Басты бет » Денсаулық (page 5)

Денсаулық

К.Нокин ауылында амбулатория ашылды

Медицина қызметкерлерінің  мерекесі қарсаңында К.Нокин ауылында заманауи үлгідегі жаңа амбулатория ашылды. Ғимараттың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. К.Нокин ауылындағы емдеу мекемесі осыдан 35 жыл бұрын салыныпты. Ғимараттың тарлығы  тұрғындарды еркін қабылдауға кедергі келтірген.  Ал бір мезетте елу адамды қабылдайтын жаңа амбулатория құрал-жабдықтармен толық жарақталған. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында салынған құрылыстың құны — ...

Жалғасы »

Бізде «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда» стелласы бар

Медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы «Денсаулық» саябағында денсаулық пен ұзақ өмірдің символы «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда» стелласының ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Оңтүстік Корея еліндегі «Каннам Северанс» клиникасының профессоры Чанг Хенг Сюк қатысты. Батыс-2 ауданында орналасқан саябақ мерекеге орай ерекше безендіріліпті. Сондай-ақ саябақтың бір бұрышында дәрігерлер тұрғындардың қан қысымы мен қан құрамындағы қант мөлшерін тексерсе, жастар ...

Жалғасы »

Ақтөбе медициналық орталығында бес айда 10 мың адам емделді

Ақтөбе медициналық орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиында медициналық кластер қызметінің бес айда атқарған жұмысы талқыланды.   Ақтөбе медициналық орталығында бес айда он мыңнан аса науқас емделген. Оның ішінде ересектерге арналған ауруханада 6 504 адам, балалар ауруханасында 3 727 бала емделіп шыққан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық. Сондай-ақ 3426 адамға операция жасалған. Ал медициналық ...

Жалғасы »

Ақтөбелік дәрігерлер әлемдік ірі медициналық орталықтардың мамандарынан көп нәрсе үйренді

Соңғы бес айда Ақтөбе медициналық орталығында 622 жоғары технологиялық ем жүргізілген. Оның ішінде екі бауыр, төрт бүйрек трансплантациясы бар және 60 адамға жоғары технологиялық күрделі операция жасалыпты. Бұл көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, облыс медицинасының дамуы үшін  инновациялық, заманауи емдеу әдісіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында басқарма басшысы осы ...

Жалғасы »

Жазда жарақат алатын бала көп

Жаз басталса, дене жарақатын алатын балалар көбейеді. Соңғы екі-үш аптада Ақтөбеде көп қабатты үйдің терезесінен екі бала құлады. Екеуі де дін аман қалды. Ақтөбе медициналық орталығы балалар стационары травматология бөлімінің травматолог дәрігері Талғат Артықбаевтың айтуынша, күн жылынса ауруханаға күніне 50-60 бала әртүрлі жарақатпен түседі. Соның бес-алтауы аяқ-қол сынығымен жатқызылады. Оқу аяқталған соң балалар далада еркін ойнайды. Тіпті үй көрмей, күні ...

Жалғасы »

Шетелдіктер жеті күрделі ота жасады

Ақтөбе медициналық орталығында «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бес мемлекеттен келген білікті дәрігерлер екі күн бойы құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдеудегі жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Есту және тыныс алу органдарын қалпына келтіру бойынша жеті күрделі ота жасады. Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның жетекші дәрігерлері медицинаның маңызды бағыттарының бірін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ...

Жалғасы »

Орынборлық офтальмологтар балаларды тегін тексерді

«Бақытты бала» жобасы аясында Орынбор қаласындағы С.Федоров атындағы салааралық көз микрохирургиясы ғылыми-техникалық кешенінің офтальмолог дәрігерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін тегін тексерді.   Соңғы екі аптадан бері орынборлық дәрігерлер Алға мен Жайсаңдағы  балалар үйінің тәрбиеленушілерін және Ақтөбе қаласындағы «Шағала» санаторийіндегі балдырғандардың көзін тексеріп, ем жүргізді. — Орынборлық әріптестер «Бақытты бала» жобасына қолдау білдірді. Балалар үйінің барлық тәрбиеленушілерінің көздерін тексерді. Емдеуді қажет ететіндер ...

Жалғасы »

Менингит қандай ауру?

Менингит — мидың қабынуы. Бұл халық арасында кең таралған ауру және жыл сайын елімізде осы инфекцияға шалдығатындар жиі кездеседі.  Жыл басынан бері Ақтөбеде менингококк инфекциясын жұқтырған үш адам тіркелсе, оның екеуі —14 жасқа толмаған балалар. Өткен жылы жеті адамнан ауру анықталса, 2016 жылы  — 7, 2015  — 24, 2014 жылы 4 адам инфекция жұқтырған. Ауруға шалдыққандардың барлығы дер кезінде емделіп, ...

Жалғасы »

Менингитпен тіркелгендер жоқ

Елімізде менингит ауруына шалдығып, көз жұмған балалар туралы ақпарат әлеуметтік желіде жиі жазыла бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанованың айтуынша,  облыста жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. — Қаңтар-ақпан айларында екі бала және бір ересек адам осы сырқатпен ауруханаға түсті. Қазір олардың барлығы жазылып, үйлерінде жүр. Жалпы бұл — халық арасында кең таралған дерт және жыл сайын осы ...

Жалғасы »

Кореялықтар «PACS» жүйесін орнатты

Ақтөбе медициналық орталығына кореялық мамандар «PACS» бейнелерді мұрағаттау жүйесін орнатты. Бұл облыс әкімдігі мен Оңтүстік Корея елінің Пусан ұлттық университеті арасындағы облыстың цифрлық денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-байланыс технологияларын трансферттеу бойынша инновациялық қызметтегі халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, аталған жүйенің құны — 500 мың доллар. Компьютерлік, магниттік томография,  рентген суреттерін ...

Жалғасы »