Басты бет » Билік (page 10)

Билік

Уақыт жаңа қадамдар күтеді

Ірі кәсіпорындардың ішкі рынокқа қайта бағытталуы – дағдарыстан шығу үшін маңызды жолдардың бірі. Бұл шағын және орта бизнеске қолдау болып қана қоймайды, сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесіне игі әсер етеді. Бейсенбі күні облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлер кеңесі отырысында айтылған көп ұсыныстардың бірі – осындай. Облыс әкімі қазіргідей күрделі шақта әлемдік қаржы дағдарысын жеңу мақсатындағы тұрақтандыру шараларын ...

Жалғасы »

Елеусін Сағындықов: Ісіміз қомақты, міндет ірі

Өткен жұма күні облыс әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында облыстық деңгейдегі барлық мәслихаттардың форуымында облыс әкімі Елеусін Сағындықов облыстың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған міндеттері туралы есеп берді. Аталған бұл форумға облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, халықтың барлық жіктері, аймақ жұртшылығының, саяси партиялар мен қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, форум жұмысына ...

Жалғасы »

Девальвация — салмақты қадам

Өткен аптада облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбе қаласындағы ірі-ірі сауда орындары, базар және тасымалдаушы компания жетекшілерімен кездесті. Тақырып біреу – теңгенің девальвациясынан кейін халық үшін бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу. Ұлттық валютамыздың құнсыздандырылуы өткен аптада қазақстандықтар үшін басты тақырып болды десек, артық айтқандық емес. Бұл орайда облыс әкімі алдымен екінші деңгейлі банктердің, құқық қорғау органдарының басын ...

Жалғасы »

Дағдарыстан шығу кілті

«Российская газета» басылымының 2009 жылғы 2 ақпандағы санында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласы жарияланды, онда Мемлекет басшысының әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру жөніндегі ұсыныстары атап көрсетілген. Дағдарыстан шығу кілті Нұрсұлтан  НАЗАРБАЕВ, Қазақстан  Республикасының  Президенті Бүгінде елдер мен континенттерді тіті­рен­тіп тұрған жаһан­дық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрық­ша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ ...

Жалғасы »

Елеусін Сағындықов: Девальвация үшін алаңдауға негіз жоқ

Кеше кешкісін облыс әкімі Елеусін Сағындықов теңге девальвациясына байланысты өткізілген шұғыл жиналыста осындай мәлімдеме жасады. Бұл жиынға облыс көлемінде әрекет етуші екінші деңгейдегі банк филиалдарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылған еді. Облыс әкімінің айтуынша, теңгені еркіне жіберу – экономикалық тұрғыда қажеттіліктен туған іс. Осыған қарамастан елімізде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3 пайыздық немесе 5 теңгелік ауытқумен 150 теңге ...

Жалғасы »

Әкімдер есебі

Қобда БИЫЛҒЫ ЖҮК: 76 СҰРАҚ, 5 МӘСЕЛЕ ОҚШАУ АУЫЛ Бұрын Қобда ауданының аумағында «немістердің ауылы» атанған Құрсай ауылдық округінде 80 үй, 368 тұрғын бар. Аудан әкімі Любовь Исмағамбетованың есебін тыңдау үшін тұрғындар өз күштерімен 2003 жылы ашып алған ауылдық клубқа жиналды. Есептен ауданда атқарылған жұмыстармен қатар Құрсайға қатысты мәліметтерді де естіген ауыл тұрғындары өз талап-тілектерін білдірді. Аудан әкімінен тұрғындар: «Біздің ...

Жалғасы »

Халық облыс, қала басшылығының жұмыстарына риза

Қалалық мәслихаттың кеңейтілген мәжілісінде айтылған пікірлер осындай! Бейсенбі күні облыстық филармония ғимаратында қалалық мәслихаттың кеңейтілген сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Елеусін Сағындықов, қала әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Сонымен қатар басқосуға  қалалық және қаладан сайланған облыстық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, тұрғындар да қатысты. Күн тәртібінде бір мәселе қаралып, қала әкімі Архимед Мұхамбетовтің «Ақтөбе қаласының 2008 ...

Жалғасы »

Әкімнің қолынан пәтер кілтін алды

Жұма күні облыс әкімі Елеусін Сағындықов сегіз адамға пәтер кілтін тапсырды. Баспаналы болғандар арасында біздің әріптестеріміз — «Ақтөбе» газетінің шолушысы Мейрамгүл Сатаева мен «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Мәлика Түгелова бар. — Еңбегімен, талантымен елге үлкен пайда келтіретін адамдарға баспана мәселесі бойынша көмектесуге әрдайым әзірміз. Бұл жолы пәтерлер «Емшан» және «Ақтөбе-центр» компанияларының демеушілік көмегі арқылы берілгелі отыр, — деді облыс әкімі. ...

Жалғасы »

Жол салынады!

Ырғыз аудандық мәслихатының кеңейтілген сессиясында аудан әкімі Мирхан Дуанбеков депутаттар мен тұрғындар алдында өзінің қорытынды есебін берді. Оған облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағамбетов және облыстық денсаулық басқармасы бастығының орынбасары Самат Данияров қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде өткен жылдың жемісті болғанын атап өтті. – 2008 жылы біршама жұмыстар атқарылды, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарды, – деді аудан әкімі. – Өткен жылғы табыстарымыздың ...

Жалғасы »