Басты бет » Білім (page 20)

Білім

«Сендердің араларыңнан мықты ғалымдар шығатынына сенемін»

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебіне де барды. Елбасы аталған білім шаңырағының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы оқушылардың ғылыми-жобалық жұмыстары көрмесін тамашалады.   Көрмеге қойылған жобалардың басым бөлігі биология, xимия, жасыл теxнологиялар мен ақпараттық саланы қамтиды. Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары жаратылыстану бағытындағы үш пәнді — физика, химия, биология ...

Жалғасы »

Міндетті мектеп формасы және жаңа талап

ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, аталған талаптар «білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған». «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, ...

Жалғасы »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ — ӨТЕ МЫҚТЫ ЖОБА.

Нейтан Дэвид Лолер, Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ — ӨТЕ МЫҚТЫ ЖОБА. БІЗДІҢ БАЛАЛАР БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ӘЛЕМНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ БОЛАДЫ   Осыдан алты жыл бұрын Ақтөбеге келген америкалық жігіт Нейтан Дэвид Лолер болашағын тек қана Қазақстанмен байланыстыра сөйлейді. Осы елде тұратын әрбір адам мемлекеттік тілді білуге тиіс деп есептейді. Өзі де қазақшаны жақсы біледі. Қазақты өзге ұлттан ...

Жалғасы »

Ақтөбеде геодезия мамандығы ашыла ма?

Бейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушылары, ата-аналар және оқушылармен кездесті. 84 жыл тарихы бар оқу ордасының ғимаратын аралап, тыныс-тірлігімен танысты. 2007 жылдан бастап колледжде дуальды оқыту әдісін енгізу қолға алынды. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар көңіл көншітпейді. Аталған колледждегі 15 мамандықтың 3-еуі ғана жаңа жүйеге көшкен. Облыс әкімінің пікірінше, бұл — аз. — ...

Жалғасы »

Шағын жинақты мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе гуманитарлық колледжіне барып, 90 жылдан астам тарихы бар оқу орнының тірлігімен танысты. Ондағы оқытушы, ата-ана, студенттермен кездесті. Жиында сөз алған аймақ басшысы сұранысқа сай маман даярлау керектігін нықтап айтты. Ал аталған оқу орны түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткішінің 73 пайыз болуы аздық етеді. Білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі — шағын жинақты мектептердің тірлігі. Біздің ...

Жалғасы »

41 мектеп және 11 099 оқушы

«Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары апробациядан өткізіліп жатыр «Оқыту тілі қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы». Ақтөбе қаласындағы №26 мектепте өткізілген өңірлік семинар осылай аталды. Шараға Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қазақ тілі мен әдебиеті білім зертханасының меңгерушісі Қайыржан Рахымжанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық ...

Жалғасы »

Қолдайтын кім бар?

  Нобель сыйлығына ұсынылған ақтөбелік ғалымның ашқан жаңалықтары неге жүзеге аспай отыр? Қазір күллі әлем жаңа ғылыми-техникалық революция алдында тұрғаны мәлім. Сонымен қатар жер бетіндегі адамзат баласының бүгінгі күнгідей өмір сүре берсе, 15 жылдай ғана уақыты қалғаны көзі қарақты қарапайым адамға мағұлым болып болды. Өткен жылы Қытайдың екі қаласында ауаның құрамы бұзылып, оттегі жетіспегені жайлы ақпарат басқаны былай қойғанда, біздің ...

Жалғасы »

«Мostratec»-тің үздіктері

Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары Бразилияның Ново-Гамбург қаласында өткен «МOSTRATEC» халықаралық ғылыми жобалар байқауында топ жарып, «Ең үздік жоба» атағын иеленді. Сайысқа математика секциясы бойынша лицей-интернаттың 11-сынып оқушылары Ерасыл Жәнібек, Айқын Әбілғазы, Әділжан Нұрмағамбетов, биология секциясы бойынша Темірлан Ақшолақов қатысып, өз жұмыстарын ағылшын тілінде қорғады. Нәтижесінде 25 елден келген 400-ден астам жоба ішінде ақтөбелік оқушылардың жобалары үздік деп танылды. ...

Жалғасы »

Мүгедектер массаж жасауды үйренеді

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Ақтөбе медициналық колледжінде 2014 жылдан бері зағип жандарды массажшы-медбике ретінде даярлау ісі қолға алынған. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аталмыш оқу орны ұжымымен кездесуінде айтылды. Облыс басшысы басқа да оқу орындарында мүгедектікке ұшыраған жандардың өз мүмкіндіктеріне орай түрлі мамандықтарды игеруіне жол ашылуы керек деп есептейді. Сейсенбі күні Ақтөбе медициналық колледжінде ...

Жалғасы »

Жайсаңбайдағы мектеп талапқа сай ма?

«Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылындағы Өтебай Қанахин атындағы орта мектептің мұғалімдері дәретханада жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Мектептегі екінші әжетхана — медбикенің жұмыс орны». Ғаламторда осы мазмұндағы материалдар жарық көрген соң мәселенің анық-қанығын білмек ниетпен тиісті мекемелерге хабарласқан едік. Олардың уәжі мынадай: Руслан БЕГІМБЕТОВ, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы: — Жайсаңбай ауылындағы мектеп 2014 жылы салынды. Сыйымдылығы — 60 орын. ...

Жалғасы »