Басты бет » Тұлға

Тұлға

Асанәлі ӘШІМОВ: Рөлді кез келген адам ойнай алады, ал кейіпкер жасау нағыз актердің ғана қолынан келеді

  КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, даңқты актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов газетке берген сұхбаты барысында жас әріптестеріне қоятын ең негізгі талабы, ғұмырнамалық кітаптарының жазылу сыры, алдағы шығармашылық жоспарлары, сондай-ақ Ақтөбедегі театр өнерінің дамуы туралы пікірін айтты.    — Ақтөбеге ұлы Мұхаңның атындағы өнердің қарашаңырағы — өзім көркемдік жетекші қызметін атқарып отырған Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі ...

Жалғасы »

Тертеге сыймаған тағдыр

Өтежан Нұрғалиев — 80 Қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтің туғанына биыл 80 жыл толады. Әдебиет есігін тамылжыған лирик болып ашқан қаламгер өткен ғасырдың төртінші ширегінде зор эпикалық қарымын танытты. Оның «Соғыстың соңғы жазы» атты төрт кітаптан тұратын балладалары қазақ әдебиетіне жаңа тыныс әкелді. Бүгін жарияланып отырған мақала — ақын туралы алда да ұсынылатын туындылардың бастауы. Жеткіншектіктен енді шыға бере өлеңнің ...

Жалғасы »

Арынғазы

Көпшілік есімін ардақтап, мақтан тұтар азамат Арынғазы Беркінбаев алпысқа келді. Бұған сену де қиын, сенбеуге де болмайды. Сенудің қиындығы: түр-өңі де, іс-қимылы да әлі жас, қынулы қырықтағы қалпында дерлік; қандай істі де сергек қалпында шалт шешіп тастайды, елдің шаруасына белсене араласып жүргені. Сенетінің: бір кісінің ғұмырында атқаратын игілікті істердің қаншамасын оның осы уақытқа дейін игеріп тастағаны. Кейде ойлайсың: «Осының бәріне ...

Жалғасы »

Қайраты мен ақылы — жүрегінде

Осы күнге жеткенше билік тізгінін ұстап, ел ықыласына бөленген та­лай азаматпен қызметтес, сыйлас, дәмдес болдық. Солардың ішінде ұлтжандығымен, іскерлігімен, кісілігімен жаныма жақын, көзіме ыстық көрінетін қайраткерлердің бірі — Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов. Елеусін әкеден ерте айырылды. Арқа сүйер панасын ел-жұрттың ауыл іргесіндегі қорымға қалай қойғандығы есінде. Бала Елеусін анасы Бақыт және апасы Ақпатша үшеуі бір-біріне сүйенісіп қала берді. Ұлы Отан соғысынан ...

Жалғасы »

Телегей теңіз

(Әбіш Кекілбайұлы жайында толғаныс) Классик жазушы Әбіш Кекілбайұлы тірі болса, осы желтоқсанда 77 жасқа келер еді. Республиканың түкпір-түкпірінде ұлы суреткерге арналған түрлі жиындардың өтуі оған деген халықтың ықыласын аңғартады. Шын дарынды тани білетін Әбіш ағаның ерекше пейілі түскен інілерінің бірі  —  белгілі қаламгер, сыншы Құлбек Ергөбек. Ол 60-қа толғанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Әбіш Кекілбайұлының мақаласында аға  ықыласы былай өрнектеліпті: ...

Жалғасы »

«Мейлінше ғибратты дарын»

Бұдан бір жылға жуық уақыт бұрын, өткен жылдың 10 желтоқсанында қазақтың заңғар жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев дүниеден озған еді. Жақын күндері аяулы тұлғаның жылдық асы берілгелі отыр. Осыған орай ол туралы замандастары — елге танымал жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің әр жылдары баспасөз беттерінде жариялаған пікірлерін оқырмандарға ұсынамыз: Есенбай Дүйсенбайұлы: «Намыс пен Нартәуекелді жалау етіп, жап-жас шағының ...

Жалғасы »

Біртуар тұлға

Әбіш Кекілбайұлын еске алу кешінде сөйленген сөз Қадірлі халайық! Бүгін барша жұрт есімін аса зор ілтипатпен ауызға алып жатқан біздің Әбіш, шын мәнінде, халықтың маңдайына бір ғасырда бір рет қана бітетін (бәлкім, тіпті бітпей кетуі де мүмкін!) ерен тұлға-тұғын. Ерен тұлға болатын себебі — Құдай оның бір басына ақыл мен парасат, биік адамгершілік пен кісілік мейірімді молынан бергенімен ғана қоймай, ...

Жалғасы »

Сәния Қалдығұлова: Ең жемісті еңбек еткен жылдарым ел Тәуелсіздігінің нығаю жылдарымен тұспа-тұс келді

Сонау Аққағаз, Әлиялардың сіңлісі деген атқа лайық, әр салада еліміздің дамуына үлес қосып, қалың жұртқа үлгі болып жүрген ақтөбелік қыз-келіншектер аз емес. Олардың арасында Сәния Қалдығұлованың орны бөлек. Ол 30 жылға жуық уақыт Ақтөбе қаласында, облыста басшылық қызметтер тізгінін ұстап келеді… Бала атаулы үшін өмірдегі ең басты, ең жақын адам — ана. (Үнемі — жұмыста, жұмыстан бос уақытының көбінде отбасының, ...

Жалғасы »

Қазақ елдігінің көсегесін көгерткен парасат

Қуаныш СҰЛТАНОВ: …Өткен ХХ ғасырдың 60-70-жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі болды десек, қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде «Алыптар тобы» атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткерлері ...

Жалғасы »

Азамат, қаламгер, қайраткер

Шерхан МҰРТАЗА Әлі есімде, 1954 жыл еді. Мәскеудегі оқу орны мені Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасына практикаға жіберді. Баспа директоры Б.Балтағожин деген кісі еді. Партия функционері. Бір күні директор бүкіл ұжымды шұғыл жиналысқа шақырды. «Не боп қалды?» деп бәріміз кабинетке үркектей кірдік. Балтағожин жарықтық, шағын ғана  домалақ, қара торы кісі еді. Басынан буы бұрқырап, түтігіп кетіпті. — Масқара болдық! ...

Жалғасы »