшін ерекше болды. Себебі «Медеу» мұз айдынында коньки жарысына қатысушылар сынға түсті. Ал олардың арасында Ақтөбе өңірі үкілеп қосқан конькиші қызымыз Мария Сизованың жеңіске деген мүмкіндігі жоғары бағаланды. «Медеу» мұз айдынында бұл күні таңнан бері толассыз жауын-шашын жауып, айналаны қалың қар басты. Жүгіру айлақтарын тазартып жатқан еріктілер мен жұмысшыларға қарап, ...

Жалғасы »