Басты бет » Білім (page 53)

Білім

«Мектепке барғым келеді…»

Биыл облыста 5 бала мектепке бармаған. Оның үшеуі – 9, 13, 14 жастағы балалар мектеп табалдырығын мүлдем аттамаған. Солардың бірі – Әсем. Ақтөбеде дүниеге келген Әсем, 14 жылдан бері Қызылорда қаласында тұрған. Облыс орталығында тұрса да, оқумен қамтылмаған, оның құжаттары да жоқ көрінеді. Әсем неге мектепке бармады? Біз осы сауалдың жауабын білмек болып, Әсеммен, оған көмектескен адамдармен кездескенбіз. Сонымен… – ...

Жалғасы »

Балдырған

Адам Тіршіліктің тірегі Қан – тірі организмнің бойымен қан тамырлары арқылы үздіксіз жүріп тұратын қызыл түсті сұйық зат. Орта есеппен адам денесінің 6,8 пайызы қан (70 кг салмағы бар денеде 5 литрдей қан болады). Қанның негізгі құрамды бөліктері – плазма деп аталатын сарғылт сұйық зат пен соның ішінде жүзіп жүрген қызыл және ақ қан түйіршіктері. Қан плазмасында организмнің тіршілік етуіне ...

Жалғасы »

Биыл балалар тоңбайды

Жақында жылу беру маусымы басталады. Ауа райының өзгерісіне байланысты кейбір мектептерде жылу қазанның 1-інде беріле бастайды. Жалпы, барлық білім беру мекемелері айдың 15-іне дейін жылумен қамтылуы тиіс. Биылғы  оқу жылында облыс мектептері үшін 6535 тонна сұйық отын (641 млн. 185 мың теңге), 42 105 тонна көмір (307 млн 053 теңге) алу жоспарланған. Сонымен қатар 12 млн. 771  мың теңгеге 258 тонна ...

Жалғасы »

Балдырған

Біздің байлық Әрі отын, әрі дәрмек Бұдан сан миллион жылдар бұрын қазіргі қалалардың, далалардың және өзімізге таныс ормандардың – қарағайлы ормандардың, қайыңды тоғайлардың, шыршалы және еменді ормандардың орнында бүтіндей басқа тұқымды алып ағаштар бой түзеді. Сол бір бағзы замандарда жер шарындағы климат дымқыл да жылы болды. Саздауыт топырақта қалың шөп, алып бөрік басы жайқалған зәулім ағаштар өсті. Уақыт өткен сайын ...

Жалғасы »

Балдырған

Жасыл әлем Қырық шелек ылғал тартқан қайыңым Қайың туралы ән мен жыр да көп, оны өздерінің картиналарында тамаша қылқалам шеберлері де әсем бейнелеген. Қайың – сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл ...

Жалғасы »

Тиімді тыныққандар

Міне, мектеп қайтадан күлкіге толды. Ал жазғы каникул кезінде біздің мектептегі оқушылардың 88,5 пайызы демалыс орындарында тынықты. Мысалы, «Балдырған» лагерінде –  45, «Жасыл ел» еңбек-демалыс лагерінде –  40, «Ақ көгершін» дала шатырлы лагерінде – 13 оқушы демалды. Ал 5 оқушымыз Қобыланды батыр кесенесіне саяхатқа барып келді. Лагерьлерде оқушылар демалысты тиімді өткізгені анық. Онда күн сайын психологиялық тренингтер, медбикенің дәрістері өткізілді. ...

Жалғасы »

Балдырган

ХАЙУАНАТТАР Өсімдікпен қоректеніп өседі Тышқан кіп-кішкентай, дене тұрқы 5 см, салмағы бірнеше грамм ғана болса, құндыздың дене тұрқы 1 метрге, салмағы 30 килограмға дейін жетеді; тиін әрі епті, әрі жеңіл қимылдаса, шанышқылы жайра ебедейсіз қозғалады; қарақас тышқаны ағаш сүрегін паналаса, дала суыры икемсіз келеді; қосаяқ ыстық климатты қуаң дала мен шөлді мекендесе, лемминг суық тундраны қалайды; ондатр, бортышқан және саз ...

Жалғасы »

Балалардың бағыттаушысы

Арада қырық жыл өтсе де, ол өзінің алғашқы берген сабағын әлі күнге дейін ұмытпайды. Оған дайындала отырып, тәжірибелі ұстаздармен сан рет пікірлесті, ертең мектепке барамын деген күні түнімен ұйықтамай, алуан әдістемелерді ақтарды, кітаптарды қарады. Оқушылар алдында өзін еркін ұстағанына әлі күнге дейін таң қалады. Сол сенім оған ерекше қуат берді. Одан бері де қаншама кезең ағындап өтті десеңізші. Алғашқы еңбек ...

Жалғасы »

Мектепке жол

«Емшан» және 20 оқушы Биылғы республикалық «Мектепке жол» акциясы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету Новый орта мектебінде де қарастырылған. Қайырымдылық айында «Емшан» компаниясы 200 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 20 оқушыға спорттық киімдер мен мектеп формаларын, аяқ киім, оқу құралдарын тарту етті. ...

Жалғасы »

Жаңа оқу жылына – жаңа серпінмен

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні облыстың білім беру саласы қызметкерлері үшін қос мерекеге айналды. Өйткені бұл күні көптеген білім беру саласы үздіктерін ерекше марапаттаулар күтіп тұр еді. Облыс әкімдігі ғимараты алдындағы алаң таңертеңнен мерекелік салтанатқа ие болды. Ең бастысы, мұнда жиналған жұртшылық үлкен монитор арқылы Астанадағы шеруді тамашалады. Содан кейін жиналғандар алдына шыққан облыс әкімі Елеусін Сағындықов ел тарихындағы елеулі кезеңдер ...

Жалғасы »