Негізгі / Archive by category 'Жаңалықтар / Денсаулық'

ЖҮРЕК АУРУЫ ЖАСАРЫП БАРАДЫ

Ілгеріде елімізде онкологиялық және құрт ауруы алдыңғы орында тұрса, қазір жүрек-қан тамыр ауруы бірінші орынды алады. Бүгінде әрбір оныншы адам осы дертке шалдыққан.
Сонымен…
Күйзеліс ауруға шалдықтырады
Жүрек-қан тамыр ауруларының холестериннен пайда болатыны рас-ақ. Дегенмен,  ілгеріде ата-бабаларымыз холестеринге бай семіз малдың майлы етін жеп, қымыз бен шұбат ішкен. Алайда оларды жүрек ауруынан үздіксіз қозғалыс пен тынымсыз [...]

БУЫНДАРДЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ЗАҚЫМДАЙДЫ

Бруцеллез — буындарды, репродукциялық органдарды және жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті инфекциялық ауру. Ол кейде адамды мүгедектікке душар етуі мүмкін.
Бруцеллезге шалдығушылардың 80 пайызы оңтүстік аймақта тіркелген. Мәселен, бұл Жамбыл облысында 39,6 пайыз болса, Оңтүстік Қазақстанда — 28,4, Алматыда — 27,8, Қызылорда облысында 20 пайызды көрсетеді. Ал біздің облыста бұл көрсеткіш — 27,5 пайыз.
Ауру малдан таралады. [...]

ТЕГІН ТЕКСЕРІЛІҢІЗ!

Акция

Кеше «Мега Ақтөбе» ойын-сауық орталығына келгендер тек демалып қана қоймай, денсаулықтарын тексеруге де мүмкіндік алды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдайды» деген ұранмен тұрғындар арасында акция өткізді.
Елімізде «Денсаулық жолы» атты кең көлемді акцияның жүргізіліп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Содан бері  медицина қызметкерлері халық көп шоғырланған [...]

АНА, БАЛАҢДЫ БАҚЫЛА!

Жаз айында, оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің піскен уақытында түрлі жұқпалы аурулардың көбейіп кететіні белгілі.  Әсіресе, балалар жедел-ішек инфекциясына жиі шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аталған ауру тұмаудан кейін екінші орынды алады екен. Ал жыл сайын 5 миллионға жуық бала ішек инфекциясының асқынуынан көз жұмады. Мәселен, биылғы жартыжылдықта облыстық клиникалық жұқпалы аурулар [...]

Туберкулез және біз

Туберкулезден өзіңді қорғау үшін не істеу қажет? Нені білу керек? Бұл аурудан өзіңді қалай сақтау керектігі жөнінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бас маманы, жоғары санатты дәрігер Рыскүл Қабұлова өз ойын ортаға салады.
Туберкулез — әлемде ең көп таралған жұқпалы ауру түрі. Қазір жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микробын жұқтырған.
Туберкулез [...]

Дені сау анадан — дені сау бала

Жаңа туған нәрестенің аурушаң болуы немесе шетінеп кетуі көбіне іріңді-септикалық  инфекцияның кесірінен болады. Және мұндай инфекциялар соңғы кездері аналарда жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, нәрестелердің  2%-ы  жатыр ішінде, 10 % – ға жуығы босанғаннан кейін және өмірінің 1-ші айында инфекция жұқтырады.
2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс бойынша жаңа туған нәрестелер арасында 60 [...]

Емнің тиімдісі — ерте анықтау

№3 қалалық емхана 44664 тұрғынға дәрігерлік көмек көрсетеді. Тұрғындардың денсаулығын бақылау, аурушаңдықты азайту, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыру, сырқаттарды сауықтыру — емхана жұмысының басты мақсаты.
Алайда емханаға бекітілген тұрғындардың, оның ішінде ересектердің 6,1 пайызы тексерілуге келмейді. Ал осы тұрғындар арасынан асқынған ауру түрлері жиі кездеседі. Өткен алты аймен салыстырғанда 100 тұрғынға шаққанда 17-сі ауруына байланысты [...]

Алкоголизмнің ерте білінетін әрі оның ерекше белгілерінің бірін облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының 1 санаттағы дәрігер-терапевті Гүлнәр Сидашева әңгімелейді.
Дәрігердің айтуынша, алғашқы құштарлық кезінде адам арақты ішкісі келіп тұрады. Арақ ішпеген кезінде ол қолайсыздық сезінеді, арақсыз өмір оған көңілсіз, мағынасыз болып көрінеді. Ішкісі келген кезде ол арақтан басқа еш нәрсені ойлай алмайды.
Алкоголизмнің ерте көрінетін [...]

Ана өлімі… кімнің кінәсі?

Үйін базарға айналдырғысы келмейтін отбасы бар ма?! Соңғы жылдары жүкті әйелдерді жиі кездестіретін болдық. Мұндайда  халқымыздың саны көбейетініне   іштей қуанасың. Мемлекетіміздің саясаты да елімізде демографиялық ахуалдың  жақсарғанын қалайды. 2015 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізуді   жоспарлап отыр.
Алайда  сол сәби сүйіп, бақытқа кенеледі деп ойлап жүрген кейбір аналардың бала үстінен о дүниелік [...]

Басыңыз ауырса…

Біз басымыздың жиі ауыратынын айтсақ та, одан дәрісіз қалай айығу керектігін білмейміз. Шынында басымыз неге ауырады, одан құтылуға бола ма?

Бас ауруының бес себебі

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, планета тұрғындарының 90 пайызының басы ауырады екен. Бұл неден пайда болады, бас қатты ауырса не істеу керек, қандай жағдайда дәрігерге қаралған жөн, дәрі ішеміз бе? Міне, [...]