Басты бет » Басты жаңалықтар (page 30)

Басты жаңалықтар

Қазақ тілінің жаңа әліпбиі желтоқсан айына дейін бекітіледі

Әліпби Жуырда Ақтөбе қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл — қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын әліпбиі негізіндегі жаңа емле ережелері жобасының сынама жұмыстарын жүргізді. Сынама қоғамдық пікірді зерттеу арқылы жаңа емле ережелерін әзірлеуде туындаған мәселелерді шешуге бағытталған. Осы орайда біз Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл — қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешовпен сұхбаттасқан ...

Жалғасы »

Ақтөбелік балуан Қазақстанға 12-медальді сыйлады!

Индонезияда өтіп жатқан XVIII жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күнінде, яғни, 20 тамызда Қазақстан құрамасы бірнеше спорт түрінен бақ сынады. Бұл күні біздің құрама, өкінішке қарай, жалпы есепте бесінші орыннан 11-орынға сырғып кетті. Қазақстан спортшылары Азиаданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, екінші күні ел қоржынына жалғыз күміс жүлде бұйырды. Оны әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова ...

Жалғасы »

«Туған жерге тағзым»: үш ауданның үлесі

Аудан Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы аясында биыл аудандарда көптеген жобалар іске асырылып, ауыл-аймақтарда жаңа ғимараттар бой көтеруде. Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстар Қарғалы, Темір, Қобда аудандарында да қарқынды жүзеге асырылуда. Енді аталған жобаларға кеңінен тоқталсақ…  Қарғалыда жерлестер форумы өтеді Биыл Қарғалы ауданы бойынша аталған акция аясында жоспарланған жобалардың саны – 46, жалпы құны ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасы — зайырлы, толерантты, бейбітсүйгіш, рухани құндылықтарды ұстаным етіп отырған тәуелсіз мемлекет. Ата-баба дәстүрімен үндестік тапқан Құрбан айт мейрамы бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Жыл сайын елімізде бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде. Құрбан айт — халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан, кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық ...

Жалғасы »

Әйтеке би ауданының күндері өтті

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясындағы Ақтөбедегі Әйтеке би ауданының күндері өткен сенбі күні жалғасты. Ертеңгілік «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, «Үміт» сәбилер үйінде қайырымдылық акциясы, сондай-ақ осы өңірден шыққан өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты.    «ТАБЫСТАҒЫ» ЖӘРМЕҢКЕ Бұл күні Әйтеке би ауданының 15 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары ақтөбелік тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкені ...

Жалғасы »

Алғашқы жарыс күні: Қазақстан құрамасы — 5-орында

Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтіп жатқан ХVІІІ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті. Ресми емес жалпыкомандалық есепте Қазақстан бесінші орында тұр. Алғашқы медаль жиынтықтары сарапқа түскен 19 тамыз күні қазақстандық спортшылар еркін күрес, семсерлесу, у-шу, теннис, баскетбол, көгалдағы хоккей, т.б. спорт түрлерінен жарысқа шықты. Олардың арасынан семсерлесуші Дмитрий ...

Жалғасы »

Құрылысшыларға құрмет: үш бөлмелі пәтер мен автокөлік табысталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында Құрылысшылар күніне орай салтанатты шара өтіп, бірқатар сала мамандарына сый-құрмет көрсетілді. Мерекелік жиында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: — Қоғамдағы сыйлы мамандықтардың бірі — құрылысшы. Өйткені бұл саламен көп нәрсе байланысты. Адамға қуанышты көңіл күй, жақсылық сыйлайтын мамандықтардың бірі бұл. Еліміз Тәуелсіздік алғалы Қазақстанның, соның ішінде Астананың ...

Жалғасы »

Спортшылар марапатталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында Спорт күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, спорт саласының ардагерлері мен белгілі спортшылар қатысты. Мерекелік шара «Мега Старс» үлгілі би ансамблінің биімен басталды. Бұдан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. — Қоғам үшін де, мемлекет үшін де спорттың маңызы зор. Спорт, ең алдымен, ...

Жалғасы »

Құрбан айт қабыл болсын!

Алдағы аптада күллі мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт басталады. Алла құлының құлшылық жасап, Раббысының разылығы үшін құрбандыққа мал шалып, сауапты іс жасайтын мейрамы биыл  21 тамызға сәйкес келеді. Облыстың бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, биыл облысымыздағы барлық мешіттерде айт намазы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де оқылады. Жылдағы дәстүр бойынша Құрбан айт күндері орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің алаңында мерекелік шаралар ...

Жалғасы »

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы: облыс экономикасының даму қарқыны 105 пайызды құрап отыр

Сессия Кеше облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, басқарма басшылары қатысты. Сессияда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есеп берді. Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс экономикасының даму қарқыны 105 пайызды құрап отыр. Биылғы 6 ...

Жалғасы »