Басты бет » Басты жаңалықтар (page 3)

Басты жаңалықтар

Димаштың жанкүйері Қобдаға келді

Қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің ирландиялық 76 жастағы жанкүйері Джун Маш Лазар Қобда ауданына келді. Д.Құдайбергеннің 22 наурызда Ресей астанасы Мәскеуде өткен концертінен кейін ирландиялық турист Джун Маш Лазар Ақтөбеге, одан соң   «QAZAQTOURISM» туроператорлығының өкілдерімен бірге батырлар мекеніне  келіп, өлкеміздің тарихымен танысты. Бұрын сәнбике болған, әлемнің 50-ден астам еліне саяхат жасаған саяхатшы қазіргі уақытта ағылшын тілінен сабақ береді. Алдымен Әлия ...

Жалғасы »

Биыл 13 ауылға газ тартылады

Ақтөбе әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрғысынан елімізде көш басында тұрған облыстардың бірі. Бүгінде өңірдің даму қарқынын төмендетпеу мақсатында нақты міндеттер айқындалып, облыс әлеуетін арттыру бағытында шаралар қолға алынып жатыр.  САПАЛЫ АУЫЗСУ: 2,2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ, 11 ЖОБА Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның айтуынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын төмендетпеу үшін Ақтөбенің әлеуетін арттыруда алға қойған нақты мақсаттар мен міндеттер ...

Жалғасы »

Несиелендірудің жаңа механизмі: 7 жыл бойы субсидия төленеді

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған тағы бір бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Егер сіз ет, сүт өңдеумен, картопты қайта өңдеу, консервілеу, көкөніс пен бақша өнімдерін, маусымдық дәнді дақыл өсіру, малдың сүтті бағытын өсіру, азық-түлік, балалар тағамы, ұн тағамдарын дайындау,  үйге қажетті тоқыма бұйымдары, кілем өндірісі, тұрмыстық бұйымдар, жиһаз жасау,  құрылыс материалдары, есік-терезе, қағаз, металл өндірісі, басқа да салаларда кәсібіңізді дамытып немесе ...

Жалғасы »

Теміржол вокзалы: жолаушыларға жағдай жасалған ба?

Рейд Сейсенбі күні «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшылар тобы теміржол вокзалына барып, тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініш-шағымдар бойынша рейд жүргізді. «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сарапшылар кеңесінің басшысы Жанболат Тұртаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан түсетін негізгі шағымдар — пойыз билеттері мен вокзал маңындағы автотұрақтар бойынша екен. Топ мүшелері алдымен халық арасында дүрбелең тудырған вокзал алаңындағы ақылы тұрақтың жұмысымен ...

Жалғасы »

Ұлттық құндылықтарға сүйіну, ұлтсыздыққа күйіну

Адам өсе келе өзінің тегі туралы те­рең ойланады, ізденеді. Ұлт та ті­рі ор­ганизм. Оның да эмбриондық, бас­тапқы дәуірі, жұмыртқадан жарып шық­қан балапандай кезеңі, тіпті кейбір ға­лым­дардың айтуынша, ұлттың тарихи өлшеммен өмір жасы (әрине, көбіне ұсақ ұлттарға байланысты), даму жолда­ры мен жады, әл-ауқаты мен сырқаты, тағдыры, күш-қайратының асып-тасуы, құлшынысы мен әлсіреуі, қайта жаңарып, асқақтайтын заманы болады. Ал еврей халқының ұлттың болашағы ...

Жалғасы »

Жас чемпиондарды құттықтады

Шайбалы хоккейден өткен маусымдағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» хоккей командасы чемпион атанды. Осыған орай 5-7 сәуір аралығында Ақтөбеде облыс әкімінің Кубогы үшін жарыс ұйымдастырылды. Ақтөбедегі Мұз сарайында өткен жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жергілікті жас хоккейшілерді ел чемпионы атануларымен құттықтады. — Спортпен айналысу — денсаулық кепілі. Елімізде, соның ішінде біздің өңірде де жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Қазіргі заманның құралдарын пайдалана отырып қоғамды тәрбиелеуде баспасөздің рөлі мықты

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Баспасөз үйінде болып, «Ақтөбе Медиа» холдингі ұжымымен кездесті. Облыс басшысына Баспасөз үйінің бірінші қабатында жасақталған қос газеттің тарихынан сыр шертетін мұражай жұмысы, ондағы көне жәдігерлер таныстырылды. Содан соң ол серіктестік құрамындағы облыстық қос газет пен «Адырна», «Үштаған» журналдарының, «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталы мен «Aktobenews» ақпараттық сайтының редакциясын аралап көрді. «АқтөбеМедиа.kz» медиа порталында алдағы уақытта телекамера арқылы ...

Жалғасы »

Бесінші буынды ультраклиматтық жүйемен жабдықталған жылыжай іске қосылды

Ақтөбеде  жоғары технологиямен — бесінші буынды ультраклиматтық жүйемен жабдықталған «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжайы ресми түрде ашылды. Қазақстан мен Венгрияның бірлескен инвестициялар қорының Нидерландыдан қаржы тарту арқылы жүзеге асырған кешен — өңірдегі осы бағыттағы бірегей жоба.   Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян ...

Жалғасы »

Мәртөкте  жаңа мешіт ашылды

Кеше, қасиетті жұма күні Мәртөкте құрылысы 2017 жылы басталған 300 орындық жаңа мешіт ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып,  рухани орталықтың  тұрғызылуына  үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты. Бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақтаса тіршілік етіп жатқан, бір-бірінің дәстүрі мен діни сенімдерін ерекше құрметтейтін көпұлтты Мәртөк тұрғындарына ризашылығын білдірді: — Елімізде әртүрлі діни сенімдегі және көптеген этникалық ұлт өкілдері ...

Жалғасы »

Президент: «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік»

ПРЕЗИДЕНТ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді. Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан бас­талды. Біз де сұхбатымызды осы игілікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр… — Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды. Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан – сан ...

Жалғасы »