Басты бет » Денсаулық (page 10)

Денсаулық

Үсік шалғанда не істеу керек?

Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, суланған әрі тар киім, аяқкиім, қолғап немесе мастық, ағзаның жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі бар. Бірінші дәрежелі ...

Жалғасы »

Ұлағатты жолдың иесі

Мерей Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланысты. Әсіресе, өз орныңды табуға жол бастайтын, үлгі-өнеге, ақыл кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы. Осындай ұлағатын көрсетіп жүрген ұстаздардың бірі — Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері Намаз Ізімбергенов. Міне, біздің сол ...

Жалғасы »

Офтальмологиялық орталық ашылды

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында Тәуелсіздік күніне орай «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басқармалар мен департаменттердің басшылары, денсаулық сақтау және медицина қауымдастығының ардагерлері қатысты. Шара барысында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: — Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру — Мемлекет басшысы қойған басты тапсырмалардың бірі. Осы орайда біз бүгін ...

Жалғасы »

Дәрігерлер мерейі

Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Досжанова атындағы конференц-холда облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлер марапатталды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жиналғандарды облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтады. —  Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында үлкен өзгерістер болды. Әрине, алғашқы жылдары бұл салада қандай қиындықтардың болғанын ардагер дәрігерлер жақсы біледі. Бірақ қазір сол қиындықтардың барлығы артта қалды, алдымызда үлкен ...

Жалғасы »

33 адам вич жұқтырған

Биыл облыста 33 адам АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз кеңесінде облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігердің орынбасарлары  Айбарша Төребаева мен Анна Каспирова аталған ауру туралы айтып берді. Қазіргі таңда елімізде ЖИТС-ке қарсы «Денсаулыққа құқылы» тақырыбында кампания өтіп жатыр. — Әр адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Вирусты жұқтырып ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жастарға тегін қызмет көрсететін орталық бар

Қазіргі таңда дәрігерлерді алаңдатып отырған мәселенің бірі — жастардың, оның ішінде жасөспірімдердің денсаулығы. Әсіресе кейінгі кезде жасөспірімдер арасында созылмалы аурулардың көбеюі, зорлық,  жасөспірім қыздардың жүкті болуы секілді оқиғалар жиі кездеседі. Мәселен, тоғыз айда ерте жаста жүкті болған 115 қыз-келіншек тіркелген. Олардың  98 пайызының жасы — 17-18-де. Жалпы осындай проблемаларды шешу үшін  облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанынан жастарға психологиялық қолдау көрсететін ...

Жалғасы »

Энергетикалық сусындардың зияны қандай?

Ақтөбе қаласындағы №16 мектепте энергетикалық сусындарға қатысты шара өтті. Жиынды «Отырар білім» медициналық-сауықтыру орталығы ұйымдастырды. Орталықтың психиатр наркологі Юлия Ратушная оқушыларға  энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны туралы кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, энергетикалық сусындардың құрамына кофеиннен бөлек, таурин, инозит, аминқышқылдары, рибоза және дәрумендер секілді микроэлементтер кіреді. Көп жағдайда бұндай сусындарды адамдар  шаршағанды басып, ұйқыны ашу үшін ішеді. Әсіресе, спортшылар, жүргізушілер ...

Жалғасы »

«Аktobe мedical center» орталығы және жаңа мүмкіндік

Тұңғыш Президент күніне орай «Aktobe мedical center» орталығында 1 қарашадан бастап, Ашық есік күні өтіп жатыр. Кез келген қала тұрғыны ешқандай жолдамасыз,  әр жұма сайын орталықтың  профессорлары мен білікті  дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады. Он бес күннің ішінде 100-ден аса адам дәрігерге қаралған.   Жалпы «Aktobe мedical center» орталығының құрылғанына биыл — бір жыл. Еліміздің батыс өңірінің халқына медициналық қызмет ...

Жалғасы »

Кореяда ақтөбелік балаға ота жасалды

Туа бітті және күрделі жүрек ақауына шалдыққан  сегіз айлық балдырғанға Сеул ұлттық университеті «KangnamSeverans» клиникасында ота жасалды. Бұндай мүмкіндік облыс  әкімдігі мен оңтүстік кореялық  «KangnamSeverans» клиникасы арасындағы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Меморандумның бір бағыты — аса ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеу. Бұған дейін аталған клиникада сколиоздың ауыр түрі, яғни омыртқасы қисайған 14 жастағы ақтөбелік балаға ота жасалған болатын. Ал ...

Жалғасы »

Біздің хирургтер Кореяға барды

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында жыл сайын халықаралық «Азиялық трансплантация апталығы» конференциясы өтеді. Азияның отыздан астам елі қатысатын жиынға бұл жолы Қазақстаннан да мамандар барды. Оның ішінде ақтөбелік хирургтер де бар. Жиынға Азия елдерінен бөлек,  АҚШ, Испания, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Үндістан мемлекеттерінен де мамандар келді. Республикалық трансплантология орталығының директоры  Жақсылық Досқалиевтың жетекшілігімен еліміздің Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан 14 маман аталған жиынға ...

Жалғасы »