Негізгі / Archive by category 'Жаңалықтар / «Ақтөбе» — 85'

Әлі есімде

СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы

Ақтөбе облыстық «Коммунизм жолы» газетін «Құрмет белгісі» орденімен наградтау туралы
Ақтөбе облысының еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беру, оларды шаруашылық және мәдени құрылыстың міндеттерін орындауға жұмылдыру жөніндегі жұмысы үшін облыстық «Коммунизм жолы» газеті «Құрмет белгісі» орденімен наградталсын.
СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Н.ПОДГОРНЫЙ.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының Секретары М.ГЕОРГАДЗЕ.

Москва, Кремль, 6 [...]

«Кедейден» «Ақтөбеге» дейін

Бауыржан Бабажанұлы,
«Ақтөбе» газетінің бас редакторы
Әлқисса, тегін адамның таз болмайтыны рас болса керек,  Владимир Ильич Ленин 1917 жылы Ресейде апан-топан төңкеріс жасап, әлемге жаңа жүйенің дүниеге келгенін жария етті. Бүгінде дүние жүзі халқы «Капиталын» жапатармағай оқып жатқан Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің күрескер рухын бойына сіңірген пролетариат көсемі әп дегеннен идеологияға баса назар аударыпты. [...]

Абыз

«Ақтөбе журналистикасының абызы» атанған Смағұл аға Мұқашев күні кешеге дейін ортамызда жүрді. Ол 93 жасқа келіп дүние салды. Смағұл Мұқашевтың өмір жолы — өзі айтқандай, бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен облыстық газет тарихының бір бөлігі, біз әрдайым мақтаныш ететін шежіре.
Ол өз тұсындағы (ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының соңы) — Ақтөбедегі жалғыз арнаулы оқу орны [...]

Аққан жұлдыздар

Әлімбай Ізбай
Газет жұмысын бірінші орынға қойып, бел шешіп кірісіп кеткенде үй-жайын да ұмытатын адамдар болады. Сондай жанның бірі Әлімбай еді. Ол қолына қаламын алып немесе компьютерге отырған сәтте әншейіндегі қалжың сүйгіш қалпынан арылып, тіпті жанына жақындаған адаммен сөйлеспей қоятын. Тіпті мазасын ала берген біреулер болса ренжіп, кейіп те тастайтын. Ал қолға алған [...]

Біздің редакторлар

Құбаш Қожамұратов
Облыстық газеттің тарихына көз салғанда Құбаш Қожамұратов есімі айбынданып алдыңыздан шығар еді. Ол осы басылымды үздіксіз он сегіз жыл басқарған.
Бұл он сегіз жылдың мәні ерекше. Өйткені ол редактор болған тұста отыз жетінің қуғын-сүргіні, екінші дүниежүзілік соғыс, қанды қырғыннан кейінгі елді қалпына келтіру, тың игеру майданы сияқты аты шулы оқиғалар орын алған еді. Осының [...]

Олар — «ақтөбеліктер»

Серікқали БАЙМЕНШЕ, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы.
Серікқали Байменше журналистік еңбек жолын «Ақтөбе» газетінде әдеби қызметшіліктен бастады. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Қазақстанның батыс облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Ақтөбе» газеті бас редакторының бірінші орынбасары жұмыстарын атқарған Серікқали аға ғылымнан да қол үзбеді. Бейімбет Майлиннің шығармашылығынан филология ғылымдарының кандидаттық, сосын докторлық диссертациясын қорғады. [...]

Біздің ардагерлер

Облыстық газет редакциясында әрқайсысы 30-40 жыл еңбек еткен, өз уақытында сан мыңдаған оқырмандардың алғысына бөленген ардагерлерімізге біз мерейтойға орай хабарласқан едік: естеліктер сұрадық, газетіміздің бүгінгі бет-келбеті жөнінде пікірлерін білдік, ақ тілектерін есіттік…

Төребек Досқалиев:
— Облыстық газетте қырық жыл бойы табан аудармай еңбек еттім. Барлық тақырыпқа жаздым, көп жаздым. Алғысты да көп алдым. Ал [...]

Мен газетке қалай келдім?

Міне, өзіміздің төл газетіміз «Ақтөбе» 85 жасқа толды. Журналист болмасам да, осы газеттің қызметкері ретінде өз пікірімді, ой-толғанысымды білдіргім келді.
Бала кезімде журналист болсам деп армандайтынмын. Үйге келген газеттерді үзбей оқып, елге танымал журналист аға-апалардың шығармашылығымен танысатынмын. Ол кезде елдің жай-күйі қазіргідей жақсы емес. Кеңшар тарап, ауылдың барлық мал-мүлкі бөлінген уақыт. Малдың құны түсіп, киімге, [...]

Одақ және облыстық газет

Жиырмасыншы ғасырдың басында Петербор мен Мәскеуде ерекше дүмпу алған революциялық қозғалыстардың ақыры бұрын Жер бетінде болып көрмеген жаңа мемлекет орнатумен аяқталды. Капитализмді аттап өту мен социалистік мемлекет құру дегеннің қандай болатынын көзбен көрдік. Қазіргідей ілім-білім жан-жақты жетілген шақта, Ленин мен оның рухани ұстазы Марксті қалай төпелесең де, ешкім ештеңе дей алмайтын мына кезеңде, сол [...]

Мәрт мінезді Мәртөкте

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ,
«Ақтөбе»
Бұл өңірдің жері де, адамы да мәрт. Арғы-бергі тарихын тек шолып қарағанда, сондай ірілікті, жомарттықты, молдықты аңғарасың. Бергісінің игілігін көріп отырғанда, арғысының бас-аяғын енді жинақтап жатқан жайымыз бар. Талайларға мекен болған бұл өлкеде кімдердің табанының ізі қалмаған десеңізші. Мұздай темір құрсанып, қабақты шарт түйіп қалмақты қайырған, қол бастаған табын Бөкенбай батырдың ерлік [...]