Басты бет » Денсаулық

Денсаулық

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің күні ерекше атап өтілді

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шара  Батыс-2 ауданында  жаңадан салынған «Денсаулық» саябағында өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және арнайы шақырылған қонақтар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Бейбітшілік және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының иегері, медицина ғылымының докторы Нина Қаюпова, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли мен бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг ...

Жалғасы »

Ақтөбеде екі әйелдің бауыры ауыстырылды

Ақтөбеде соңғы екі күнде екі адамның бауыры ауыстырылды. Бұл жолы бірі — 43, екіншісі 53 жастағы әйелге туғандары  бауырын берді.  Отаны Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли бастаған оңтүстіккореялық мамандар мен ақтөбелік хирургтер бірлесе жасады. Алғашқы күні 43 жастағы ақтөбелік әйелге ағасы донор болды. Науқас 2009  жылдан бері бауыр циррозымен ауырған. Ал екінші күні Қызылорда қаласынан келген 53 жастағы ...

Жалғасы »

Бригада және сәбилер

Деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде 15 миллионнан астам  бала ай-күні толмай өмірге келеді. Олардың ішінде шетінеп кететіндері көп. Дамыған елдер шала туған нәрестелердің 90 пайызын аман алып қалады екен. Біздің елімізде де  сәбилер өлімін азайтудың түрлі жолдары қарастырылған. ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІҢ 96 ПАЙЫЗЫ ТІРІ ҚАЛАДЫ 1970 жылы бірқатар елдерде, оның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания мемлекеттерінде  аса қауіпті жүктілік кезінде  перинаталдық ...

Жалғасы »

Сақтандыру жүйесінің кәсіпкерге пайдасы қандай?

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйенің ережесін халыққа түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Алайда тұрғындар тарапынан сұрақ көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев көпшілік көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап береді.  — Жаңа жүйенің енгізілетінінен жұртшылық хабардар. Бірақ түсінбейтін тұсымыз көп. Неліктен  жұмыс беруші  сақтандыру жүйесіне ...

Жалғасы »

Әсет ҚАЛИЕВ: Ақтөбе медицина саласы бойынша батыс аймақтың астанасына айналады

Қазір облыста медициналық кластер құру бағытында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде хирургияның ең күрделі саласы —  трансплантологияны дамыту қолға алынды. Соңғы екі-үш жылдықта ақтөбелік хирургтер 28 бүйрек, 9 бауыр ауыстыру отасын жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, хирургия саласында жиырма жылдық тәжірибесі бар білікті хирург Әсет Қалиевпен мереке қарсаңында сұхбаттасқан едік. — Трансплантологияны дамыту бойынша қазір қандай жұмыстар атқарылып ...

Жалғасы »

Бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің бүйрегі екі науқасқа салынды

Облыстық көпсалалы ауруханада бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің екі бүйрегі екі науқасқа салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, 27 мамыр күні 1994 жылы туған жігіт бас сүйек және ми жарақатымен Байғанин аудандық ауруханасына түседі. Жігіттің жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер 1 маусым күні Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына алып келеді. Алайда көрсетілген медициналық көмектің барлығы нәтижесін ...

Жалғасы »

Шетел травматологтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Екі күн бойы Ақтөбеде АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия елдерінен келген травматолог-ортопедтер мен еліміздің мамандары жол-көлік оқиғасы мен апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету жолын талқылады. Шараның соңында облыс әкімдігі мен шетелдік мамандар ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сырт елден келген қонақтарға алғысын айтты. — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықтың денсаулығына ...

Жалғасы »

Ақтөбеге алты елден травматологтар келді

Конференция А.Досжанова атындағы конференц-холда «Политравма диагностикасы және кешенді емнің заманауи концепциясы»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия және өзіміздің ел аумағынан травматолог-ортопедтер мен хирургтер келді. Шараның мақсаты — Ақтөбедегі травматология бағытын дамыту, озық елдердің тәжірибесін меңгеру. Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысушылардың қадамына сәттілік тілеп, облыс медицинасының дамуын баяндады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан ...

Жалғасы »

«Жедел жәрдемнің» бір күні

Ақтөбе қалалық  жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті күніне 500-ге жуық шақырту қабылдайды. Ауырып, жаны қысылған адамға алғашқы болып көмекке келетін ақ халаттылардың бір күндік жұмысы қалай өтеді? Сонымен… АЛҒЫС АЗ, ЖҰМЫС ҚИЫН Жедел жәрдем қызметінің түнгі жұмысының қалай өрбитінін көру үшін кешкі сағат сегізде «Долана» қосалқы бекетіне бардық. Себебі Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан негізгі бекет Маресьев көшесіне уақытша көшіріліпті. ...

Жалғасы »

Шылымға әуестік — өмірге қауіпті!

31 мамыр — Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Арасан Ақтөбе» ЖШС баспасөз кеңесін өткізді. Жиынға дәрігерлер және полиция мен дін өкілдері қатысты. «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ның бас маманы Ырыскүл Кабулованың айтуынша, облыстағы емханаларда шылым шегуге қарсы күрес кабинетінің саны — жетеу. Ондағы валеолог мамандарға күніне 20 адам көмек сұрап барады.  Алайда шылым шегушілердің ...

Жалғасы »