Басты бет » Жастар (page 5)

Жастар

Ұлттық ойындар ұмытылмайды

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы Қазақ-орыс халықаралық университеті және Ақтөбе политехникалық колледжімен бірлесіп ұлттық ойындар байқауын ұйымдастырды. Байқауға аталмыш оқу орнының студенттері мен жасотандықтар қатысты. Әсіресе қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс секілді спорт түрлеріне жастардың қызығушылығы көп болды. Шара барысында ұлттық ойындармен қатар, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы да сахналық қойылымдар ...

Жалғасы »

Арғын — озат сарбаз

Әскер Редакциямызға «Айбын» Президенттік полкі» 0112-әскери бөлімінің командирі Т.Сәрсекеевтен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына ризашылық хаты келіп түсті. Хат мәтіні төмендегідей: «Құрметті Бердібек Машбекұлы! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет кызметі Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі 0112-әскери бөлімінің жеке құрамы Елбасының қауіпсіздігін тікелей қорғайтын және Қазақстан Қарулы Күштерінің алдыңғы қатарлы әскери құрылымы болып табылады. Әр мемлекет үшін сыртқы қорғаныс пен ішкі ...

Жалғасы »

Әке жолын қуған ұл

Ел тыныштығы мен адам құқын қорғауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.  Осындай қызметке адал жанның бірі — облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Қаленов.  Ержан Ерланұлының бұл қызметте жүргеніне бес жыл толды. Жас та болса өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен орындап, кәсіби шеберлігімен көзге түскен ол бірнеше мәрте құрылым басшылығының мадақтамаларына ие болды. Қазір ...

Жалғасы »

Турнир тақырыбы — «Болашақтың энергиясы»

EXPO — 2017 Ақтөбе қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Болашақтың энергиясы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ұйымдастырған шараның басты мақсаты — жастар арасынан шешендік өнері бар, өзінің көзқарасын һәм мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу, оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, жастардың логикалық және инновациялық ойлау қабілетін дамыту. Пікірсайысшылардың ...

Жалғасы »

«Сахна салғырттықты «сүймейді»

Жаннұр Таңжарбаева  жақында ғана Қазан қаласында өткен халықаралық байқаудан I орынды жеңіп алды. Ол — облыстық халық шығармашылығы үйі жанынан құрылған «Назерке» халықтық би ұжымының мүшесі. Мамандығы бойынша дизайнер Жаннұрдың би әлеміне келгеніне он жылдан асқан. Мектептің 4-сыныбында оқып жүргенінде би үйірмесіне барып, сол уақыттан бері осы саланың хас шеберлері — Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова секілді апаларымдай әйгілі өнер иесі ...

Жалғасы »

Ізденген адам із қалдырады

Ақтөбедегі «Жазира» халықтық қазақ ұлт аспаптар ансамблінің домбырашысы Айдана Мұхамбетова осылай дейді. Өнерпаз өз сөзінде күйшілік қанша «кірпияз» өнер болса да, оны игеруге болатынын айтады. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің өткен жылғы түлегі Айдананың өнер ұжымына қабылданғанына көп уақыт бола қоймаған. Жарты жылдың ішінде өз ортасына сіңісіп кеткен ол бәріне шығармашылыққа, күй өнеріне деген махаббаттың оңды әсер еткенін жеткізді. Әрі ...

Жалғасы »

Еуропалық үлгідегі алғашқы хостел Ақтөбеде ашылды

Мемлекеттік бағдарлама Ақтөбелік жас кәсіпкер Жанна Алтынбаева былтыр Қазақстан бойынша алғашқы еуропалық үлгіде хостел ашып, іске кірісті. Хостелдің қызмет көрсету желісін франшизалық жүйеге бейімдеуді мақсат еткен кәсіпкердің бұл жобасы өзгелердікінен ерекшеленіп, бірден мемлекет тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік және аймақта жүзеге асырылған пилоттық жоба — жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Жас Старт» бағдарламалары бойынша бірден 30 миллион теңгеге ...

Жалғасы »

Жастар Елбасы үндеуін қолдайды

Жұма күні «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында «Еркін пікір» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Басқосуда белсенді жастар мен студенттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуінің маңыздылығына тоқталып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар ...

Жалғасы »

Инновациялық материалдардың игіліктері мол

 Қазақстанда жасалған Ақтөбелік жас кәсіпкер Қуаныш Айғожин құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады. Ол басшылық ететін компанияның ерекшелігі сол, мұнда тек қана экологиялық жағынан таза, қоршаған ортаға зияны жоқ материалдар өндіріледі екен. Оның сөзінше, аталған бұйымдардың Қазақстан түгілі, ТМД елдерінде баламасы жоқ. «Тыңнан түрен салып», жаңа істі бастауына Нұрхан досының септігі айрықша болғанын, идеяның авторы сол екенін айтқан Қуаныш әңгіме тиегін ...

Жалғасы »

Жастар саясатын дамытуға былтырғыдан үш есе көп қаржы бөлінді. Нәтижесі қандай?

Бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бұл саладағы жыл бойы атқарылған шаруалар жөнінде есеп беріліп, жұмыспен қамту, қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды. Кеңес мүшелері, басқарма басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және белсенді жастар қатысқан шарада облыс басшысы алдымен жастардың қоғамдағы рөліне тоқталып, еліміздің дамуы жолында олардың үлесі ...

Жалғасы »