Негізгі / Archive by category 'Жаңалықтар / Таным'

Орынгүл және оның оқушылары

Кәсіп

Бұл жолы мен кейіпкерімді Ақтөбедегі Мәдениет үйінде өткен көрме- жәрмеңкеде жолықтырдым. Өрімдей жас қыз көрмеге әкелген бұйымдарын үстел үстіне жайып тастап, қызығушыларға таныстырып тұр. Мен де балалар жасаған тобылғы сапты қамшыға және қына өсімдігі бейнеленген бірнеше суретке көзім түсіп, жақынырақ таныстым. Бойжеткеннің аты-жөні — Орынгүл Нұрланқызы.  Ол көрме-жәрмеңкеге Темір ауданы Шұбарқұдық кентінен «Алтынбек» жауапкершілігі [...]

Папоротник сақталған мекен

Әуелі бұлаққа бас тіредік. Әдемі ағаш орда, үстел мен орындық, сәл әріректе — қоқыс салатын бөшке.
Су дегеніңіз ғажап. Әуелі шөліміз басылғанша сіміріп іштік, сосын қолда бар ыдыстарымыздың барлығына толтырып алдық.
Біз — Мәртөк ауданын аралауға шыққан, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған баспасөз турының мүшелеріміз: туроператорлар мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Бұлақтан [...]

Туған жерге тіккен ту

Мерей

Халықпен жұмыс істей білу. Көпті ел алдына қойылған міндеттерді орындауға жұмылдырып, экономиканы дамыта отырып, әлеуметтік мәселелерді ұдайы жақсарта беру. Бұдан төрт жыл бұрын аудандық мәслихат депутаттары сайлап қойған Ырғыз ауданының әкімі Мирхан Дуанбековтің алдында осындай міндеттер тұрды.
Енді аудандағы соңғы жылдардағы жаңалықтарға қысқаша тоқталайық. Бұл оның бәрін М. Дуанбеков тындырды деген сөз емес. Мәселе [...]

Сүндеттеудің сырлары

Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласы бес жасқа толысымен сүндетке отырғызады. Бұл халқымыздың салты ғана емес,  медицина жағынан да денсаулыққа пайдасы зор шаруа. Қазіргі таңда тек мұсылман дініндегілер ғана емес, ағылшындар да балаларын сүндетке отырғызатын болыпты. Сонымен, сүндетке отырғызу  жайында не білеміз?

Сүндетке отырғызу дәстүрінің тамыры тым терең. Сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio – [...]

Қазан қандай болған дұрыс?

Ас үйдің иесі әдемі әрі ыңғайлы ыдыста дәмді тағам пісіргенді қалайды емес пе… Қазаны дұрыс болса, тамақ пісірушінің де көңіл күйі көтеріңкі болады, әрі ас үйге де сән беріп тұрады. Сондықтан да оны дұрыс таңдап, тауар өндірушінің нұсқауымен де танысқан дұрыс. Оған дұрыс күтім жасасаңыз, пайдалану мерзімі де ұзара түспек.
Қазір ас үй ыдыстары [...]

Батыр атындағы көше

Иван Панфилов
Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов 1893 жылы Саратов облысының Петровск қаласында дүниеге келген. Анасының ерте қайтыс болуына байланысты  мектепті бітіре алмаған. 12 жасында-ақ жұмысқа араласып кеткен.
1915 жылы патша әскері қатарына шақырылып, сол жақтан әскери білім алып, орыс-герман майданына қосылады. 1917 жылы  полк комитетінің  мүшесі болады.
Қызыл әскер қатарына 1918 жылы өз еркімен алынып, 25-ші [...]

Компьютерлік ойындардың зияны қандай?

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады.  Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның [...]

Ақтөбеліктердің жылуы

Алматы облысында орын алған Қызылағаш оқиғасы әрқайсымызды бейжай қалдырмағаны рас. Еліміздің әр түкпірінен, көрші Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де материалдық қолдау көрсетіліп жатыр. Біздің ақтөбеліктер де тыс қалмады.
Бір күндік жалақыларын қызылағаштықтарға аударған нұротандықтар жылу жинау дәстүрін тірілтті. 16 наурыздан бері жергілікті БАҚ-та осы оқиғаға байланысты материалдық қолдау көрсетуге атсалысуға шақырған жүгіртпе жолдар мен хабарландырулар [...]

[ Толығырақ ] 26 Наурыз, 2010 | Пікір жоқ | Таным

Бұқара

Анамызды мақтан етеміз

Ұлы Отан соғысының жалыны ғұмырлары қызғалдақтай құлпырған бойжеткендерді шарпыды. Өмір мен өлім арбасқан сұрапыл соғыс тауқыметіне қыр қыздары да ерлермен бірге иық тосты.
«Ақтөбе» газетінің өткен жылғы 146-147 санында сұрапыл соғыстың куәгері болған қыздардың бірі Бағдагүл Оразбағамбетова туралы жазылған еді. Алайда қанды қырғында қару асынып, жау шебіне қарсы шыққан Бағдагүл туралы мәлімет аз [...]

[ Толығырақ ] 26 Наурыз, 2010 | Пікір жоқ | Таным

«Беріп кет сақинаңды мыс та болса…»

Қолөнері қатты дамыған қазақ халқында жиһаздық бұйымдар мен зергерлік
заттардың, ұлттық киімдердің түрі көп. Әсіресе, қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі –сақина мен жүзік.
Сонымен…

Сақинаны сәнге салмайды…

Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарқанға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | 1 пікір | Таным