Басты бет » Билік (page 5)

Билік

Әкімдер не дейді?

Газетіміздің бұдан бұрынғы санында өткен аптада аймақтағы мал азығының дайындалу жайын қараған облыстық актив жиналысы болып өткенін жазған едік. Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалығымен өткен осы жиында мал азығын дайындауға байланысты мәселелердің аймақта ойдағыдай шешіліп жатқаны белгілі болды. Бірде-бір елді мекеннің жемшөпсіз қалмауы, не қысқа түсетін малдың санының кемімеуі  жан-жақты талқыланды. Облыста жарияланған мал азығын дайындаудың екпінді екі айлығының табысты ...

Жалғасы »

Соңғы екі айда көп жұмыс жасалды

Облыстық актив: мал азығын дайындау Елеусін Сағындықов: Соңғы екі айда көп жұмыс жасалды Өткен бейсенбі күні облыстық әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы мәселесіне арналған актив мәжілісі өтті. Оған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірге, қала мен аудан әкімдері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, еңбек ардагерлері қатысты. Актив мәжілісінде қаралған негізгі мәселе мал азығын дайындау жайы ...

Жалғасы »

Ақтөбе өткен жылы қаржы дағдарысын сезінген жоқ.

Биыл да қарқынды дамуды көріп отырмыз Өткен аптада облысымызға іссапармен келген Үкімет басшысы Кәрім МӘСІМОВ осылай деді. Бұл — 100 аурухананың бірі! Өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуымен, үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламаның, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Ақтөбеге жұмыс сапарымен  келген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ең алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасы құрылысымен танысты. Премьер-Министрге «100 мектеп, 100 ...

Жалғасы »

Елбасы мәртебесі бекітілді!

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына, сондай-ақ Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актіле­рі­не Қазақстан Респуб­ли­касы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елба­сы­ның қызметін қамта­ма­сыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы еліміздің Конституциялық заңы мен Заңы еліміздегі Президенттен кейінгі үш жоғары лауазым иелерінің қол қоюларымен күшіне енгізілді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының мәртебесін нақтылап, қызметін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан  Республикасының  кейбір  ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасының азаматтарына

Қазақстан Республикасының Парламентіне “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Саяси бюросына Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Сенат және Мәжіліс депутаттары! Қадірлі “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясындағы серіктерім! Баршаңыз білесіздер, менің алдыма Тұңғыш Президент, Ел Басы туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы еліміздің Парламенті қабылдаған заңдар келіп түсті. Ең әуелі, маған заңды тұрғыдан Ел Басы деген ресми мәртебе белгілегені үшін депутаттарға зор алғыс айтамын. Осы ...

Жалғасы »

Салықтан жалтарғандар назарға алынады

Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс бюджетке салықтар мен жиналымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Мәжіліске облыстық және қалалық салық органдарының, жылжымайтын мүлік орталығы, облыстық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, бақылау және әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, көлік бақылау департаменттері, көші-қон полициясы және облыстық ІІД жол полициясы басқармалары, қалалық ...

Жалғасы »

2020 жылға белгіленген негізгі мақсаттарға таяудағы бес-алты жыл ішінде жетпек ойымыз бар

Елеусін Сағындықов: 2020 жылға белгіленген негізгі мақсаттарға таяудағы бес-алты жыл ішінде жетпек ойымыз бар Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов «Казахстанская правда» газетінің тілшісіне сұхбат берген болатын.  2010 жылғы 17 сәуірде (№94-96)  жарияланған «2020 жылға белгіленген негізгі мақсаттарға таяудағы бес-алты жыл ішінде жетпек ойымыз бар» деп аталатын бұл сұхбаттың авторлық толық нұсқасын ұсынып отырмыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында таяу онжылдықта көш ...

Жалғасы »

Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті Жалпылай алғанда, бір айдан кейін екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуына байланысты мерейтой аталып өтіледі. Әлемде өткен ғасырдың орта шеніндегі ұрыстарға қатысқан миллиондаған адам бар. Бірақ тарих пен қазіргі заман арасындағы айырмашылық сонда, АҚШ-тың бұрынғы вице-прези­денті Уолтер Мондейлдің  айтуын­ша, “Үшінші дүниежүзілік соғыста ардагерлер болмайды”. Жаңа ғасырдың ұшқыр оқи­ға­лары қауіпсіздіктің ескі тетіктеріне жаңаша қарауға итермелейді. Бұл жерде әңгіме ...

Жалғасы »

Қазақстан даму жолына түсті

Өткен аптаның аяғында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ақордада еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы талқыланды. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік атқару органдарының басшылары мен еліміздің барлық өңірлерінің әкімдері қатысты. Ақордада Қазақстанның индустриялық даму мәселесі талқыланды.  Мемлекет бас­шы­сы Үкіметтің беріп отырған ақпа­раты бойынша 191 ірі ...

Жалғасы »

Билікке кім келді?

Үкіметте біраз ауыс-түйістер болды. Жаңа министрліктер құрылып, жаңа министрлер сайланды. Мәселен, мұнайдан басқа салаларды дамыту мақсатында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі құрылады. «Онда инвестициялар қамтылатын болады, оған барлық электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, атом және өңдеуші өнеркәсіп беріледі. Бұл өте маңызды министрлікке айналмақ», — деді Елбасы Н.Назарбаев. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Елбасының айтуынша, «таң атқаннан, күн батқанға дейін, қаңтардан-қаңтарға дейін ...

Жалғасы »