Басты бет » Спорт (page 102)

Спорт

Азияның алтыны

Жақында Тәжікстанда өткен Орталық Азия ойындарынан ақтөбелік самбошылар олжалы оралды. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз екі алтын, бір қола медаль иеленді. Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қазақстан және тағы басқа елдердің самбошылары бас қосқан мұндай турнир алғаш ұйымдастырылып отыр.  Қазақстан құрама командасынан барған 20-ға жуық самбошының  арасынан ақтөбелік 3 палуан ел намысын қорғап, жеңіске қол жеткізді. Азия чемпионы, бірнеше ірі жарыстарда олжа салған ...

Жалғасы »

Жарайсың, Азат!

Жақында Семей қаласында бильярд ойынынан ҚР біріншілігі өтті. Ақтөбелік жас ойыншы Азат Түменов біріншілікте топ жарып, 2-орынды иеленді. Азат – Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті. Кеше ол 18 жасқа толды. Бұл жасқа дейін ол бильярд ойынынан бірнеше асуларды бағындырып жүр. Бала кезінен шахмат, футбол тәрізді ойындарды ойнауды дағдыға айналдырған Азат есейе келе елдің ең мықты бильярдшысы болсам деп армандайтын. ...

Жалғасы »

«АҚТӨБЕ» МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Өткен сенбі күні елімізде Супер лига командалары арасындағы чемпионаттың шымылдық ашар ойындары өтті. І турда Қызылорданың «Қайсар» командасын 1:0 есебімен жеңген жерлестеріміз турнир кестесіндегі үшінші орынға орнықты. Голдың авторы — Мұрат Тілешев. Кездесудің екінші бөлігінің ортасына таяу Андрей Лаврикті өз қақпаларының тұсында шалып жыққан алаң иелері ойын тағдырын шешкен жалғыз голды он бір метрлік қашықтықтан жіберіп алды. Спорт басылымдары мен ...

Жалғасы »

Палуан қыздардың олжасы

Ақпан айында Өскемен қаласында дзюдо күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатқа Құрашасай орта мектебінің 9-сынып оқушылары самбодан спорт шебері, Әлем чемпионы Айгүл Байқұлова мен самбо, дзюдо күресінен Азия жүлдегері Жұлдызай Бауыржанова барып, олжамен оралды. Айгүл Байқұлова чемпионатта 45 кг салмақта бақ сынап, І орынды жеңіп, Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шебері атағына ие болды. Жолдама алған жеңімпаз енді Грекияда өтетін ...

Жалғасы »

АҚТӨБЕДЕ САЯТШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

Биыл тұңғыш рет Ақтөбе облысының үлесіне ұлттық спортымыздың бірегей түрінен чемпионат өткізу кезегі тиді. Бұрын-соңды біздің облысқа таныла қоймаған саятшылар сайысын асыға күткендер аз болған жоқ.  Жарыстың ресми атауы – «Бүркітші-2009». Жастар арасындағы бірінші чемпионат. Бұл жарысты өткізуге ұйытқы болған ҚР Туризм және спорт министрлігі басшыларының мәлімдеулерінше, соңғы жылдары Ақтөбе облысында ұлттық спорт түрлерінің даму қарқыны ерекше. Тіпті, жекелеген спорт ...

Жалғасы »

Аяққа шаңғыны іліп ап… жарысқан қандай әдемі!

Ақтөбе-Орск тас жолында Қарғалы селолық округінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының сыйлығына шаңғы тебуден чемпионат өтті. Қарғалы селолық округінің әкімдігі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Ақтөбе қалалық филиалы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен жарысқа қатысқан алты мектептен жиналған 9-11 сыныптың 30 оқушысы 3 километр қашықтықта шаңғы теуіп, бақ сынасты. Чемпионаттың ашылуында ...

Жалғасы »