Басты бет » Білім (page 2)

Білім

Алты ұстаздың еңбегі үздік атанды

Жақында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті. Мақсат — талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге қолдау көрсету, мұғалімдердің зерттеу, авторлық бастамаларын дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыру. Сайысқа М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 6 педагогі қатысқан болатын. Жарыс қорытындысында, олардың барлығы да жүлделі орындарға қол жеткізді. Аталған білім шаңырағындағы алты ұстаздың еңбегі 276 ...

Жалғасы »

Ескі мектептер қайта жаңарады

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева Ырғыз ауданының орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердегі мектептерді аралады. Басқарма басшысы алдымен 1985 жылы салынған Қарақұдық негізгі мектебін аралады. Мектеп директоры жергілікті кәсіпкер Хамит Өтеуовтің мектепке көрсеткен көмегін ерекше атап өтті. Ол жиырмаға  жуық оқушыға мектеп жанындағы интернатта жатып білім алуына мүмкіндік жасап, мектептегі спорттық алаңды жабдықтап берген. Бұдан кейін 1965 жылы бой көтерген ...

Жалғасы »

Үздіктерге стипендия берілді

Байғанин өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы орта мектепті бітіруші үш түлекке батыр атындағы стипендия берілді. Қ.Жазықов атындағы алғашқы стипендия 2011 жылы тағайындалған болатын. Стипендияның алғашқы иегері  — Тоғжан Қоңыратбай. Ол Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп шықты. — Қожабай Жазықов атындағы стипендияның иегері атану — мен үшін үлкен абырой. Өңіріміздің батыр тұлғаларын әр кез мақтан етіп жүреміз. Үздік ...

Жалғасы »

Үш тілде сабақ өткізу — заман талабы

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Химиялық реакциялардың жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік» тақырыбында химия пәнінен үш тілде ашық сабақ өтті. Сабақты колледждің әдіскері Әнуар Нұртазин өткізді. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұстаз. Әнуар — Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі,  химия, экономика ғылымдарының магистрі, Америка Химия қоғамының мүшесі. Жан-жақты маман үшін оқушыларды үш тілде оқыту ағылшын тілін қарым-қатынас кезінде еркін қолдану мақсатында ...

Жалғасы »

Ләззат Оразбаева — облыстық білім басқармасының басшысы

Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ләззат Оразбаева облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Білім басқармасы активі, колледждер мен училищелердің, мектептердің директорлары қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы сала алдындағы бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі. Облыс басшысы негізінен білім сапасын көтеру және ауылдық жерлерде оқыту проблемаларын шешу, үш ауысымдық және апатты мектептерді жою, сондай-ақ қабылданған шараларға бақылау ...

Жалғасы »

Облыста 14 084 оқушыға ыстық тамақ тегін беріледі

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан әкімдері мен мектеп директорлары қатысты. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Бегімбетов баяндады. Оның айтуынша, биыл 404 мектептің 376-сында оқушылар ыстық тамақпен қамтылған.  Аталған мектептердің ішінде 290-ы ауылдарда болса, 86-сы — қала мектептері. 133 648 оқушының 129 900-іне (97,1%) ...

Жалғасы »

Ноғайлар ортасында өткен жеті күн

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті алдағы жылы түркі халықтарына ортақ тарихи тұлға — Ер Едіге батырға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Осы шараға қатысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі, университет президенті профессор Бекежан Аханның ұйымдастыруымен Едігенің тікелей ұрпақтары болып табылатын ноғай еліне жасалған іссапарда Дағыстан Республикасы құрамындағы Ноғай ауданының әкімшілігі, аудандық білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары және бірқатар ...

Жалғасы »

12 жылдық білім беру жүйесі: Ағылшын тілінде оқытылатын төрт пән. мұғалімдер дайын ба?

Еліміздегі, облыстағы барлық мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне кезең-кезеңмен көшіп жатыр. Өткен оқу жылында басталған іс 2019 жылы толығымен аяқталады. Сол кезден бастап, яғни  2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптың оқушылары төрт пәнді — физика, химия, биология, информатиканы ағылшын тілінде оқитын болады. Әрине, үйретушісі мықты болса, бала пәнді жақсы оқып, тілді де меңгереді. Бұл ретте алдымен педагогтердің өзі мықты болуы ...

Жалғасы »

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

5 қазан — Дүниежүзілік ұстаздар күні мерекесінде облыстағы педагогтерге құрмет көрсетілді. Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында салтанатты түрде өткен жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сондай-ақ, шараға 400-ге жуық мұғалім жиналды. Жиында алдымен сөз алған Бердібек Сапарбаев елімізде мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басынан өткерген қандай қиын кезде де педагогтердің жағдайы үшін, білім ...

Жалғасы »

Мұғалім мәртебесі — ел мерейі

5 қазан — Дүниежүзілік мұғалімдер күні Бүгін — Дүниежүзілік мұғалімдер күні. Әлемнің 100-ден астам елі дәл осы күні ұстаздар мерекесін тойлайды. Ұлт болашағын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосатын ұстаздар қашанда үлкен құрметке, зор қолдауға лайық. Облыс мектептерінде жалпы 17 129 педагог еңбек етеді. Олардың 2644-і — жоғары санатты (15,4 пайыз), 4659-ы — І санатты (27,2 пайыз). Жоғары санатты мұғалімдер жөнінен Ақтөбе қаласы ...

Жалғасы »