Басты бет » Спорт

Спорт

Қос жеңіс және жолдама

Тоғызқұмалақ Тараз қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында ақтөбеліктер топ жарды. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 80-ге жуық ойыншы өзара бақ сынасқан. Бұл жарыста 9 ойынның жетеуінен жоғары ұпай жинаған жерлесіміз Аманбек Өндірбаев 1-орынды иеленді. Тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабидолла Нұршиннің айтуынша, аталған жарыста 3 ойыншының ұпайлары тең түскен. Алайда Аманбек үш кезеңде ...

Жалғасы »

Басты талап — үш ойында жоғары нәтиже көрсету

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубымен кездесіп, жоғары нәтиже көрсете алмаған ойыншыларды сын тезіне алды. Облыс әкімінің орынбасары әрі облыстық футбол ассоциациясының президенті Қайрат Бекенов, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Мақсат Тюмалиев, футболшылар қатысқан жиында Бердібек Сапарбаев: — Бас бапкер тағайындалғанда, осындағы барлық футболшылар жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деп сөз берген болатын. Алайда ол уәде орындалмады. Қазіргі уақытта турнирдегі ...

Жалғасы »

Ақтөбелік палуан әлем чемпионатына жолдама алды

Жақында Алматы облысы Талдықорған қаласында Социалистік  Еңбек ері Зылиқа Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті. Жарысқа 260-тан аса палуан қатысты. Жарыстың негізгі ерекшелігі — тек қана 23 жастағы палуандар қатысады. Олар 125 келі салмақ бойынша сынға түседі. Осы сайыста Еркін Ізбасаровтың шәкірті Жүсіп Батырмырзаев қарсыластарын жеңіп, қараша айында Словакияда өтетін әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алды. — Чемпионаттың алдында ...

Жалғасы »

Ардагер спортшылар жүлдемен оралды

Болгарияның  Пловдив қаласында өткен грек-рим күресінен әлем біріншілігінде ақтөбелік ардагер спортшылар жеңіспен оралды. Сайыста 70 келі  салмақ бойынша Аманғос Ниязов үшінші орын алып, қола медалға ие болды. Ал 78 келі салмақтағы Қадыржан Жанпейісов 5-орынға табан тіреді. Екі спортшы да Шалқар күрес мектебінің түлектері.  Олар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Қайыржан Жанпейісовтің  жетекшілігімен дайындықтан өткен. Облыстық ардагер спорт шеберлерінің құрама командасы — ...

Жалғасы »

Бақытжан мен оның алауы автокөлік пен әкімнің кубогын иемденді

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласы әкімі кубогына арналған ат жарыс өтті. Сәйгүліктер сайысында еліміздің өңірлерінен бөлек, көршілес Ресей Федерациясының өкілдері де бақ сынасты. Жарыстың өзі тоқ бәйге және аламан бәйге бойынша ұйымдастырылды. Облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Азат Жүкеннің айтуынша, 50-ге жуық қатысушының арасынан Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды сияқты облыстардың шашасына шаң жұқтырмайтын жүйрік ат, епті шабандоздарын ерекше атап өтуге болады. Бұл ...

Жалғасы »

Ғарышкер Лончаковтың жүлдесі үшін жарыс өтті

Ашық турнир 14-15 қазанда Ақтөбеде таэквондодан жасөспірімдер арасында облысымыздың құрметті азаматы, ұшқыш-космонавт Ю.В.Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті. Турнир облыс әкімдігі, сондай-ақ республикалық және облыстық WTF таэквондо федерацияларының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Ашық турнир болғандықтан, жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен, өз облысымыздан бірнеше команда қатысумен қатар, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен де жас спортшылар келді. Көрермендер жарысты Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында ...

Жалғасы »

Финалдық ойын Ақтөбеде алғаш рет өтті

Қазақстан Кубогы Ақтөбе стадионында сенбі күні тарихта алғаш рет Қазақстан Кубогы жолындағы бәскенің ақтық ойыны өтті. Әрине, жанкүйерлердің басым бөлігі бұл жолы «Қайраттың» жеңіске жететіндігіне көп күмәндана қоймағаны белгілі. Солай болды да. «Қайрат» осымен сегізінші рет Кубок жеңімпазы атанды. Бірақ «Атырау» командасы алматылықтарға жеңісті оңай бере қойған жоқ. Өздері кереметтей шабуыл жасамаса да, үнемі тықсыра қимылдаған алматылық футболшылардың жолын кесіп ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Жеңіс» спорт орталығы ашылды

Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектептің жанынан «Жеңіс» спорт орталығы ашылды. Аталған спорт орталығы мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортқа баулу, жалпы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау мақсатында ашылды. «Жеңіс» спорт алаңының жалпы ауданы — 500 шаршы метр. Орталық мектеп ғимаратының төменгі бөлігінде орналасқан. Мұнда тренажер, шығыс жекпе-жегі, бокс және күреске арналған кең жаттығу залдары бар. ...

Жалғасы »

Еркінбек пен Дәурен — жүлдегерлер

Аралас жекпе-жек спорт түрінен бірқатар жетістіктерге жеткен ақтөбелік жігіттер баспасөз мәслихатын өткізіп, халықаралық жарыстардағы қуанышымен бөлісті. Әсіресе, Астана қаласында ұйымдастырылған V Әлем чемпионатынан жерлестеріміз үлкен олжамен оралған. Оған әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150 спортшы жиналған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен спорттық сайыста ерлер 8 әйелдер 2 салмақ бойынша өзара сынға түсті. Ақтық сынға еліміздің бес өкілі жетіп, алғашқы ...

Жалғасы »

Чемпиондар батасын берді

Өткен жұма күні Олимпиада чемпиондары — Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Юрий Мельниченколар бастаған даңқты спортшылар  еркін және әйелдер күресінен республикалық турнирдің ашылуына қатысты. Байрақты бәсеке республикалық «Туған жер» форумы аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орайластырылды. Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында ұйымдастырылған спорттық сайысқа 2001-2003 жылғы жасөспірімдер жиналды. Олардың жалпы саны — 200-ден астам. Жарысқа еліміздің барлық ...

Жалғасы »