Басты бет » Билік (page 3)

Билік

Қазақстан Елбасын ұлықтады!

Сәуірдің 8-і күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұлықтау салтанаты өтті. Оған Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Жоғарғы Соттың судьялары, елімізде тіркелген шет ел елшіліктерінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Конституциялық Кеңестің мүшелері, саяси-қоғамдық бірлестіктердің басшылары,  облыстардан арнайы делегациялар қатысты. Сәуірдің 3-і күні өткен кезектен тыс Президент ...

Жалғасы »

Бағдарымыз – айқын, болашағымыз – жарқын

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу салтанатындағы сөзі Қымбатты отандастар! Мәртебелі меймандар! Ханымдар мен мырзалар! Бүгін елдің ақжолтай сенімін, абыройлы аманатын арқалаған мен үшін ерекше тебіреніске то­лы айрықша айшықты күн. Қазақстан халқы Президент сай­лауы арқылы бүгінін байып­тайтын, болашағын бекемдейтін тарихи таңдау жасады. Сондықтан маған тағдырын та­быстап, ақ киізге қайтадан көтер­ген, ел тізгінін сеніп ұстатқан ар­дақты халқыма ақжар­ма алғы­сым­ды ...

Жалғасы »

Ескі һәм жаңа Премьер қызметіне кірісті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының алдында ант қабылдап, президенттік қызметіне ресми кіріскеннен кейін Үкіметтің шұғыл отырысы өтіп, ҚР Конституциясының 70-бабының 1-тармағына сәйкес Кәрім Мәсімов басқарған Қазақстанның жетінші Үкіметі жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарған болатын. Осы күні, яғни 8 сәуір күні түстен кейін жаңа мерзімдегі президенттік қызметіне кіріскен ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарсын ...

Жалғасы »

Атқарушы билік сынақтан сәтті өтті

Жазылған жайдың жалғасы Константин ПЕТРОВ: Газетіміздің өткен сандарының бірінде облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров аймақтағы жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу барысы туралы баяндап берген еді. Бүгінгі әңгіме барысында ол осы саяси науқанның қысқаша қорытындылары туралы айтты. — Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан 16 ақпанына дейінгі аралықта біздің облысымызда барлық деңгейдегі әкімдер өткізген 583 кездесу болды. Бұл шараларға ...

Жалғасы »

Асқаралы асулар айқындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына кандидат болып ұсынылды 11 ақпан күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті  ХІІІ съезі болып өтті. Онда Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сөз сөйледі. Қазақстан Президенті өзінің сөзін «Нұр Отан» партиясының съезі біз үшін қастерлі меже – ел Тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығы қарсаңында өтуде, деп бастап, осыдан жиырма жыл бұ­рын ...

Жалғасы »

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар! Бүгін, 2011 жылғы 31 қаңтар күні Конституциялық Кеңес Ата Заңымызға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның құқықтық тағдыры туралы шешімін шығарды. Парламент депутаттары бұл заңды референдумды қолдау жөніндегі үндеуге қолдарын қойған бес миллионнан астам қазақстандықтың қалауын басшылыққа ала отырып қабылдаған болатын. Бұл бастаманы мен өз Жарлығыммен ...

Жалғасы »

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай ...

Жалғасы »

Халыққа қызмет ететін қажетті шешім қабылданады

Президент алдымен кеңеске қатысқандарды аталған екі тақы­рып жөнінен хабардар етті. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атап өтіледі, деді Мемлекет басшысы. Барлығымыз бірлесе отырып, тиісті іс-шараларды әзірлеуіміз қа­жет. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ешқашан ұмытылмайтын болады. Осы жылдар ішінде жүзеге асыр­ған жұмыстарымыз, қол жеткізген жетістіктеріміз, ол – бүкіл қазақстандықтардың абыройы. Тәу­елсіздікке байланысты кең ауқым­ды арнайы бағдарлама әзір­ленді. Бүгін соның төңірегінде әңгіме қозғайық. Бұдан кейін ...

Жалғасы »

«Нұр Отан» — халық сеніміне ие болған еліміздегі ең үлкен саяси күш

Кеше «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық партия филиалы ХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онда филиалдың Саяси кеңесінің есептік кезеңдегі жұмысы қорытындыланып, «Нұр Отан» ХДП 2020 жылға дейінгі бағдарламасы туралы айтылды. Партия филиалының төрағасы, Саяси кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы мен «Нұр Отанның» ХІІІ съезіне облыстық партия ұйымынан делегаттар сайланды. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдастыру кеңесінің ...

Жалғасы »

Халықтың еркі жүзеге асты

Халық сайлаған Парламент халық билігін жүзеге асырды: Елбасы өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізуге мүмкіндік беретін заң қабылданды. Бұл – халық қалауы, ел тілегі. Елбасы ел тілегін ескереріне сенеміз. Ескеруге тиісті де. Елбасының өкілеттігін ұзарту бойынша республикалық референдум өткізу жөніндегі бас­та­машы топ осы идеяны қолдаған 5 млн-нан астам қазақстандық­тар­дың атынан Парламент палата­ла­рының бірлескен отырысының қа­рауына Қазақстан Консти­ту­ция­сына Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың президенттік ...

Жалғасы »