Басты бет » Басты жаңалықтар (page 288)

Басты жаңалықтар

«Ақтөбенің» «Күлкісі»

Өткен номерімізде хабарлағанымыздай, 11-12 мамыр күндері Студенттер сарайында Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қазақстан КВН Одағы» «Ақтөбе» газетінің 85 жылдығына орай республикалық байқау өткізді. Басында бұл байқау бір күнде өткізілетін болып жоспарланған-ды. Бірақ тапсырыс берушілердің көптігіне байланысты мереке екі күнге созылды. Бұдан ақтөбелік көрермендердің тек ұтқаны анық. Әлқисса, 11 мамыр күні таңертең 24 команда «ауыздығымен алысып», «жер тарпып» тұрды. ...

Жалғасы »

Біз білетін Сәкең

«Ақтөбе» – 85 Бірқатар жастар облыстық газеттің редакциясына қызметке 1970 жылдардың ішінде үздік-создық келіп қосылғанбыз. Бұнда бұрын атын естіген де, естімеген де журналистер бар екен. Өзімді жұмысқа қабылдарда олар редактордың бөлмесіне иық тіресіп, әрең сыйып отырғанын білемін. Емтихан тапсыратын адамдай босаға жақта бөлек мен отырмын. Бәрі маған қарап қалған. Әншейінде төс қалтаға қос-қостан қалам салып, мен журналист деп шырт түкіріп ...

Жалғасы »

670 тонна қалдықтан құтылдық

Өткен бейсенбі күні екі мыңға жуық мемлекеттік қызметкер қалада тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған шара  қалалық әкімдіктің қолға алған екі айлық тазалық жұмыстарының аясында ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына ат салысқан қызметкерлер қаланың айналма жолдары мен көшедегі қоқыстарға ерекше мән берді. ГМЗ, әуежай маңындағы айналма жолдар мен Тургенев, Зинченко көшелері күл-қоқыстан тазартылды. Мәселен, Краснощекова көшесі мен Еңбекші көшесіне дейінгі аралықты тазартқан облыстық туризм, ...

Жалғасы »

1500 тал отырғызылды

Қалада көгалдандыру, әрбір көше мен ауланы жасыл желекке бөлеу жұмысы қарқын алды. Мұндай игілікті істен қаланың бизнесмендері мен кәсіпкерлері де тыс қалмауда. Биылғы жылы «Дастан» ЖШС ұжымы өздерінің қаражаттарына 1500 түп әр түрлі ағаш пен көшет әкеліп, «Дастан» бизнес орталығының аумағына отырғызды. – Талдар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының питомниктерінде өсірілген, – деді серіктестік директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Асхат ...

Жалғасы »

Саябақтар мен скверлер жайнайды!

Көгалдандыру Қаламыздың саябақтары мен скверлері таяу уақытта жаңа түрге ие болады. Және бұл қалалық әкімдік пен қала кәсіпорындарының жаңа бірлескен бағдарламасын іске асыруға байлансты болмақ. Біз түрлі жылдары облыс орталығын көгалдандырып, саябақтар мен гүл алаңдарын өсірген, ағаш егіп, оларға күтім жасаған қала тұрғындарына зор алғыс айтамыз. Олардың еңбегінің нәтижесінде бүгінде Ақтөбе жерінде 3 саябақ пен 21 сквер бар. Енді біздің ...

Жалғасы »

Ойылдағы орнықты әңгіме

«Ақтөбе» газетінің сексен бес жылдығы қарсаңында облыс орталығынан басталған мерекелік шаралар енді аудандарға қарай ойысты. Таңдау ең алдымен Ойылға түсті. Арғы шеті Атырау аймағымен шектесетін, негізінен бірыңғай мал шаруашылығымен шұғылданатын өңірде біздің оқырмандарымыз көп-ақ. Олардың арасында редакциямызға хат жолдап, жаңалық-хабарларын жеткізуге құштар жандар да аз емес. Ендеше, мақсат белгіленген соң кідірістің жөні жоқ еді. Қобдадан ары шыққаннан кейінгі Ойылдың орнықты ...

Жалғасы »

Нұрпейістің әдеби хатшысы

«Ақтөбе» – 85 «Ақтөбе» газетінің 85 жылдық мерейтойының қарсаңында газетте кімдер жұмыс істеді, қандай еңбегі сіңді, олар қандай азамат ретінде тарихта қалды деген сұрақтардың мазалайтыны рас. 85 жылдық тарихында газетте белгілі қаламгерлер, ақындар, жазушылар еңбек етті. Солардың бірі – Ахмет Сейітұлы Ескендіров. Жиырмасыншы ғасырдың басында, атап айтқанда, 1901 жылы дүниеге келген Ахмет Ескендіровтің жастық шағы Ресейдің Орынбор губерниясының Бөрте ауданында ...

Жалғасы »

Шал

Бәйге! Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірінде шопандар бригадасындағылар үшін киіз үй жасауға талап еткен үш адаммен бірге Қыдыр Мұғалжар тауында тал кесіп жатты. Осылай етпеске амалы да қалған жоқ-ты. Бұрынғы бригададан алған киіз үйлер ескіріп, керегелерінің иіні қашып, көктері созылып, уықтары түзеліп кетті. Ал енді біреуі жаңбыр алдында соққан қатты желден жығылып, мүлдем пайдаланудан қалды. Жас шопандар киіз үйден қиындықты көрудей-ақ ...

Жалғасы »

«Ақтөбенің» құрметіне арналған жарыс

Өткен жексенбі күні облыс орталығында «Ақтөбе» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай жеңіл атлетикалық кростан облыс чемпионаты өтті. Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының жарысты облыстағы аға басылымның құрметіне орай өткізу туралы ұсынысын құп алған «Ақтөбе» газетінің меншік құқығына ие «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшылығы спортшыларға жүлде тағайындау мен марапаттауға қуана келісті. Сол күні аспанды қара бұлт торлап, әлсін-әлсін жауын жауғанымен, ауа ...

Жалғасы »

Оқырмандармен жүздесу

«Ақтөбе» – 85 «Ақтөбе» газетінің 85 жылдық мерейтойын оқырмандар қауымы өз беттерінше атап өтуде. Қаладағы С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханада «Өз өрнегі бар газет» атты оқырмандар кеші өтті. Оған Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледж бен С.Бәйішев атындағы университеттің колледжі оқушылары, басқа да оқырмандар қатысты. Газеттің бұрынғы бас редакторлары Идош Асқар, Қуаныш Тектіғұл, қазіргі бас редактор Бауыржан Өтеулиев, бас редактордың орынбасары Ертай Ашықбаев ...

Жалғасы »