Басты бет » Author Archives: aktobegazeti

Author Archives: aktobegazeti

Бердібек САПАРБАЕВ: 150 жылдық мерейтойдан үлкен із қалуы керек

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту шараларына дайындық барысы талқыланды.  Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері, депутаттар, ірі кәсіпорындар мен мекемелердің, құқық қорғау органдары мен басқарма, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Жиынға аудан әкімдері онлайн-режимде қосылды. Жиынды ашқан сөзінде облыс басшысы ...

Жалғасы »

Өткен жылы 600 жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының айлығын көтерді

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақ орталығы мен кәсіпорын басшыларының өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдарды орындау мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. 2018 жылы облыста өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек  құқығы мен жұмысшылардың кепілдігін қамтамасыз ету бойынша барлығы 4781 меморандумға қол қойылды. Облыстық еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаевтың айтуынша, оларды жүзеге асыру нәтижесінде былтыр облыстағы 591 кәсіпорында еңбекақы ...

Жалғасы »

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Өткен жылы, яғни 5 шілде күні Астана қаласының жиырма жылдығына орай, Ақтөбенің Батыс-2 ауданындағы «Денсаулық» саябағында бес жүзден аса дәрігер бір сағатта  4272 адамның  артериалды қан қысымын өлшеген болатын. Тұрғындармен бірге шараға  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысқан еді. Кеше таңертең Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында аталған шараның кітапқа енгені жөнінде мәлімет жарияланыпты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ...

Жалғасы »

Ең бастысы — рухани құндылықтар

Дүйсенбі күні ақтөбелік православ дінін ұстанушылар басты христиан мерекелерінің бірі — Рождество мейрамын атап өтті. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Свято-Никольский кафедралық соборында таңертеңгі мінәжат ету шарасына қатысып, жиналғандарды осы мерекемен құттықтады. Православ шіркеуі жыл сайын жаңаруды бейнелейтін осы мерекені 7 қаңтар күні лайықты түрде қарсы алады. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев шіркеуге жиналғандарды құттықтай келе, ...

Жалғасы »

Түбегейлі бетбұрыс

Қаланың батыс бетінде, ферроқорытпа зауыты аумағында өткен жылы  салынған  ұзындығы 67 метрге жуық жол өткелі бүгінде қаламыздың визиттік карточкасына айналды. Бұл көпір қаланы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен жалғастырады. Бұған дейін көп қиындық келтірген бұл тұста, қазір кірме теміржолдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жиі болатын автокөліктер кептелісі жойылды. Осы жаңа көпірмен Ақтөбе-Мәртөк асфальт жолына түскесін, шамалыдан кейін, оң қаптал тұстан ...

Жалғасы »

Мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі — қатаң бақылауда

Облыстың мемлекеттік органдарындағы атқарушылық тәртіп мәселелері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Онда облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың 2018 жылғы атқарушылық тәртіп бойынша істің жалпы ахуалы туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамашының айтуынша, алдындағы жылмен салыстырғанда мемлекеттік органдар жұмысындағы атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейі елеулі түрде өскен. Тәртіп бұзушылықтар екі есе дерлік азайған. ...

Жалғасы »

«Самғау» — болашақтың баспалдағы

Форум Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде әр жылдары бітірген 200 түлек бас қосқан «Самғау» форумы өткізілді. Кездесу мақсаты — түлектер мен мектеп арасында белсенді қарым-қатынас орнату, бейресми, нетворкингтік кездесулер ұйымдастыру. Іргесі 2013 жылы қаланған заманауи білім ордасын бітірген түлектер биыл жоғары оқу орнының 4-курсында оқып жатыр. Оқушылар түрлі сала бойынша білім алып жатқан түлектермен пікірлесіп, қазіргі қоғамға қажетті мамандықтар туралы ...

Жалғасы »

760 нысан тексерілді

Халық қауіпсіздігі Облыста жеті жүзден астам террористік тұрғыдан осал нысан бар. Оның ішінде мемлекеттік стратегиялық маңызы бар және халық жиі шоғырланатын аймақтарды баса айтуға болады. Облыстық ішкі істер департаментінің жұмыс тобы өткен жылы 760 объектіні, соның ішінде 75-тен аса маңызды мемлекеттік, 70 стратегиялық, 20 өндірістік және 595 қоғамдық нысандарды тексерген. Нәтижесінде  кейбір заңбұзушылықтар бойынша 362 өтінім беріліп, 13 нысанның жетекшісіне ...

Жалғасы »

Облыс намысын қорғайды

Олимпиада Ақтөбеде оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Шараға барлығы 823 оқушы қатысып, республикалық кезеңге  жаратылыстану бағыты бойынша 55, гуманитарлық бағыт бойынша 28 оқушы жолдама алды. Биылғы жылғы облыстық олимпиаданың басты ерекшелігі — кабинет кезекшілігіне оқушылары қатыспаған мектеп мұғалімдерінің тартылуы болды. Сонымен қатар жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің  ашық және әділ өтуін ...

Жалғасы »

Белсенді даярлық дамытылады

Әскер Әскери қызметшілердің ептілігі мен функционалдық даярлығын арттыру мақсатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде спортпен бұрынғыдан да белсендірек айналысуға маңыз беріліп отыр. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасыныңбаспасөз қызметінің өкілі, капитан Рустем Игісіновтің айтуынша, 41433-әскери бөлімі қызметшілері өзінің әскери қызметінде қажет болуы мүмкін спорт түрлерімен белсене айналысуды бастап кетті. Осы мақсатта әскери бөлімде әскери қоян-қолтық күрестен бөлім командирінің Кубогіне арналған сайыс өткізіліп, ...

Жалғасы »