Басты бет » Ауыл (page 4)

Ауыл

Ойылда қымызхана ашылды

Жуырда сарбиелік кәсіпкер Жандос Галиакпаров аудан орталығында қымызхана ашты. 2015 жылдан бастап «Атамекен» шаруа қожалығын құрып, жылқы өсірумен айналысып отырған кәсіпкер халықты саумал, қымызбен қамтып, алдын ала емдеу шараларын жүргізу мақсатында осындай үлкен бастама бастап отыр. Қымызхананың салтанатты ашылуында аудан әкімі Дастан Сағыров кәсіпкердің бұл бастамасына алғысын айтып, сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан әкімі алдағы уақытта қымызхананың ауқымын кеңейтіп, аудан ...

Жалғасы »

Қаражарлықтардың қуанышы

Жуырда Байғанин ауданының Қаражар ауылында жаңа 100 орындық мектеп ашылды. Екі қабатты зәулім ғимарат ауыл ажарына көрік беріп қана қоймай, тұрғындардың қуанышын еселей түсті. Себебі қаражарлық оқушылар осыған дейін 1957 жылы салынған ескі ғимаратта оқып келген. Ауыл тұрғындары еңселі ғимараттың бой көтеруіне мұрындық болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың еңбегіне ерекше ризашылықтарын білдіріп жатты. Заманауи үлгіде салынған мектептің ашылу салтанатына ауыл ...

Жалғасы »

Құрсайдағы кооператив

Қобда ауылдық округіне қарасты Құрсай ауылында өткен жылы құрылған «Береке-бірлік» ауыл шаруашылық-өндірістік кооперативі биыл 15 гектарға бау-бақша өнімдерін еккен. Атап айтсақ, картоп, қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, баклажан, қауын-қарбыз, т.б. Нәтижесінде кооператив картоптың әр гектарынан 45 центнерден, сондай-ақ қауын-қарбыздан, көкөніс түрлерінен мол өнім алыпты. Кооператив басшысы Қалабай Мамелековтің айтуынша, қазіргі таңда кооператив құрамында 20 адам бар. Сондай-ақ 200 гектар жайылымдық, 50 ...

Жалғасы »

«Сыбаға» — мал басын көбейтудің сенімді жолы

«Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту». Елбасы Жолдауы жолдарынан. Елбасының Жолдауында көрсетілгеніндей, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің сыртқа өнім шығарудағы қуаты таяудағы бес жылда 2,5 есе ұлғаюға тиіс. Осы міндеттерді шешу үшін аталған салаға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие түрінде қаржылық қолдау көрсетілуде. Мемлекет ...

Жалғасы »

Нұрболаттың жаңарған шаруашылығы

Шаруаның түйінін техника шешеді Өткен қыркүйек айының басында Хромтау ауданында күзгі науқандық жұмыстармен танысып жүріп, «Наурыз» шаруа қожалығының егінжайына соқтық. Сонда бізді  сүйсіндірген — шаруа қожалығының егінжай басында сап түзеп тұрған техникалары болды. Олар шетінен су жаңа, немесе кейінгі бір-екі жылдықта алынған екен. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына араласа жүріп, өзімізді бұл саланың техникаларынан хабарымыз бар деп есептейтінбіз. Бірақ мына жерде бізге ...

Жалғасы »

Аудандағы қарымды істер

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы аясында биыл Байғанин, Мәртөк аудандарында бірқатар жобалар іске асырылуда. Сонымен… Жолдар жөнделді, «Ана мен бала» аллеясы салынды Биылғы жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Мәртөк ауданында жалпы құны 107 млн 228 мың теңге тұратын 38 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда аталған жобаның 22-сі іске ...

Жалғасы »

Көптоғайда балаларға арналған ойын алаңы ашылды

Жуырда «ZHAS PROJECT» жобасы аясында Көптоғай ауылдық округінде «Бақытты бала» алаңы ашылды. Аталған алаңды осы округтің тұрғындары, жоба қатысушылары Мерей Елмұратқызы, Асылбек Идеятов, Айнагүл Өтеновалардың бірлесіп жасақтаған. Алаңның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұратбай Айдарбаев пен еңбек ардагері Ғалия Әмірова жаңа нысанның лентасын қиып, игі тілектерін жолдады. Мұратбай Айдарбаев шарада бүгінгі күні жастарға өз алдына кәсіп ашып, өзін-өзі ...

Жалғасы »

Екі ауданның жаңалығы

 «Туған жерге тағзым» Бейнебақылау қондырғылары орнатылды Биылғы жылы Ырғыз ауданында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 122 млн 500 мың теңгеге 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі күні ауданда 30 жоба іске асырылған. Оның жалпы құны — 30 млн 890 мың теңге. Атап айтсақ, биыл ауданда «Алтын-Әсел» ЖШС директоры Хамит Өтеуұлының демеушілігімен 5 млн теңгеге Қарақұдық ауылында саябақ салынып, Құмтоғай ауылындағы ...

Жалғасы »

«Парасаттың» қарбызы

Күз келісімен ауылдағы шаруалар жаздай баптап, өсірген көкөніс, жеміс-жидегін жинап, алған өнімін сатады. Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы «Парасат» шаруа қожалығы биыл алғаш рет қауын-қарбыз егіп, 80 тоннаға жуық өнім жинапты. Шаруашылық басшысы Самғат Әбеновтің айтуынша, «Парасат» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын құрылған. Ағайынды Әбеновтер ірі қара өсірумен қатар биыл бау-бақша егуді қолға алыпты. Ауыл маңындағы Уәли қыстауынан жер алып, ...

Жалғасы »

Футбол алаңын салып берді

Ойыл ауданының Қараой ауылында футбол алаңы салынды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Қобыланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен салынған шағын футбол алаңына жасанды төсеніш төселіп, халықаралық стандартқа сай жабдықталған. Жоба құны — 8 млн теңге. Қараойлық жастарға арнап игі іс жасаған серіктестік басшысы Махмут Налибаев бұл Астананың 20 жылдығына арнайы жасаған тартуы екенін жеткізді. Жуырда Қараой ауылында жаңа алаңда шағын футболдан ...

Жалғасы »