Басты бет » Денсаулық (page 30)

Денсаулық

Дәрі-дәрмек жеткілікті

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен «СҚ Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаевтың қатысуымен жиын өтті. Шараға денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысты. Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерді айтып өтті. — Мемлекет басшысының қолға алуымен денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты түрлі бағдарламалар қолға алынып, бүгінде олар өз нәтижесін бере бастады. ...

Жалғасы »

Туберкулезді емдеудің тиімді тәсілі

Облыста туберкулезді емдеудің жаңа әдісі қолға алынды. Бұл пилотты жоба республика бойынша алғаш рет біздің өңірде басталып отыр. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Ерлан Тәтімовтың айтуынша, жаңа тәсілдің тиімділігі көп. 60 науқас. Ыстық тамақ Аталған әдіс туберкулезді емдеудің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізіліп отыр. Жоба шеңберінде туберкулездің көптеген дәріге көнбейтін төзімді түріне шалдыққан науқастарға психологиялық және ...

Жалғасы »

74 жастың «сальтосы»

Бадамшалық Бақыткерей ақсақалдың қимыл-қозғалысына өзгелер қызыға қарайды Жетпістің төртеуіне келген қарияның пәленбай шақырым жерді жаяу жүріп, қала берді велосипедпен бүтін бір ауылды аралап, шатыр үстінде төбесінен тік тұрып жаттығу жасағанын бұрын-соңды көріп пе едіңіз? Бақыткерей Нұрқаевтың күнделікті әдеті — осы. Жетпісінде желдей есіп… Бақыткерей ақсақал Қарғалы ауданының орталығы Бадамшада тұрады. Денсаулығы тың, сөзі түзу. Біраз жасқа келсе де еңбектен әлі ...

Жалғасы »

Буын аурулары жасарып барады

Соңғы жылдары аяғын баса алмай, белін көтере алмай, қолын қозғаудың өзі мұң болған егде адамдарды ғана емес, жастарды да көп кездестіресіз. Түні бойы аяқ-қолы қақсап ұйқы бермей, күндіз тізесі бастыртпай, белі көтертпей ақсаңдап, бүкшиіп не таяққа сүйеніп жүретін адамдардың қарасының көбею себебі неде? Осы тақырыпқа байланысты Ақтөбе қаласындағы №2 емхананың ревматологы Татьяна Васильевна Панкратовамен әңгімелескен едік. Ауру асқынбасын десеңіз, дереу ...

Жалғасы »

Маммолог тегін кеңес береді

12-21 қазан аралығында республика бойынша сүт безі обырына қарсы ақпараттық апталық өткізіліп жатыр. Осыған орай «Мега Шығыс» сауда орталығында акция ұйымдастырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Арасан Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетті. Саудагерлер мен орталыққа келген тұрғындар кезекке тұрып, қан құрамындағы қант пен холестеринді және темекі шегетін азаматтар ағзасындағы никотин мөлшерін тексертті. Әйелдер маммолог маманның ...

Жалғасы »

Екпе не үшін қажет?

Әр адамның өміріндегі ең қымбаттысы — баласы, ол біздің болашағымыз, біздің сеніміміз. Сондықтан елімізде бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бала денсаулығын жақсарту, балалар арасындағы көптеген әлеуметтік және жұқпалы ауруларды жою үшін алдын ала сақтану шаралары қолданылуы керек. Дұрыс тамақтандыру, жасына қарай денесін шынықтырумен қатар медицина қызметкерлері балаларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен күнтізбесі бойынша жыл сайын алдын ала ...

Жалғасы »

Электрофизиологиялық зертхана ашылды

Сенбі күні облыстық көпсалалы аурухана базасында Ұлттық кардиохирургиялық орталықтың мамандарымен бірлесе отырып электрофизиологиялық зертхана іске қосылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. — «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының маңызды бағытының бірі — жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу, аталған аурудан адам өлімін азайту. Осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінде кардиохирургиялық орталықтар ашылған болатын. Бүгінгі таңда біздің аймақта жүрек- ...

Жалғасы »

Сары аурудан сақтаныңыз!

Вирусты гепатиттер — бұл жедел өтетін бауыр клеткаларының зақымдануымен жүретін аурулар тобы. Медицинада ауру қоздырғыш вирустарға қарай А, В, С, Д, Е деп бөлінеді. Ауру тамақ, су, жанасу, тұрмыстық жолдар және қан арқылы жұғуы мүмкін. Халық арасында «сары ауру» деп аталып кеткен А вирусты гепатит аты айтып тұрғандай, дене терісінің және кілегей қабаттардың сарғаюымен, жалпы әлсіздікпен өтсе, гепатиттің кей түрлері, ...

Жалғасы »

Хеликобактер пилориге тексеріліңіз!

Қазір тұрғындар арасында асқазан-ішек жолдары ауруы өте көп. Ресми деректерге сенсек, елдегі әрбір екінші адам асқазан ауруынан жапа шегеді екен. Асқазан-ішек жолдары ауруларының асқынуына себеп болатын нәрселердің бірі —  хеликобактер пилори (Helicobacter pylori) бактериясы. Көп жағдайда бұл микроорганизмді адамдар балалық шағында жұқтырады және емделмей жүре береді, ал оны емдесе, бактерия ағзада өмір бойы сақталады. Соның салдарынан асқазанның кілегей қабаттарында созылмалы ...

Жалғасы »

Туберкулез: ем мен нәтиже

 Туберкулез — қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жұқпалы дерт көп жағдайда өкпені, кейде омыртқа, бүйрек, жыныс мүшелері, лимфа түйіндері және буын секілді ағзаның әртүрлі органдарын зақымдайды. Егер науқас адам дер кезінде ем қабылдаса, аурудан құлан-таза айығуға болады. Ілгеріде, яғни тоқсаныншы жылдары Ақтөбе облысы аталған ауру бойынша эпидемиологиялық қолайсыз аймақтардың қатарына енген болса, қазіргі күні мамандар бұл мәселенің түйінін ...

Жалғасы »