Басты бет » Спорт (page 10)

Спорт

Арман «Алтын тұғыр» алды

Астана қаласында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Қауымдастық жыл қорытындысын жасап,  үздік спортшыларды арнайы номинациялармен марапаттады. Осы шарада ақтөбелік спортшы Арман Сағымбаев «Үздік аударыспақшы» номинациясын жеңіп алды. Елордадағы «Астана» концерт залында үздіктерді қауымдастық президенті Бекболат Тілеухан марапаттады. Арман Сағымбаев — аударыспақтан облыс намысын қорғап жүрген спортшы. Ат спорты мектебіне 15 жасында келген. ...

Жалғасы »

Спортшылар жаңа жылды қалай қарсы алады?

Сәбина АЛТЫНБЕКОВА, қазақстандық танымал волейболшы: — Биыл жаңа жылда Астана қаласында боламын. 31 желтоқсан күні Президент шыршасына қатыспақ ойым бар. Келер жылдан көп үміт күтемін. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы волейбол спорт мектебін ашсақ деген ойымызға қолдау танытты. Себебі спорт сүйер жастар өте көп. Менің бала күнімнен бергі басты арманым — мықты спортшы болу. Осы жолда әлі талай еңбек ете ...

Жалғасы »

Сәбинаның волейбол мектебін ашу туралы ұсынысы қолдау тапты

Сейсенбі күні денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жыл қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ақтөбелік 12 спортшы марапатталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Кездесудің құрметті қонағы жерлесіміз, танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова болды. Сондай-ақ ақтөбелік спорт шеберлері мен  жаттықтырушылар, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында 2016 жылдағы денешынықтыру және аймақтағы спортты дамытудың жұмыс қорытындылары, ...

Жалғасы »

1993-2015 жылдардың жетістігі — 44 медаль

Қысқы универсиада-2017 Алатау бөктерінде өтетін XXVIII қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың басталуына бір айдан астам уақыт қана қалды. Қазірдің өзінде алдағы Универсиадаға 60-қа жуық мемлекет қатысуға өтініш бергені мәлім. Универсиадаға 17-28 жас аралығындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер мен магистранттардан құралған 2 мыңнан аса спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Енді осыған дейін Қазақстан студенттері қысқы Универсиада ойындарында қанша медаль жеңіп ...

Жалғасы »

Универсиаданың тұмары- сұңқар

Қысқы универсиада-2017  Студенттік спорт тарихы 1905 жылы АҚШ-та өткен студент жастардың алғашқы халықаралық жарысынан басталды. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды.   Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 60 мұз айдыны ашылады

Қыс басталса, қала тұрғындары мұз айдындарына барып, коньки тебуге құштар. Осы орайда ақтөбеліктер қандай орындарға барып жүр? Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, қазір Ақтөбеде 40-тан астам мұз айдыны жұмыстарын бастады. Оның 5-еуі хоккей қорапшасымен қоршалыпты. Ал биылғы қыс айларында барлығы 60 мұз айдынын ашу жоспарланған. — Ақтөбеде мұз айдындары мектептердің аулаларында, селолық округтерде бар. Сондай-ақ, ...

Жалғасы »

Үш ақтөбелік Азия чемпионы атанды

Тоғызқұмалақ Өткен аптада ақтөбелік тоғызқұмалақ шеберлері өз жетістіктерімен жанкүйерлерін қуантты. Ресейдің Таулы Алтай (Горно-Алтайск) қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында тоғызқұмалақтан өткен ІІ Азия ашық чемпионатына қатысқан ел құрамасында тек 4 ақтөбелік болды. — Біздің ақтөбелік тоғызқұмалақшылар өте керемет нәтиже көрсетті. Жекелей тоқталып өтейін, 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классика ойынынан Азамат Қайдаров барлық ойындарда таза жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. ...

Жалғасы »

Игорь Рахаев — «Ақтөбенің» бас бапкері

Брифинг  Журналистер мен жанкүйерлерге «Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері Игорь Рахаев таныстырылды. Украиналық маман 2002 жылдан бері бірнеше команданы жаттықтырған. Жиынды «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры міндетін атқарушы Мақсат Тюмалиев жүргізіп отырды. Ол Игорь Владимировичті сала маманы ретінде жоғары бағалайтынын айтып, оның футболшы ретінде де тәжірибесі барын атап өтті. Өз кезегінде жаңа бас бапкер: — Клубтың жай-күйімен таныспын. Көп ...

Жалғасы »

Достық жеңді!..

Жарыс  Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ауданында «Hammer» спорт кешенінде облыстық білім басқармасы мен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында облыстық «Біз біргеміз!» атты спорттық жарыс өтті. Жарысқа облыс мектептерінен 16 команда, оның ішінде, 32 ата-ана және 48 оқушы қатысты. Командалар сапқа тұрып, Әнұранды құрметпен тыңдады. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы ...

Жалғасы »

Жеңіссіз жорықтар

Дания-Қазақстан — 4:1  11 қараша күні футболдан 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті кездесулері жалғасын тапты. «Е» тобындағы Қазақстан сырт алаңда ойнады. Бұл сапарда сырт алаңнан ең болмаса бір ұпай олжалап оралу орындалмастай жоспар да емес болатын. Себебі бұған дейінгі үш ойында даниялықтар екі рет ұтылып, бір рет қана жеңіске жеткен. Копенгагенде өткен кездесудің бірінші таймында сол арманға ...

Жалғасы »