Басты бет » Тарих

Тарих

Азаттық таңына сенген арыстар

Конференция «Түркі тілін зерттеуді алғаш түркілер өздері бастаған. Бұған ХІ ғасырдағы Махмұд Қашғари еңбегі дәлел. ХІХ ғасырда түркологияны ресейлік ғалымдар зерттеді. Ал қазақ тілі ғылымын тұңғыш бастаушы — ірі түрколог Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаң: «Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген, о жер-бұ жері бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты, артық әріптері көп әліпби де қолайсыз, бойыңды қысып, ...

Жалғасы »

«Алашордадан — 136, контрреволюциялық ұйымнан 47 адам бар» деп шүйліккен…

Алашорда қозғалысына — 100 жыл ХХ ғасырдың басында өмірге келген Алашорда қозғалысы қазақ елінің, қазақ халқының экономикалық, мәдени, рухани-саяси жаңғыруын ұран етіп, озық жұрттар қатарына қосу мақсатын ұстанды. Оның басында діни қайраткерлер — медресе ұстаздарынан әріп таныған, халықтың ауыз әдебиетімен, шығыстың классикалық шығармаларымен сусындаған, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген, Абай тәлімін үлкендер әңгімесінен естіп, Ыбырай ашқанмектептерден орыс тілін үйреніп, нақты ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік қарсаңындағы жылдар

«…қаламызда «Қазақ» («Казахский») деген көше бар. Оны кім және қалай осылай атағаны белгісіз. Ертеректегі дүмше басшылардың біреуі бастаған іс болу керек. Әйтеуір, кезінде қаланың ең сұрықсыз көшесіне осындай ат тағылған. Ол халықты менсінбеу, кемсіту пиғылын байқататын сияқты. Әйтпесе, қазақ жеріндегі көшеге мұндай атаудың қажеті не? Басқа республикаларда «қырғыз», «өзбек», т.б. көшелер жоқ қой?». Бұл — облыстық «Коммунизм жолы» газетінің 1988 ...

Жалғасы »

Жайдары Әбіш, жабырқау Әбіш…

6 желтоқсан — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайдың туған күні. Осыған орай оның замандасы, жазушы Әнес Сарайдың мақаласын жариялап отырмыз. Мақалада сағынышқа толы естеліктер ғана емес, ұлы Әуезовтің жалғасы сынды тұлғаның қазақтың әдебиеті мен өнеріне сіңірген ұшан-теңіз еңбегі жөніндегі ой-толғаныстар, сонымен қатар, Әбіш Кекілбайдың басты шығармаларының бас кейіпкері — Әбілқайыр хан туралы құнды ...

Жалғасы »

Әлемге танылған тұлға

Алаш арыстары ХХ ғасыр басында қазақ даласын патшалық Ресейдің отарлық бұғауынан азат етіп, өз алдына  тәуелсіз ел болуды Алаштың талай ұрпағы  мұрат еткені белгілі. Алайда бұл жолдың дұрысын Әлихан Бөкейхан бастаған үркердей жарқырай шыққан талантты топ тапқан еді. Осы алыптардың арасында Мұстафа Шоқайдың орны бөлек, тағдыры ерекше, ал мұрасы мол. Ұлы күрескердің туғанына 125 жыл толуына орай Алматыдағы Ұлттық кітапхана ...

Жалғасы »

Досжан ишанның шәкірті

ХІХ ғасырда Батыс өңірінде ислам дінін таратуда өлшеусіз қызмет еткен тұлғалар көп болды. Күллі қазақ білетін Досжан ишанның аты аталған жерде, онымен бірге шәкірті Нұрлепес әулиенің аты да еске түседі. Нұрлепес Күмісбайұлы 1888 жылы Байғанин ауданының Оймауыт елді мекенінде туған. Ол Досжан хазіреттен 3 жыл білім алады. Білім алуды жалғастыруды ойлап, ұзақ сапар шегіп, Бұхара медресесінде 10 жыл оқиды. Одан ...

Жалғасы »

Ұстаз берген үлгі еді…

Тағзым Университетке студент болып қабылданған күнімді әлі ұмытпаймын. Бұл  2009 жылдың қыркүйек айының алғашқы аптасы болатын. Сол күні біздер, яғни экономика және менеджмент кафедрасының студенттері қоғамдық қайраткер, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, батыс Қазақстандағы жетекші оқу орнының экономика факультетінің негізін қалаушылардың бірі Үкітай Серікбайұлы Байжомартовпен алғаш рет кездестік. Аудиторияда қазақ және орыс бөлімшелерінде білім алатын отыздай болашақ экономистер бас ...

Жалғасы »

Есет батыр Көкіұлы

Қазақ батырларының тағдыры Есет батыр заманында ханнан кейін сөйлеген үлкен беделдің иесі болған. Және Шақшақ Жәнібектен кейінгі екінші тархан атағын иеленді.  Қазақтың әйгілі батыры Есет Көкіұлы туралы тарихи деректер Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатында, Санкт-Петербургтегі Орталық мемлекеттік мұрағатта, Мәскеудегі орталық мемлекеттік әскери мұрағатында, Алматы және Ташкенттегі орталық мемлекеттік мұрағаттарда сақталған. Орыс елші-офицерлері Тевкелеевтің күнделіктерінде, Неплюевтің жазбаларында, сонымен қатар ауыз әдебиеті мен ...

Жалғасы »

Есеттің батасы

Бекет атаның кәрі нағашысы, бүкіл саналы ғұмырын елінің егемендігі мен халқының тәуелсіздігі үшін сарп еткен тама Есет батыр Көкіұлы шамамен 1667-1766 жылдар аралығында өмір сүрген, қалмақ­тарға қарсы азаттық күрестің басшыла­рының бірі. Оның түп атасы — ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүріп, Созақта жерленген, Қожа Ахмет Яссауидің қадірменді замандасы, исі түркі жұрты түгел құрмет тұтатын белгілі әулие Қарабура. Ал өз әкесі Көкі батыр ...

Жалғасы »

Күрделі күндердің күрмеу мәселелері

Қазан төңкерісінің сабақтары Тарих — бағзының барша материалдық та, рухани да салаларын қамту мүмкіндігі мол сала ретінде өмірдің нақ өзін танытатын пән деуге болады. Тарих өздігінен ешнәрсеге үйретпейді, бірақ одан сабақ алмағандарды жазалайды деген бар. Яғни, ол тек ескерту, тек баяндау емес, кешегіні бүгінгіге жалғау, оны ертеңмен ұштастыра баяндау, пайымдау қажеттігін міндеттейді. Қазақтың ұлттық тарихында, оның ұзақ уақыттар бойы саяси, ...

Жалғасы »