Басты бет » Басты жаңалықтар (page 277)

Басты жаңалықтар

Зауыттың салты

Ақтөбе қаласындағы «Ферро» стадионында жұмысшы жастар арасында Президенттік тест тапсырудан спорттық шаралар өтті. Шараны ұйымдастырудағы мақсат — халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту. «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға қаладағы «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «Ақтөбе халықаралық әуежайы», «Трансэнерго», «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы мен «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастауыш партия ...

Жалғасы »

Тұрғын үйлер тозбайды

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында инновациялық және қуат көздерін үнемдейтін технологияларды енгізу» тақырыбында аймақтық конференция өтті.  Мақсат — елімізде биыл қабылданған «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықтарды модернизациялау бағдарламасын» түсіндіріп, оның іске асуының алғы шарттарын жасау. Жиынға  Астанадағы «Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері, Ресейден, Словакиядан шақырылған арнайы мамандар қатысты. ...

Жалғасы »

Соғыс құрбандарын кім іздейді?

«Ақтөбе» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы санында «Әкені іздеу» деген тақырыппен шағын мақала жарияланды. Онда Шалқар ауданының Қауылжыр селолық округінде тұратын зейнеткер Дархан Жалғасовтың Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан әкесінің зиратын ұзақ жылдар бойына іздестіріп тапқаны, қасына баласы Сағиды ертіп, Ресейдің Волгоград облысы Кузьмичи поселкесіндегі қаруластар қорымына барып, әке рухына тағзым еткені баяндалады. Мен Дархан ағаны көптен білетінмін. Ақтөбе ...

Жалғасы »

Денедегі оқ — соғыстың ескерткіші

Біз аталарымыздың ерлік істері рухында өскен ұрпақпыз. Кішкентайымыздан әкелеріміз оларды бізге үлгі етті. Ал бүгінгі күні соғыстың сұмдығын біз жас болсақ та жақсы білетін сияқтымыз. Менің атам Сейітқали Қожабеков те қан майданның нақ ортасында болған адам. Ол 1943 жылдың қаңтарында әскер қатарына алынып, 1945 жылға дейін қолынан қаруын тастамаған. Соғыста екі рет жараланады. Бірнеше жауынгерлік медальдары бар. Жеңісті Берлин қаласында ...

Жалғасы »

Ідіріс батырдың ізі

Ідіріс Үргенішбаев 1942 жылдың басында Шалқар ауданындағы Талдықұм мектебінде мұғалім болып жүрген жерінен  әскер қатарына алынып, арнайы дайындықтан өткен соң майданға жіберіледі. Оның ерлік жолдары туралы бұл күндері біз ресми деректерден, газет қиындыларынан білеміз. 1943 жылдың 10 шілдесінде Курск доғасындағы шайқастың қызған шағында жау жағы 260-шы биіктікті жанталаса қорғауға көшеді. Біздің бір рота әскер шабуылға шыққанымен, қарсыластар беріле қоймайды. Осындай ...

Жалғасы »

Қаламы мен қаруын тең ұстаған

Облыстық газеттің тарихына көз салғанда журналистердің де қолына қару ұстап, оқ пен оттың қақ ортасынан табылғанын анық аңғарамыз. Солардың бірі Ахмет Ескендіров еді. Ол 1901 жылы Орынбор губерниясының Екінші Бөрте өңірінде дүниеге келген. Сегіз жасынан ауылдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға барады. Он сегіз жасында өзі мұғалім болып, шәкірт тәрбиелеуге кіріседі. Бұқара арасында үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізумен бірге, осы тұста өлең де шығара ...

Жалғасы »

Концлагерь қасіреті

1983 жылы қаңтар айында бір топ студенттер Балтық жағалауындағы қалаларды аралауға сапарға шықтық. Латвия, Литва, Белоруссия Республикаларының  бірнеше қалаларын аралап қызықты әсермен оралдық. Солардың ішінде Белоруссияның Гродно қаласындағы «9-шы форт» деп аталатын концлагерьді көрдік. Бұл қала Польшамен шекаралас жатыр. Неміс самолеттерінен ең алғашқы бомбалары осы жерге түскен екен. Лагерьдің қабырғалары 1,5 метр бетонмен қаланған, қоршауы да дәл сондай әрі биік. ...

Жалғасы »

Партизанның немересімін

Менің майдангер атам Арық Есентаев бала кезінен өр, батыл, жігерлі болып өскен деседі. Ол жиырма жасында фин соғысына қатысады. Ал одан кейінгі жорық жолдары неміс фашистеріне қарсы шайқаста жалғасады. Қанды соғыстың қызған кезінде 1943 жылдың басында бұларды жау тұтқынға түсіреді. Содан 1944 жылдың ақпанында кеңестік жауынгерлер жиырма сегіз фашисті өлтіріп, өздері жеті жолдасынан айырылып, бұғаудан қашып шығады. Сөйтіп, кеңестік солдаттар ...

Жалғасы »

Ең жоғары атақ еді…

9 мамыр —Жеңіс күні қарсаңында Бұдан 77 жыл бұрын, 1934 жылы 16 сәуірде КСРО Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы белгіленді. Бұл атақпен алғаш рет сол 1934 жылы 20 сәуірде «Челюскин» пароходының жолаушылары мен экипажын қиын жағдайдан құтқарған полярлық ұшқыштар Анатолий Ляпидевский (№ 1 «Алтын жұлдыз» медалі), Сигизмунд Леваневский, Василий Молоков, Николай Каманин, Маврикий Слепнев, Михаил Водопьянов, Иван ...

Жалғасы »

Қанмен жазылған тарих өшпейді

Еуропа мен Азияның кіндігі болған Мәскеуде Одақ тарап, ТМД-ға айналған шақта қазақ халқының үш перзентіне — үш тұлғасына  ескерткіштер орнатылды. Мәскеудің орталығындағы Чистопрудный бульварында ойға шомып отырған Абайдың тас мүсініне гүл шоғын қоюшылар әр кезде де табылады. Сол маңға орналасқан Қазақстан Республикасының елшілігіне елден келгендер, қазақ елін сыйлайтын адамдар кемеңгерге тағзым етуді лайық деп біледі. Ұлы ойшыл, дана, ақын Абайға ...

Жалғасы »