Басты бет » Жастар (page 19)

Жастар

Студенттер жазғы жұмысқа кірісті

Биыл облыстағы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтары жұмысты жылдағыдан бір ай бұрын бастады. Сейсенбі күні Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алаңында облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қатысуымен студенттерді жұмыс орындарына салтанатты түрде  шығарып салу рәсімі өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыста «Атамекен» студенттік құрылыс жасақтарының ...

Жалғасы »

Жастар жұмысқа кірісті

Өткен аптаның жұмасында Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Атамекен» студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының еңбек маусымы ашылды. «Атамекен» студенттік құрылыс жасақтары жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл – 5 жыл. Осы жылдар аралығында көптеген жастар жұмыспен қамтылып, қаланы, аудандарды көгалдандыруға, тұрғын үй құрылыстары мен көлік жолдарын және басқаларын жөндеуге ерекше ат салысты. Биылғы еңбек маусымы мамырдың 4-інен басталады. Әдеттегідей, ...

Жалғасы »

Жағдайың қалай, студент?

Акция Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан жас мамандардың сапалы білім алуына алдымен жақсы жағдай жасалуы тиіс. Қазір студенттердің дені жатақханада тұрады. Бірақ жатақханаға орналасу студент үшін оқуға түскеннен де қиын. Себебі жатақханаларда орын жетіспейді. Қаламыздағы жоғары оқу орындарының 7-еуінде ғана студенттер үйі бар. Ал бұл жатақханаларға жасалған жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Осы мәселе турасында сейсенбі күні облыстық ішкі ...

Жалғасы »

Түлектер ауылға аттанады

Мақсат Өткен аптада Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған  жиын өтті. Шараға облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері  және көршілес облыстардан келген мамандар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Биыл облыстағы білім ордаларына 482 маман қажет. Оның ішінде ауылдық мектептер  380 маманға зәру.  Сұранысқа ие – математика, физика, химия, ағылшын тілі, дене шынықтыру, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ...

Жалғасы »

Жаңа технология және жастар

Өткен аптада Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде «Бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда инновациялық технологияларды қолдану» атты семинар өтті. Жиынға қаладағы колледждерден  елуге жуық оқытушы қатысты. Семинарда жаңа инновациялық технологиялар бойынша арнайы секциялық жұмыстар жүрді. Облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері Нұргүл Ермекова инновациялық технологияларға арналған әдебиеттерге шолу жасады. Ал өз кезегінде колледж оқытушылары сапалы білім беруде озық технологиялар көмегінің зор ...

Жалғасы »

Бәсекеге әркімнің таласы бар

Өткен аптаның бейсенбісінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетінде «Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жағдайындағы студенттік ғылымның ролі» деген тақырыпта  VI халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын конференцияға биыл Астана, Атырау, Тараз, Орынбор, Астрахань қалаларынан келген жас ғалымдар мен студенттер қатысты. Шара барысында болашақ ғалымдар  бірнеше секциялар негізінде өз жұмыстарын талқылады. – Халықаралық конференцияны ...

Жалғасы »

Жастарға екі жоба ұсынылды

Өткен аптаның жұма күні «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында «Жас Отан» жастар қанатының және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен жастарды мемлекеттік қызметке даярлау мақсатында жиын өтті. Аталған шараға «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әсел Бөлекова, қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Әлімбек Тұралиев және «Мемлекеттік қызметкер мектебі» жобасының жетекшісі Гүлдәурен Мусирова қатысты. Жиында ...

Жалғасы »

БРЕМЕНДЕГІ БІЗДІҢ ӘСЕМ

Шетелде оқып жатқан немесе жұмыс жасайтын замандастарымыздың қазақ тілінде еркін сайрап тұратындары әлі сирек. Германияның Бремен қаласындағы (әйгілі «Бремен музыканттары» ертегісі есіңізге түскен шығар) француздық «Schlumberger» мұнай компаниясында инженер боп жүрген Әсем Шәмішева — сол сиректердің бірі. Бірақ бұған таң қалудың да жөні жоқ екен. Әсем – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың 2002 жылғы жеңімпазы. ...

Жалғасы »