Басты бет » Білім (page 5)

Білім

Балалар қатты қуанып жүр

№51 гимназия жанынан «Балдәурен» жазғы демалыс лагері ашылғанына балалар да, ата-аналар да қуанып жүр. Оқу жылы аяқталысымен балалардың жазғы лагерьге баруға асығатыны бәріне мәлім. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы естеліктері осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Сондықтан №51 гимназия директорының қолдауымен маусым айында «Балдәурен» жазғы сауықтыру демалыс лагері ашылды. Гимназия медбикесі балалардың денсаулығын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүгізді. Жазғы ...

Жалғасы »

Қарылға Баймағанбетова атындағы шәкіртақы тағайындалды

Биыл аудандағы 294 түлектің 200-і ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Аудан бойынша 20 оқушы — «Алтын белгі» иегерлері. Аудан орталығындағы үлкен білім ордаларының бірі — Қарауылкелді орта мектебінен биыл 54 түлек үлкен өмірге қадам басты. Мектеп директоры Қанат Қойшығұлованың айтуынша, биылғы оқу жылын 629 оқушы аяқтаған. Білім сапасы — 65 пайыз. Оқушылардың мектеп бітіру салтанатында аудан әкімі А.Шериязданов қияға қанат қаққалы ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру жолы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 8 күн қатарынан түрлі факультеттер студенттеріне дәріс оқыды. Дәрістер «Экономикалық бәсекелестікті дамытудағы жастардың рөлі»,  «Ұлттық сананы жаңғыртудың тамыры төл тарихымыздан нәр алады», «Болашақ ұстаз болмысы», «Ағылшын тілін үйрену — бүгінгі күннің талабы»,  «Білімді студент — білікті маман», «Туған жер — ...

Жалғасы »

Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен облыстағы Қытай инвестициялық компаниялары арасында білім, ғылым және өндіріс салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімге қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков атап өткендей, қытайлық компаниялармен ынтымақтастық арқылы мұнай ісі, т.б. мамандықтар бойынша дуальды оқыту жүйесін енгізу, яғни студенттердің өндірісте тәжірибе ...

Жалғасы »

Жұбанов дәрісханасы ашылды

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында «Рухани жаңғыру: Профессор Қ.Жұбанов мұрасын зерделеудің заманауи бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.   Құдайберген Жұбанов — аталған оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының негізін қалаған тұлға. Шараға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары ...

Жалғасы »

Ақ жол саған, жас түлек!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған 200 түлекті құттықтады. «Жерұйық» мейрамханасында өткен салтанатты шарада облыс әкімі түлектерді құттықтап, ақ тілегін жеткізді. —  Сіздер 11 жыл оқыған мектептеріңмен және білім берген ұстаздарыңмен қоштасып, үлкен өмірге қадам бастыңдар. Сіздердің ендігі мақсаттарыңыз — жақсы білім алып, ел дамуына үлес қосу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында адам капиталына үлкен ...

Жалғасы »

Ғ.Нұрышевқа арналған республикалық конференция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғырту аясында педагог кадрларды даярлау» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосу 2004-2012 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғалымжан Нұрышевтің 60 жылдығына арналды. Аталған шара 1983-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған  профессор Мұхтар Арын және Ғалымжан Нұрышев атындағы кабинеттердің ашылу рәсімімен басталды. Конференцияға ...

Жалғасы »

Мектеп бітірушілердің кеші өтті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Еркін сахна» атты мерекелік шара өтті. Ақтөбе қаласындағы мектеп түлектерінің мектеп бітіру кеші осындай жаңа әрі қызықты форматта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кеш барысында түлектер өздерінің өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Жарасымды әзіл айтып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер ата-аналарға, мұғалімдерге және сыныптастарына ыстық ықылас, ...

Жалғасы »

Әртүрлі түске бояйды

Ақтөбелік архитекторлар облыста салынып жатқан мектептердің сыртқы мен ішкі келбеттерін өзгертпек. Бұл туралы жұма күні облыстық әкімдікте өткен қала құрылысы кеңесінде айтылды Облыс әкімінен үнемі сын-ескертпе естіп жүретін сәулетшілер мен жобалаушылар бас қосты. Жиналыстың мақсаты — қала құрылысы кеңесі жанынан сараптамалық комиссия құру. Оның құрамына архитекторлар, жобалаушы мамандар, дизайнер-суретшілер, мердігерлер кірді. Ал комиссияның төрағасы болып облыстық құрылыс және сәулет басқармасының ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы мамандары — ел тірегі

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик  — Құрметті Тілектес Исабайұлы, тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда қандай елеулі жетістіктерге қол жеткіздік? Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын заман талаптарына сай дамытуда қандай күрделі мәселелер бар? — Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл — қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі. Әрбір ...

Жалғасы »