Басты бет » Спорт (page 2)

Спорт

Тең түскен текетірес

Кеше Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» мен «Жетісу» футбол клубтарының ойыны өтті. Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясындағы кездесуде жерлес жанкүйерлер көп болды. Қос команда бүгінге дейін жасыл алаңда 39 рет кездесіп, бір-бірінің бақ пен бабын сынап келеді. Соның 18-інде жерлес футболшылар алғырлық танытса, 8-інде талдықорғандықтар озған. Ал 13 кездесу теңбе-тең аяқталыпты. Өз кезегінде нақты Чемпионат аясындағы ортақ ойындардың ...

Жалғасы »

Сырт алаңдағы тең ойын

Премьер-Лига «Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1 Ақтөбеліктердің Атыраудан үш ұпай олажалап келерліктей мүмкіндігі болған еді. Әттең… Ойынның бірінші таймында ақтөбеліктер сенімді ойнады. Бірден-ақ алаң иелерінің қақпасын нысанаға алумен болды. Жамбыл Көкеевтің соққысына қақпашы Андрей Пасеченко төтеп берді. Одан соң Абат Айымбетовтің оң қанаттан қақпашыны алдап соққан соққысынан соң доп діңгекке тиіп кері қайтты. Осы қарқыннан таймаған қонақтар ақыры нәтижеге де жетті. 37-минутта ...

Жалғасы »

Ақтөбедегі алғашқы спартакиада

Кеше Ақтөбеде Астана қаласының 20 жылдығына орай сыртқы мемлекеттік аудит органдары қызметкерлері арасында І республикалық спартакиада басталды. Екікүндік жарысқа республиканың 11 облысынан 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.  Қатысушылар спорттың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, дартс және шахмат сынды 5 түрі бойынша сынға түсуде. Шараның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барша қатысушыларды  І республикалық спартакиаданың басталуымен құттықтап, командаларға ...

Жалғасы »

Берекелі бірлік

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Ақтөбе қаласындағы олимпиада резервтерін даярлау орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастауымен еңбек ұжымдары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шараның марапаттау рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Спартакиада спорттың мини-футбол, волейбол, асық ату, гір көтеру, үстел теннисі сынды барлығы 8 түрінен өтті. Жарысқа «Трансэнерго», «Ақбұлақ», «Қазақтелеком», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазхром» трансұлттық ...

Жалғасы »

Облыс әкімі кубогы үшін турнир басталды

Ақтөбе қаласындағы футболдан облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінде футболдан 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысы әкімінің кубогына арналған ІІІ халықаралық турнир басталды. Жарысқа  облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі, «Ақтөбе», Шымкент облыстық жасөспірімдер спорт мектебі, «Пахтакор» (Өзбекстан), «Урал» (Екатеринбург, Ресей), «Носта» (Новотроицк, Ресей) футбол командалары қатысуда. — Халықаралық турнир алғаш рет 2016 жылы бастау алды. Бұл біздің ақтөбелік жас спортшылар үшін маңызды ...

Жалғасы »

11 мың жанкүйер тамашалаған жеңіс

Премьер-Лига «Ақтөбе»-«Қызылжар СК» — 2:0 Ақтөбеліктер өз алаңымызда өткен алғашқы ойында-ақ шын жанкүйерлер қандай болуы керектігін тағы бір рет айқын көрсетті. 7-тур ойындарын Қазақстан бойынша 23 300 адам тамашалапты, яғни орта есеппен әр стадионға 3883 адам келген екен. Ал Ақтөбедегі Орталық стадион 11 000 жанкүйерді қабылдады. ФИФА-ның бұрынғы футболшыға төленбеген қарызы үшін «Ақтөбе» командасынан 6 ұпай алып тастауы ақтөбеліктердің ұнжырғасын түсіре алмағаны ...

Жалғасы »

Желаяқтар облыстық газеттердің жүлдесі үшін жарысты

Өткен сенбі күні олимпиада резервтерін даярлау орталығында «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіруден жарыс өтті. Биыл 45-ші мәрте облыстық деңгейде ұйымдастырылған сайыс «Актюбинский вестник» басылымының 100 жылдығына арналды. Жасы мен жасамысына дейін Дәстүрлі додаға бұл жолы жүзден аса спортшы қатысты. Олардың арасында Қобда, Хромтау, Қарғалы, Мәртөк және Мұғалжар ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» шағын футбол клубы Еуропа лигасына қатысуға жолдама алды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов футзалдан  Қазақстан чемпионатында ІІ орын алған «Ақтөбе» шағын футбол клубының ойыншыларына, бапкерлік штаб пен әкімшілігіне күміс медальдарды табыс етті. Салтанатты түрде ұйымдастырылған жиын «Керуен Сити» ойын-сауық сауда орталығында өтті. «Ақтөбе» шағын футбол клубы вице-чемпион атанып қана қоймай, келесі маусымда Еуропаның беделді футзал турнирі — УЕФА кубогына қатысуға жолдама алды. Марапаттау рәсімі алдында команданың былтырғы маусымдағы ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Достық» су спорты кешенінде жүзуден Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейден 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, жарыстың құрметті қонақтары, жүзуден төрт дүркін Олимпиада чемпионы, Халықаралық Олимпиада Комитетінің құрметті мүшесі Александр Попов және Украинаның жүзуден құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Сердинов қатысты. Аталған чемпионат Ақтөбе қаласында ...

Жалғасы »

Жаттықтырушылар тәжірибе алмасты

Ақтөбе қаласында жүзу спорт түрінен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ағымдағы жылдың 22-23 сәуір аралығында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында Беларусь, Украина, Ресей Федерациясы мамандарының қатысуымен жүзу жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру, кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау мақсатында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-ге жуық қатысушы жиналды. Оларға жүзуден Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы, алты дүркін Әлем ...

Жалғасы »