Басты бет » Author Archives: admin

Author Archives: admin

Мерекелеріңізбен!

  16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні! Құрметті ақтөбеліктер! Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпұлтты халқымыз үшін әлемнің саяси картасында пайда болған бұл күн тарихи сәт болып саналады. Жиырма алты жыл бұрын қазақстандықтар біздің ата-бабаларымыз армандаған еркіндік пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің буынға ежелгі арманды жүзеге асырудың ұлы құрметі тиді. Біз өзіміздің, қазақстандық жолды ...

Жалғасы »

Мемлекет Басшысы Бердібек Сапарбаевты «Отан» орденімен марапаттады

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі құрметіне мемлекеттік марапаттаулар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатын өткізді. Мемлекет басшысы салтанатқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді даму жылдарындағы бірқатар жетістіктерді атап өтті. — Мемлекет егемендігіне ие болғаннан кейін біз бірте-бірте қуатты, өркендеп келе жатқан Қазақстанды құрдық. Осы жылдар ішінде біздің еліміз көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі күні алдымызға ...

Жалғасы »

Офтальмологиялық орталық ашылды

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында Тәуелсіздік күніне орай «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басқармалар мен департаменттердің басшылары, денсаулық сақтау және медицина қауымдастығының ардагерлері қатысты. Шара барысында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: — Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру — Мемлекет басшысы қойған басты тапсырмалардың бірі. Осы орайда біз бүгін ...

Жалғасы »

Тасқыннан зардап шеккендер жаңа қонысқа көшті

Көктемгі су тасқыны кезінде баспанадан айырылған тұрғындардың бір бөлігіне Қурайлы елді мекенінен жер телімдері берілген болатын. Қазір осы ауылдан жер алған 81 отбасының 64-і құрылыс жұмыстарын аяқтап, жаңа үйлеріне кіріп алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мереке қарсаңында жаңа қонысқа көшкен тұрғындармен кездесіп қайтты. Олардың жағдайын біліп, қандай мәселелердің бар екенін сұрады. Жер беріліп, қаржылай көмек алған соң жаз бойы осы ...

Жалғасы »

Сарыжарда жаңа мектеп ашылды

Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін ауылдағы жалғыз мектепте балалар үш ауысыммен оқып келген еді. Мектептің ашылуында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесі  және жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. — Әрбір ұлттың болашағы оның білімді, денсаулығы мықты азаматтарына байланысты. Елбасымыз тәуелсіздік алған күннен бастап, осы салаға көңіл бөліп келеді. Оны күнделікті баспасөзден оқып, біліп ...

Жалғасы »

Смартхоум үлгісіндегі жатақхана ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің смартхоум типіндегі заманауи «Жастар үйі» ашылды. Ғимараттың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова және Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі жиналғандарды құттықтады. —  Қазіргі күні университет студенттерінің  жатақханамен қамтылуы елу алты пайыз болса, енді сексен пайыз болады. Гришин көшесіндегі жатақхана жөндеуден өтіп жатыр. ...

Жалғасы »

100 орындық интернат пайдалануға берілді

Мереке қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Сымбат» жекеменшік физика-математика мектебінің жанындағы 100 орындық  интернат пайдалануға берілді. Ғимараттың салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова және Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Облыс әкімі жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. — Осы мектепті аралаған кезде Рабиға Мұхитқызына ауыл балалары үшін де мүмкіндік қарастырылуын айтқан едім. Мектеп басшылығы ұсынысты бірден қабылдады. Ауылда ...

Жалғасы »

Пәтер кілттері табысталды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 255 отбасыға көп қабатты үйден пәтер берілді. Ал 80 адам коттеджге қол жеткізді. Қоныс той иелеріне пәтер кілтін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев табыс етті. Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтай отырып, аймақта жыл соңына дейін кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын атап өтті. 11 айдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық ...

Жалғасы »

Дәрігерлер мерейі

Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Досжанова атындағы конференц-холда облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлер марапатталды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жиналғандарды облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтады. —  Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында үлкен өзгерістер болды. Әрине, алғашқы жылдары бұл салада қандай қиындықтардың болғанын ардагер дәрігерлер жақсы біледі. Бірақ қазір сол қиындықтардың барлығы артта қалды, алдымызда үлкен ...

Жалғасы »

Жаңарған «Геолог» мәдениет үйі

Жөндеу жүргізіліп, қалпына келтірілген «Геолог» мәдениет үйі Қарғалы селосының тұрғындарына есігін айқара ашты. Осы салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл Мәдениет үйін сонау сексенінші жылдардың басында осында қоныстанған геологиялық экспедиция салып берген еді. Беріректе қалалық мәдениет бөлімі балансына берілген ғимарат қаржы жетіспеушілігінен күйі кете бастады. Бердібек Сапарбаев өз сөзінде село тұрғындары мен ақсақалдарының осы мәселені бірнеше рет көтергенін, ...

Жалғасы »