Басты бет » Басты жаңалықтар (page 4)

Басты жаңалықтар

Нидерланды Корольдігі елшісін қабылдады

Облыс  әкімі Оңдасын Оразалин Нидерланды Корольдігінің Қазақстан  Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі  Дирк Ян Коп мырзаны    қабылдады. Екі  жақты  кездесу  барысында  облыс басшысы  келген қонаққа  Ақтөбе өңірінің  экономикасы  туралы айтып  берді.  Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы,  цифрландыру жүйесі, жасыл экономикалық аймаққа айналдыруға қатысты  инвестициялық  жобаларды  күтетінін  айтты. Жаңа  жобаларға  қатысты   өзге мемлекеттерден де көптеген  ұсыныстар  түсуде. Облыс  әкімі  инвестициялық  ұсыныстардың   барлығына да ...

Жалғасы »

Атаулы әлеуметтік көмек: алдын ала есеп — 29 237 адам және 4,5 миллиард теңге

Бұл өткен жылғы әлеуметтік көмектен 6 есеге жуық көп Дүйсенбіден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініштер облыстағы 161 учаскеде қабылданып жатыр. Оның 7-еуі Ақтөбе қаласында орналасқан. Бастапқы екі күнгі мәлімет бойынша жалпы 2165 адам орталықтарға келіп, оның 1254-і атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жазған. Өтініш жазғандардың көп бөлігі Ақтөбе қаласына  тиесілі (679 адам). Ал аудандардың арасында ...

Жалғасы »

«Айлығы» 200 мың теңгеден кем болмайтын бақташылыққа неге ешкім бармайды?

Жер кеуіп, мал өріске шығар осы кезде ауыл адамдары бақташы іздеп сабылады. Алыс ауылда да солай, аудан орталығында да солай. Бұған қоса  тұрғындар өріске шығатын малды бағу ақысының  өсуіне де алаңдайды. Айталық, бір бас ірі қараның  ай сайынғы ең төменгі төлемі 1000 теңге болса, біраздан соң үстіне 200-300 теңге қосылады.  Бұл, әрине, мал иелеріне тиімсіз болғандықтан, олар бағу бағасын түсір ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер Еуропаны елең еткізді

Биыл Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойымен тұспа-тұс келген айтулы дата аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар, байқаулар мен концерттерді өткізу науқаны басталып та кетті. Бір ғана мысал, өнерлі жерлестеріміз жақында гастрольдік сапармен Еуропа елдеріне барып, сондағы қандастарымыздың Наурыз мерекесіне арналған концертінде ән-жырдан шашу шашты. Өнер ордасының директоры Елубай Кенжалиевпен осы және өзге де ...

Жалғасы »

Байғанинде жан басына шаққанда екі ірі қарадан келеді

Бұл —  аудан үшін төмен көрсеткіш Бұған дейін облыстың  барлық өңіріне барған облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарын Байғанин ауданында қортындылады. Алдымен республикалық маңызы бар күре жолдың жайымен танысқан ол жол салып жатқан компания мердігерлерімен кездесті. Ақтөбе-Астрахань жолының бойында жатқан ауданға осы жолдың 125 шақырымы тиесілі. Түріктің қос компаниясы салып жатқан жолдары II дәрежелі жолға жатады. Сондықтан оның барлық құрылысы ...

Жалғасы »

Темірлік кәсіпкерлерге қолдау әлі де аз

Жексенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің кезекті  жұмыс сапары Темір ауданында жалғасты. Өндірісті аймаққа сапары аясында облыс әкімі аудан халқымен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, нақты жауаптар берді. Жұмыс  сапары Темір ауданы арқылы өтіп жатқан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс барысымен танысудан басталды. Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолының Темір ауданы территориясы арқылы өтетін 160-220 шақырымында «СинеМидасСтрой» ...

Жалғасы »

Қаза тапқан әскери жерлестерімізбен қоштасты

Азалы музыка… Жағалай жылап-еңіреген жұртшылық… Қалампыр ұстаған әскерилер… Өткен сенбі күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында әуе апатынан қаза тапқан жерлестеріміз — майор Данияр Қоңырбай мен ефрейтор Өмірхан Қауқаевтың табыты Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қаралы митингіге атқарушы билік өкілдері, әскери қызметкерлер, қыршын кеткен азаматтардың туыстары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. — Қызылорда облысының аумағында әскери тікұшақтың апатқа ұшырап, 13 жауынгердің қаза табуы баршамызға ...

Жалғасы »

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдау басталды

Кеше жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш қабылдау басталды. Ақтөбеде жеті қабылдау бөлімі жұмыс істеп жатыр. Жұмыспен қамту орталығында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде, Халықтық кеңседе, халыққа қызмет көрсету орталығында, Ақтөбе қаласының Астана мен Алматы аудандарында, бұрынғы Қурайлы және Сазды селолық округтері әкімдіктерінің базаларында мамандар ақтөбеліктерді қабылдап жатты. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары ...

Жалғасы »

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Тапсырмаларды сапалы әрі дер кезінде орындауымыз керек

Nur Otan партиясының кезекті ХVIII съезінде ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. Кеше Ақтөбеге іссапармен келген Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы талқыланған жиынға қатысты. Партияның облыстық филиалы конференциясы аясында алдымен филиал төрағасы сайланды. М.Әшімбаевтың филиал ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ырғыз ауданы бюджетінің кіріс көзін молайтуы қажет

Бейсенбі күні жұмыс сапарымен Ырғыз ауданына барып, құрылысы жүргізіліп жатқан бірнеше әлеуметтік нысанды аралаған облыс әкімі бірінші кезекте сапаға мән берілуі керектігін ескертті. Сондай-ақ, халықпен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.   Оңдасын Оразалин алдымен аудан орталығындағы әкімдік ғимаратының құрылысына барды. Үш қабатты нысанның құрылыс жұмысына жауапты — «Стройкомплект-2030» ЖШС. Оған 50-ден астам құрылысшы тартылған. Ал жобаның құны — 238 миллион теңге. Жоспар ...

Жалғасы »